Archive for Наурыз, 2009
Earth Hour in Bukit Bintang: Qonaq ui wa Originally uploaded by Asqat Earth Hour in Bukit Bintang: Qonaq ui wamy sonip, jurt mai wam jaqty.
Бес минут уақытыңды бөліп, менімен бірге Букит Бинтаң көшесін аралап қайтуға шақырамын. Бейнеүзікті “Жаңаеуразиядан” да көре аласыз.
G-мінез блогшылар арасында сонша қызық болады деп ойламаппын. Сонымен осы уақытқа дейін Google-мінезін жасырмай жұртқа жария қылғандар: Ittirlik, Akzere, Nurgisa, Arsenal, Balgyrgan, Bayan, Bekzhan, Arshat Бастаманы қолдап, әрі қарай жалғастырған (жалғастыратын) блогшыларға алғысымды білдіремін. Бір-бірімізді жақсы тани түскен тәріздіміз
“Жаңаеуразияда” өткен аптада жарияланан жазбаларға қысқаша шолу жасағанды жөн көрдім. Қазнетке он бес жыл толып, мейл рудың блогтары құрсауланғаны хабарланды. Соңғы деректер бойынша қазір бұл блогтар қайта іске қосылыпты. Елбасымыздың әлемдік валюта енгізу идеясы “марғау елдерді” ұйқысынан оята алмады. Бұл аз дегендей, белгілі журналист Лионнел Лаурент бұл ұсынысқа ашық түрде қарсы шықты. Кремль шалқасынан түсті. [...]
“Өз өзіңді танимысың?” Бұл коллаж-жобаны шетелдік бір досымнан көрдім. Өзім де құрастырып көруге бел байладым. Бар жоғы 10-15 минут уақытым ғана кетті. Бұл қарапайым сурет блогшының кім екенін айғақтайды. Төмендегі сұрақтарға қарап отырып, суреттен оның жауабын табуға болады. Атың кім? Сүйікті фильмің? Сүйікті сусының? Өскенде кім болғың келеді? Қазіргі көңіл-күйің қандай? Бір сөзбен өзіңді қалай [...]
Компьютерде жұмыс істеп отырып, бір затымды алайын деп бөлмеме ұшып барсам, сүйікті сүйкімді кесірткем бөлмемнен зыр жүгіріп қашып барады. Бір кезде жерде төселіп тұрған кілемшенің үстіне тоқтай қалып, онымен бірге сіңісіп кетті. Әзер тапты. Сосын қабырғаға қарай өрмелеп бара жатыр екен. Дереу фотоаппаратымды алып, суретке түсіруге ұмтылдым. Әуелі қашып кетер деп, алыстан түсірдім. Сосын бірте-бірте [...]
Halal Pepsi Originally uploaded by Asqat Halal Pepsi
Қысқа да нұсқа жазайын: Кешке үйімде кесіртке жүгіріп жүргенін көріп, жүрегім тоқтап қала жаздады. Басында жергілікті үлкен тарақан болар деп ойлағанмын. Жақынырақ қарасам, ұзындығы жеті-он сантиметр, түсі сары кесірткенің нақ өзі құйрығымен бұлғаң еткізді де жоғары қарай өрмелеп кетті. Қасымдағыларға айтсам: “Канализационный люкпен келген ғой” деп жайбырақат отыр. Аузым ашылып қалды.
Солай деп шулап жатыр. [ор.тіл]. mail.ru пошталық қызметін ғана анда-санда тұтынатыным болмаса, блогтарын оқи бермеймін. Тек бір танысым ғана намаз уақыттарын ілетін болған соң, блогына жазылған едім. Енді келіп бұл блогты да құрсаулап тастаған екен. Маған Малайзияда бәрі ашылып тұр. ЖЖ-да. Сонда Қазақстанның ішіндегілерге ғана көрінбей тұрғаны ғой. Ендігі кезек, уордпреске келсе не істейміз, ағайын?








