Archive for Қаңтар, 2009

Ауылшаруашылығы министрі блогына бірінші болып пікір жазған соң, 1 сағаттан соң министрліктен қоңырау шалғанын айтып едім. Кеше күтпеген жерден министрдің блогына қалдырылған пікіріме жауап жазылғанын көрдім. Министрдің өзі жауап берген тәрізді. Сұрағым: “Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кірген соң ауылдағылардың жағдайы не болады?” деген сарында еді. Көкеміз былай депті: Асхат ықылас-ниетіңізге көп рахмет. Агроөнеркәсіп саласы туралы [...]

Бүгін газет шығатын күн ғой. Редакцияда күні бойы шапқылап жүргенмін. Серғазы АҚШ-тан хат келді деді. Жүрегім дір ете қалды. Бөлмеме келсем, жұмыс үстелімнің үстінде сары конверт томпиып жатыр. Шетелден ешқандай хат күтіп отырмаған едім. Сыртын оқи бастадым. Дір ете түстім. “Жау хатшы” десе бір сәрі, “жауанты хатшы” болып кетіппін. Онсыз да бұл лауазым маған онша [...]

Блог-ризық пен ризық-блог

- Асхат, Сізге! Бөлменің ар жағынан естілген Кәмшат апайдың даусы маған әлдекімнің қоңырау шалып, линияның ар жағында күтіп тұрғанын білдіреді. Көзім мониторда, құлағым тұтқада. – Ассалаумағалейкум, тыңдап тұрмын! – Уағалейкум ассалам, Асхат. Асхат Еркімбайсың ғой? – Иә. – Жаңа жылыңмен! – (?) – Қытайлардың жаңа жылы екен ғой. Біз өзі жалпақшешей халықпыз ғой. Кеше Сізді [...]

Біраз болды. Жұмыстағы техникаға саусағымның  ұшы тиіп кетсе болғаны, дыз етеді. Кәдімгідей тоқ тартады. Компьютерім де, принтер де, ups-те тістейді. Бұрынғы жұмысымда да сондай болатын. Соның жауабын таппай-ақ қойдым. Өзім “күні бойы техниканың ортасында отыратын болған соң электрленіп кетемін бе?” деп топшылаймын. Үстімдегі киімдерім тоқ жинайтындай синтетика емес. Әлде мен киімімді жуып жүрген порошоктың әсері [...]

Премьер Ақпараттандыру агенттігіне және Ақпарат және мәдениет министріне қазақ тілінде интернет-журнал ашуға тапсырма берді. Таңданыстан екі көзі сыртқа қарай шығып тұрған смайлик! Бұндай нәрсені бір күні естимін деп ешқашан ойламаппын. Шынымен виртуалды қазақшаланамыз ба? Енді қазақ тілінің екінші тынысын Тірі журнал (ағыл.Livejournal)  ашатын шығар. Бұрын-соңды қазақ тіліне сонша қамқорлық танытқан министрді көрмеппін ПРЕМЬЕР-ИНТЕРНЕТ-ЖУРНАЛ-ПОРУЧЕНИЕ

Намаз оқып үйренейік

Осы аптаның басында Таулы қырат мешітіне намаз оқуға барғанымызда біздерге осындай бір-бір кітаптан сыйлады. Бір адамға бір ғана кітап беріледі екен. Бұның алдында Құран кітабын да үлестірген. Құрбан айтта “Құрбандыққа” байланысты шағын кітапшалар таратты. Сосын аракідік “Ислам және өркениет” газетін де тегін үлестіреді. Соңғы кітап тегін. Сатуға болмайды екен. Маған бәрінен де ішінде дискісі қоса [...]

Жаңартылды: Әлгінде министрдің блогына пікір қалдырып едім. Жаңа ғана “Министр пікіріңізді оқып алғысын айтып жатыр. Сізді тапсын деген соң, хабарласып отырмыз” деп, ауыл шаруашылығы министрінің баспасөз өкілінен хабарласты. Қызық. Біртүрлі екен Бәлі-і-і-і, деген. Мен сыйлайтын бірден бір министр блог ашты. Мен тұтынатын wordpress блогтұғырында ашқанға ұқсайды. Рас, Ақылбек мырзаға дейiн ауыл тұрмысын ашына сөйлеген тұлға [...]

Барақ Шүркеұлы, Көкжал Барақ (1702-1772) – жоңғар – қалмақ шапқыншылығына қарсы күресте қол бастаған батырлардың бірі. Орта жүздің Найман руының Ергенекті – Көкжарлы аталығынан шыққан. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында дүниеге келген. «Көкжал Барақ» деген атпен Үш жүзге мәшһүр болған тарихи тұлға. Ата-анасынан ерте қалған Барақ, нағашыларының қолында тәрбиеленіп, жылқы баққан. Барақ 16 жасында [...]

Find a mistake – 10

Find a mistake – 9 Originally uploaded by Asqat Find a mistake – 9

Copybook 1.0 us Web 2.0

Блогқа көшкелі бері күнделік жазуды доғарыппын. Өткенде осыдан бес жыл бұрын бастаған күнделігімді қарап шықтым. Содан әр жыл сайын қаңтар айында жазғандарымды парақтадым. Кішкентай болыппын… Кеше сол күнделігімді қайтадан қолға алдым. Бәрібір қолға қалам алып жазғанның әсері басқаша болады екен. 14.01.2005 … Ештеңе жаза алар емеспін. “Озғандарға жету керек, жеткендерден озу керек”. Осы қағиданы ту [...]





Follow

Get every new post delivered to your Inbox.

Join 1,103 other followers