Ескерту: Егер бұл жазба Сізге ұнаса қазақ тіліндегі бір сайтқа дауыс беру керексіз.
Кеше ебіл-дебіл шапқылап жүріп айта алмай қалдым. Біреу білер, біреу білмес 6 айдан бері AWARD.kz байқауы ұймдастырушылардың қатарында жүрмін. Өзі қызық болды. Былтырғы Ауардтың қалай ұйымдастырылғанын бақылаған едім. Мәссағанның бірінші орыннан көріне алмағанына іштей күйініп, бұның себебін де жазған едім. Сол кезде ұйымдастырушыларға: «Сайттарыңыз орысша, тек қана орыс тілінді жұмыс істейсіңдер», – деп біраз сын-ескертпемді айтқанмын. Сол кезде Константиннен: «Білесіз бе, біз қазақша жасайық десек, адам таппай отырмыз. Сіз бізге көмектесіп, аталған олқылықтың бәрін дұрыстасақ қалай болады?» демесі бар ма. Келісе кеттім.
Сөйтіп жаманды-жақсылы сайтты қазақшаладық. Бір қызығы ауардтың қазақша нұсқасында бір техникалық ерекшелік бар. Әдетте екі тілді сайттарда әуелі орысша бет ашылып, оның ішінен қазақша нұсқасын таңдаушы едіңіз ғой. Ауардта олай емес. Сіздің бұның алдында ашқан бетіңіз қазақша болса, автоматты түрде қазақ тіліндегі нұсқаға өтесіз. Ішіндегі біраз құжаттарды аударып-төңкеріп көрдім. Бірақ әлі де болса, жаңа деректер мен суреттерді қалай қондыратынын толық түсінгенім жоқ.
Маған бұл ұжымның жұмыс істеу стилі өте ұнады. Әрқайсы жұмыстан кейін жиналып, мойынына жүктелген істі қалай атқарғаны, қандай қиындық болғанын ортаға жайып салады. Қарап отырсам, олардың әрқайсысы жауапты жұмыста істейді екен. Мәселен, Александр Ляхов, банкте, Костя да солай. Амирет аға Ақпараттық Технология қауымдастығында, т.с.с. Бұған дейін бұлар қазақ тіліндегі сайттарды тек мемлекеттік құрылымдар тарапынан қолдау болу үшін сүйретіп жүр деп түсінетінмін. Сөйтсем бұл жалғыз себеп емес екен. Ұйымдастырушылар қатарына қазақ тілді өзге де мамандарды шақыруға қарсы емес. Қазақ тіліндегі сайттардың олар (қазылар алқасын айтамын) мазмұнына емес, бірінші кезекте техникалық тұрғыдан сауатты да, тартымды болуына мән береді екен.
Қазақ тілінде биыл 219 сайт өтініш берді. Мен қазылар алқасын құрауға себеп болдым.
Кеше осыған орай баспасөз-мәслихатын өткізгенбіз. Айтамын деп үлгермей қалғаным сол ғой. Қызық екен. Бұрын өзім пресс-клубқа барып, төрде отырғандарға сұрақ қобшы едім. Бұл жолы журналистер маған сұрақ қойды. Қазақ спикерлерден мен ғана болдым. Қазақтілді журналистер бірақ саусақпен санарлықтай аз болды. Алматы телеарнасынан келген журналистің сұрақтары ұнады. Әлгінде сайтты қарап отырсам, кешегі баспасөз-мәслихатынан хабар жасапты.
Айтпақшы, Ауардқа қатысып отырған блогшылар да бар. Солардың бірі - Нұрғиса. Қызық қылғанда ол осыдан 1-2 апта бұрын урл мекен-жайын өзгерткен. Бұрын Нұрғиса керек деп іздесек, енді Нұрғиса досым деп іздейтін болдық.
-
1
Кері сілтеме (Pingback) on Nov 19th, 2008 at 20:12
[...] дейін демалатын шығармыз. Биыл мен осы байқаудың ұйымдастыру комитетіне мүше болып, қазақ тілді бөлігіне жауап беретінмін. Мақсатым [...]
-
2
Кері сілтеме (Pingback) on Jan 14th, 2009 at 03:44
[...] құрамына мүше болып, аз-маз “түсінік” жұмыстарын атқарған едім. Нәтиже жаман болмады. Қазақ тіліндегі веб-ресурстар [...]





Қыркүйек 19, 2008 at 11:17
кеше осы жөнінде Экспресс К газетінен оқыған едім. Бірақ сіз туралы айтпады))) Биыл қатысамын деген сайттар қатары жылдағыға қарағанда көбейген дейді ғой. Енді іріктеудің екінші кезеңі басталды ғой, істеріңізге сәттілік тілеймін. Массағанға дауыс беріп едім, Нұрғиса аға да бар екен ғой, міндетті түрде дауыс беремін. Жоғарыда өзіңіз айтқан талаптарды есепке ала отырып, іріктеу жүргізесіздер ме?
Қыркүйек 19, 2008 at 11:41
Жаннұр, айтпағандары түсінікті де шығар. Мен қазақша сөйледім. Оны тек екі журналист қана түсінді ғой деймін.
Мен ешқандай да таңдау, іріктеу процесіне араласпаймын. Тек ұйымдастыру жұмысында жүрмін. Қазылар алқасының жұмысы енді басталады.
Қыркүйек 19, 2008 at 12:06
kazak saittaryna adam dauys bermei ma?
massagan.com 136 dauyspen birinshi orynga talasty ma halykbankpen???
tusinbedim eshteme
Қыркүйек 21, 2008 at 05:46
Жанболат, былтыр сондай оқиға болған. Биыл қайталанбасын деп, өзім басы-қасында жүргенді жөн көрдім. Сөйтсем, қазылар алқасы сайттың тіліне емес, бірінші кезекте техникалық жағын бағалайды екен. Қайталап айтамын, мен тек ұйымдастырушылар қатарындамын. Қазылардың дауысына еш әсер ете алмаймын. Жәке, сайтыңызы бәйгеге қатыстырып па едің?
Қыркүйек 22, 2008 at 03:10
Қара костюм, қара шалбар… Аналар да қызық екен, кілең ашық түстес киіс киіп келген… Өздерінен көрсін
))
Қыркүйек 22, 2008 at 10:38
Иә, соны айтамын да… Неге біз олар тәрізді киінуіміз керек
Қыркүйек 23, 2008 at 04:27
Сіз ұйымдастырушалар қатарында боп жатсаңыз,
онда Құдай қаласа келесі жылы бір сайтты бәйгеге салу керек
Қыркүйек 23, 2008 at 05:00
Иә, қатыстырып көр. Байқаудың басты мақсаты жеңу емес, байқау ғой
Бірақ жеңіп жатсаң ол да жақсы