Archive for Сәуір, 2009
Ерланның мысқылына терең мән бермеген екенмін. Сөйтсем, шынымен де қауіптің бұлты қоюлап келеді. Интернетті реттеу туралы заң жобасын мәжіліс мақұлдады. Егер заң қабылданатын болса, блогтарымыз БАҚ ретінде қарастырылып, оны ресми тіркеуден өткізу керек боламыз. Бұл тек мәселенің бер жағы ғана. Блогтағы әрбір сөзіміз үшін бізді қалаған адам оп-оңай жазаламақ Аталған заңмен келіспейтіндер 13 мамыр 2009 [...]
Өткен аптада Малайзиядағы біраз суреттерімді топтастырып, Picasso-мен слайд шоу жасап, “Жаңаеуразияға” орнатып едім. Бұл жолы Animoto-мен жарты минуттық видео жасап көрдім. Өте қызық дүние екен. Комптағы жиналып қалған суреттерді осылай жинастырып қойғанның айыбы жоқ тәрізді. Бағасын өзің бере жатарсың. Picasso-мен слайд шоу жасау үшін жүктеп алу қажет. Онлайн айналайын суреттеріңмен сол жерден слайд, коллаж жасауға [...]
Көкешім-ау, Қазақстанды жек көретініңді білемін. Бірақ бұныңды Малайзияда жүріп, кім-көрінгенге айғайлап айтқаныңнан не қайыр? Туған анаңнан безгің келсе, өзің біл! Бірақ, Құдай үшін, шетелде жамандамашы. Байдың балалалары шашымды ағартатын шығар… Байғұс ата-ана баласының харам дүниеге тұншығып жүргенін білмейді-ау. Әлде білсе де, білдіртпей ме… Анамыз да Отанымыз тәрізді, бізді үндемей жақсы көреді. Фу, жетпісінші жылдардың романтизмінен [...]
Армандауға қорқатындарды жек көремін. «Өз алдыңа кішкентай мақсат қойма!» дегенді қаншама рет естідім. Адамдар бізге осыны айтқанда: «Шынымен де, көтере алмайтын шоқпарды беліме байлағалы жүргенім жоқ па? Әлде бұл айтылып жүргені жай сөз бе? Асылында солай болар…» деген ойдың жетегінде қаламыз. Мен де ұзақ уақыт бойы солай ойлап жүрдім. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) хадисін оқығаннан кейін [...]
мен – компьютер. мен – Сен. мен – Мен. 7 АДАМ және mail.ru мен facebook туған КҮНіммен құттықтады. Ең болмаса осы күні дүниеге келіп, анам мен әкемді қуантқаныма шүкірлік етемін.
Ертең группаласым Әли (шын есімі Мұхаммед Әлі) еліне, Иеменге кететін болғандықтан шағын дастархан жасаған еді. Әрбір топта бәрінің көңілін көтеріп жүретін жан болады ғой, оның функциясы сол еді. Үйленгелі жатыр. Өткенде қалыңдығы арнайы келіп те кетті. Қызық. “Қызыңды қанша уақыттан бері білесің?” десем, “Анам тауып берді” дейді. Бұл дегеніңіз ол қызын ешқашан көрмеген деген сөз. [...]
Едел-жедел: Қазақстандағы бірінші ислам банкін Алматыда бас пәтерімен ашуға екі айдың ішінде құжаттар тапсырылады. Қазақстан президентінің қатысуымен өткен кеңестің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Алматы Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің төрағасы Аркен Арыстанов осылай мәлімдеді.
Бүгін бір малайлық мұғалім сабақ өткізді. Группамызда үш малайлық қытай бар еді. Тобымызда әртүрлі елден келген студенттер болғандықтан бір-бірімізді еліміздің атымен атау қалыптасып кеткен. Үш қытайлық бала Малайзия азаматы болғанымен, біз үшін қытайлықтар ғой. Десе де мұғалім анық та танық дауыспен бәрімізге қарата: “Біз бәріміз – малайлықтармыз” дегенді шегелеп айтты. Малайзияның тәуелсіздік алғанына жарты ғасырдан [...]
Үйіңе қазақтың кәмпиттерін аман-есен жеткізген боларсың деген ойдамын, Юджиро!








