Блог-ризық пен ризық-блог
- Асхат, Сізге!
Бөлменің ар жағынан естілген Кәмшат апайдың даусы маған әлдекімнің қоңырау шалып, линияның ар жағында күтіп тұрғанын білдіреді. Көзім мониторда, құлағым тұтқада.
- Ассалаумағалейкум, тыңдап тұрмын!
- Уағалейкум ассалам, Асхат. Асхат Еркімбайсың ғой?
- Иә.
- Жаңа жылыңмен!
- (?)
- Қытайлардың жаңа жылы екен ғой. Біз өзі жалпақшешей халықпыз ғой. Кеше Сізді қазақ радиосынан тыңдадым. Үш минутта қазақша сайт жасауға болады деген соң хабарласып тұрмын. Телефоныңызды таппай біраз әуреге түстім. Радиодан-ақ телефоныңызды айта салмадыңыз ба?
… Осылайша жұмыс уақытымда маған хабарласқан ата өзінің зейнеткер екенін, мүмкіндік болса блог ашқысы келетінін айтты. Өзі осыдан бірнеше жыл бұрын Оңтүстік Кореяға барып жұмыс істеген екен.
“Істемеген жұмысым жоқ. Құл болдық қой. Біз қазақтар ақшаны шашуды білеміз. Ол жаққа барған соң ұлтшыл болады екенсің. Жіп иірдім, сотканың корпусын шығардық. Істемеген жұмысым жоқ. Сол, айналайын, өзіңнен блогтың жай жапсарын білейін дегенмін ғой”…
Негізі жұмыста көп адамға блог жүргізетінімді айта бермеймін (Бірақ әріптестерім де сол радио-сұхбатты тыңдаған екен
). Сондықтан бейтаныс атаның телефонмен жұмысқа хабарласқанынан іштей қысылсам да, бір есептен өзімнің керек екенімді, мені де іздейтін адам бар екенін біліп қуандым. Зейнеткер атамыздың заманауи үрдістерден бір елі қалғысы келмейтіні қызықтырды. Біраздан соң атаның ризық іздеп, шетелге барғанын ойладым. Аллаһ тағала әркімге ризығын береді ғой. Ұшқан құсқа да. Осы біз ұшып бара жатып, іші аштан бұратылып, көктен топ етіп түскен құсты көрмедік. Торғай екеш торғайда таңертең ұясынан ұшып шығып, балапандарын тамақ әкеп, әрі ұясына жасап ешкімнен ештеңе тартып алмай өз ризығымен күн көреді. Бірақ аштан өлген адамдардың бар екенін білеміз… Сонда бұл қалай? Аллаһ Тағала екі қолы жоқ торғайға берген ризық оның өміріне жеткенде, адамға неге жетпейді екен…









Қаңтар 28, 2009 at 19:12
Асхат сізге телефон соққан көкеге риза болдым. Қазақ тілді интернет аудиториясынң көбейе буруіне тіліктеспіз ғой….
Қаңтар 28, 2009 at 19:13
Суретті тамаша қылыпсыз…
Қаңтар 28, 2009 at 21:50
Иә,бұл сурет маған да көрген беттен ұнады. Бір тақырыпқа сұранып тұр екен
Қаңтар 29, 2009 at 00:31
Асхат, Атаға көмектестің бе? Вордпресстен бір блог ашып беріп қойсай.
Өзі менің жерлесім екен-ғой. Айтып-қой мұнда жақын жерлестеріңізде бар деп
Қаңтар 29, 2009 at 03:42
Көбінесе блог жүргізушілер альтруизмнің адамдары ғой. Ең бастысы қандай мақсатта блог ашпақшы екен… кейін пайдасыз болып, сіз қам жеп қалмайсыз ба?
Қаңтар 29, 2009 at 04:35
Ақзере, қайта сол атамыз ашса бәрімізге мол ақпардың, тағылымның қайнаркөзі болар ма еді… Шетте жүріп, талай соқпақтан кешкен кісінің айтары аз болмас керек… Жанарбектер бар, біз бар, демерміз, қолпаштармыз дегендей
Қаңтар 29, 2009 at 06:18
Біз қазақтар ақшаны шашуды білеміз.
Біз қазақтар ақшаны шашуды білеміз………
Осы сөзді керемет айтыпты. Қайталап айта бергің келеді, шіркін.
Қаңтар 29, 2009 at 14:50
Иә, осы сөзге қандай екпін беріп сөйлегенін білсең ғой. Күні бойы құлағымның түбінен кетпей қойды.
Қаңтар 30, 2009 at 04:13
атачка маладес, осындай жасқа келіп блогпен қызғып жүрген. мен айналамдағыларға инеттің керемет екенін айтып*айтып қойдым. бірақ әйтеуір қозғалы бар
Қаңтар 30, 2009 at 05:44
Айко да маладес! Тек блогын өшіріп тастағаны болмаса. Сонда өзіңде блог жоқ, жұртқа блог баста деп қалай айтасың, Айко?
Қаңтар 30, 2009 at 09:35
Ақпан 1, 2009 at 07:53
Әр блогшы осылай тарата берсе блог туралы болашақта көбейеміз ғой. Аталар қызығып жатса, жастар қайда қарап отыр екен?