G-мінезділер!

13126573-avatar1

G-мінез блогшылар арасында сонша қызық  болады деп ойламаппын. Сонымен осы уақытқа дейін Google-мінезін жасырмай жұртқа жария қылғандар:

Ittirlik, Akzere, Nurgisa, Arsenal, Balgyrgan, Bayan, Bekzhan, Arshat

Бастаманы қолдап, әрі қарай жалғастырған (жалғастыратын) блогшыларға алғысымды білдіремін. Бір-бірімізді жақсы тани түскен тәріздіміз :)


  1. Аршат болса, “алақай, мен пәлен блогшының g-мінезін таптым” деп Архимедше “эврикалай” жөнелер ме еді, кім білсін… :)

  2. Иә, Аршат та өз мінезін жасырмас деген үмітім бар.

  3. осы мозаика блогшылардың арасында кәдімгі эстафетаға айналды ғой :) өте қызықты. менікі сіздің алғ.жазбадағы пікірде сілтеме ретінде қалдырылған, өз блогыма жарияламаппын.

  4. balgyrgan

    Шынымды айтсам, коллаждардан қандай мінез байқайтындарыңызды білмеймін… :) “Ап, бәлем сен мынандай екенсің ғой” дейтіндей не көрінеді…

  5. Әлі G-мінезін жарияламағандар бар…, күтеміз :)

  6. Мен де қосылдым..Еріккен екенсіңдер барлықтарың..:))

    Мен де кеше жарты сағатымды жұмсап, тағайындап шықтым..

  7. akzere

    Туф, менің мына суретімді-ай… Скоро араға айналатын шығармын мына түріммен :) )

  8. Беке, жарты сағат уақытыңыз зая кетпеген екен ;)
    Ақзере, шынымды айтсам, маған сенің осы аватараң ұнайды.

  9. Шырайлы Шымқаладан Шота

    Барлық жерде Г-мінез. Шаршадым…

  10. Шәке, бір ауық жүрегіміздің түбіне үңіліп, өз-өзімізге сырттан қарағанда тұрған ештеңе жоқ болар деп ойлаймын. Қайта, сырттан барлық блогтарды бақылап жүрген сарапшы ретінде осы g-мінездерге бір түйінді ой айтсаңыз, қатып кетер еді.
    Біз әлі күнге дейін өзімізді танып бола алмай жатырмыз ;)

  11. Шырайлы Шымқаладан Шота

    Бірінші иттірліктің сайтынан көріп жақсы бастама екен дедім. Ертең жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптайды деп едім, ойлағаным келіп осы сайттан бәрінің г-мінезденіп алғанын көрдім. Негізі жақсы ғой бұндай нәрселер. Баяғының форумдарындағы “Жаңа ғана тіркелдің бе? Өзіңді таныстыр” деген тақырыптарға ұқсайды екен…

  12. 12aikon1986

    Иа керемет бастама екен. Жазуга тырысып корермин




Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s



Follow

Get every new post delivered to your Inbox.

Join 1,201 other followers