1. Алғаш рет сақал-мұрт енді-енді тебіндеп өсіп келе жатқан соң, еркіне қойғаным бар. Содан бір күні автобуста қыздар орын беріп, кітап дүкенінде екі қыз бала: “Молда келе жатыр”, – деп әңгімелерін сап тыйғаны бар. “Е-е, молданың танго мен ча-чаны қалай билейтінін көрмеген ғой олар”, – деймін қазір ішімнен
2. 2006 жылдың 11-қыркүйегенде Нью-Йоркқа барғанымда сақтық шаралары үшін сақалымды қырып баруға тура келді. Біздікі енді белуардан келетін сақал емес. Әйтеуір Аллаһ тағала ерекшелік етіп жаратқан соң, бет-жүзімізді сәндегеніміз ғой. Біздікін дін тұрғысынан өсірілген сақал деуге де келмейді. Сөйтсем, АҚШ-та небір қаба сақалдылар, ақ сақалдылар, шошақ сақалдылар, қырма сақалдылар өріп жүр екен.
3. Әдеттте пресс-конференцияда операторлар залдағы журналистерді түсіретіні бар. Содан сақалды басымен отырған мені түсіріп, кейін оны бір жаңалықтардың арасында жылт етіп көрсетіпті. Бұны көрген туған-туыс әкеме: “Сенің Алматыдағы ұлың бір сектаға кіріп кетіпті” деп шуласа керек. Тіпті өз араларында жиналыс та өткізіпті. Әкеме телефон шалып, мән-жайды түсіндіруге тура келді. Қызық қылғанда, бір журнал кейін менің суретімді “террорист” тақырыбындағы бір мақала үшін пайдаланыпты.
4. Астыңғы үйде тұратын көршім әлі күнге дейін мені “экстремит, террорист” деп ойлайды. Бұған дейін болған тұрғындар көп шу шығарып маза бемеген екен. Содан біздің тып-тыныш өмірімізден күдіктенген ол үйімізге арнайы тексеріп келген. “Қандай сектасыңдар? КНБ шақырамыз”, – деп қорқытып кеткен. Құдай-ау, Ленинге неге тиіспейді бұлар?
5. Сақалдың нәтижесінде көпшілік адамды сыртқы келбетіне қарап сыйлайтынын анық түсіндім. Сақалы болса, иманы артық тұр деп есептейді. Ондай ойда жүргендерге бес саусақ бірдей емес дегім келеді.





Қыркүйек 2, 2008 at 11:14
Қыркүйек 2, 2008 at 11:16
Кімге қызық, кімге шыжық
Қыркүйек 2, 2008 at 11:43
“Молда келе жатыр” менде қатты қорқам шыны керек. не тока қорқу, проста молданы сыйла деген мамның айтуы шығар. жастар арасында қаз бар ғо. бірақ онда да қатты именемін автобуста көріп қалсам. кейде ашық киінген кезде көрсем әр жағымды бір тартып, бер жағымды бір тартып кетем
“Қандай сектасыңдар? КНБ шақырамыз”, – деп қорқытып кеткен.
)))))))
. ал тақырбас идея, жай шашым көп түсіп атқан соң ойға келе қалғаны шығар…
аха бізде қаз қалада сондай түсініктер белең алуда. маған шын керек критика андай мұндайы керек емес. басында менде қатты сеніп, олай болмау керек дейтін едім. қаз мейлі, қыздары неге тақыр бас болып жүрмейді екен деген ойға қалам… мұндағым ешкімді ешкім сөгуге қақысы жоқ қой
5 пункті керемет жазыпсыз. мені дәл жазғансыз-ау шамасы. шын ғо. баяғыда көрші түрік ауылдары бәрі сондай сақалды жүруші еді. қаз ойлаймын да. шетінен бәрі молда еместері де бар ғо. неге жаңсық түсінік деп…
Қыркүйек 2, 2008 at 11:53
Сен тәрізді қысылып, қымтырылып ұялған қыздарды көрсем ішім жылып сала береді. Ұят иманнан деген ғой. Жақсы тәрбие берген Анаңа Аллаһ разы болсын!
Қыркүйек 2, 2008 at 13:18
Мақал да, сақал да жақсы, айналайындар. Сақал, сақалдыдан бата ал
Суреттегі галстугың әдемі екен. Көйлегіңнің соңғы түймесін ағытқан сияқтысың ғой, ия?
Сен ана суретіңді қазитке шығарғандардан барып… гонорар сұрамадың ба шығарылған суретің үшін?
)) Үйдегілерге айтпай өсірсең, жаңағыдай боласың, ал керек болса…
Ауылда жорамалшылар көп қой, “әәә, сақалын өсірсе анандай нелермен ауыз жаласып кеткен де” деп пал ашатын… Қазақстан әлем біріншілігіне жолдама ап жатса осы сақалыңды қырып тастаймын деп уәде берші қырсыққанда
))
Қыркүйек 2, 2008 at 16:48
Шынымен де, сақалда тұрған не бар? Мысалы, Нұрғиса, Еркін немесе Айко сақал өсірсе де, өсірмесе де маған бәрібір, шынымды айтсам.
Қыркүйек 2, 2008 at 17:19
Күлкі арсыз-ау шынымен-ақ…
Енді қазақы клипарттар осылай қат бола беретін болса, Асеке, әлі де талай лаңкестік тақырыптардың, Алдар көселердің эпизодтағы болса да кейіпкері болатыныңа сенімдімін
Қыркүйек 3, 2008 at 04:02
танго мен ча-чаны керемет билейсіз бе? қандай күчт.
мына сүретте онша сақал көріп тұрғаным жоқ қой. әлде қаз имиджиниз өзгерген бе…
Русланннн жынд десе қыздарда сақал болмайд ғо
))
Қыркүйек 3, 2008 at 04:45
Айко, сол кішкентай сақал үшін сөз естіп жүр емеспін бе? Ал танго мен чачаны, румбаны, вальсты мектепте “хореография” деген сабақта үйретіп еді. Үлгілі оқушы болған соң, ол сабақтан да бес алу керек болатын. Қазір билемеймін. Бірақ бишілердің анау-мынау қатесін аңғарып қаламын.
Әйтпесе сотқа да беруге болатын іс қой. Марченко кезінде сондай бір уәде берген екен.
Техносиндром, содан қауіптеніп қазір суретке өте сирек түсетін болып жүрмін. Әдетте “прическам онша емес” деп сытылып кетуге тырысамын.
Руслан, Айко сақал өсірсе маған бәрібір болмас еді. Өзің сақал жіберу туралы ойланып көрмедің бе?
Нұрғиса, сақалымды саудалағым келмеді
Тағы бір анек айтайын. Бірте жұмыстан кештеу шыққан соң, үйге дейін такси ұстадым. Бір жас жігіт тоқтады. Отыра салғаным сол еді: “Намаз оқисыз ба?” дейді. “Иә” дедім. Жұмыстан шаршап шыққан бетім еді. Содан ол әмірлі даусымен “Уағыз айт!” демесі бар ма. Мұнша зілді шыққан дауыстан біртүрлі шошып қалдым. Содан хал-қадірімше Аллаһтың бірлігін жеткізуге тырыстым. Сөйтсем, таяуда ғана қарындасы қайтыс болған екен. Уағызға әсерленді ме, әлде басқа нәрсе себеп болды ма соңында берген ақшамды алмай тегін жеткізіп салған. Мен оған “Бұл сенің ақың. Оны жеуге қақым жоқ!” десем де болмады. Қазір көшеде такси ұстағанда сол таксист бала есіме түсе береді. Жұмада намазға барып тұрамын деп еді. Биыл ол да ауыз бекіткен болар. Иа, Аллаһ, тура жолдан адастыра көрме!
Қырқып қой: Екі адам пікір білдірген соң тағы бір анек айтамын, ИншАллаһ!
Қыркүйек 3, 2008 at 05:02
Жалпы жарасып тұрса жігіттерге сақал өсіргеніне қарсы емеспін. Бірақ кейбіреулері бар ғой жарассын, жараспасын, жібере салатын. Сондайларға жыным ұстайды.
Жалпы сақал өсірген немесе ақ тақия киіп алғандардың бәрін иманды деуден баяғыдан аулақпын. 5 саусақ бірдей емес, шынымен-ақ…
Қыркүйек 3, 2008 at 06:13
так-с…
))
меніңше бәрі өз уақытымен, жас келе өсіруге болады ғой… жап-жас болып сақал жібергендерді түсінбеймін…
әнек в студию пожалуйста
Қыркүйек 3, 2008 at 06:51
Ақзере, менің ойымша адам сенімі бойынша өсірген болса, оған де түсіністікпен қарау керек тәрізді. Қанша дегенмін сенім ғой.
Балдырған, жұрттың көбісінің үркетіні де содан ғой. Бірақ діни құлшылық жас талғамайтынын ескеру керек.
Сонымен анек.
Менің үйім Сайын көшесінің бойында. Әдетте көшеде жүргенде көз әйнегімді кимеймін. Сондықтан кісінің түрін тек жақындағанда барып қана анық көремін. Бірде Сайынмен көтеріліп келе жатыр едім, бір топ қыз-жігіт тұр екен. Бір кезде арасынан біреуі бөлініп шықты да маған қарап күлімдеді. Алыстан күлімдеп тұрған соң таныс біреу болар деген оймен, мен де сол қызды бетке алып жүрдім. Әйтеуір қазақ қыз екені анық, әдеміше киініпті. Қасына таяна бере мүлдем танымайтын қыз екенін білдім. Десе де мүмкін мені таныр деп есендестім. Сол кезде барып жүрегім су етіп, бұның қандай қыз екені тарс есіме түсті. Әйтеуір бірдеңе дегені есімде, әрі қарайғысын білмеймін. Есімді подъезге келген соң әзер жидым. Шамасы “Жігіт, жұмыс істейміз!” деді ғой деймін. Сақалыма да қарамады, салдақы!
Қыркүйек 3, 2008 at 09:24
Айко, пағдон.
Асеке, былай баптап өсірмеппін, жиі-жиі жарты жыл сайын қырып тастап тұрамын, сенің сақалың красавчик қой. Өзің де
Қыркүйек 3, 2008 at 10:07
Салта, негізі жарасқан адамға мейлі ғо. кейбір адамдарға шынмен зер салып қаламын. себебі. шошайып атачкалардың сақалы сияқтанып тұрады(аузынжауыпкүлкісікелген смайк). ал мына суретте Өрімталға жарасып тұрған сияқты.(басбармағынкөрсетіптұрған смайк)
әнек дегенге соңғысын оқып қалсам ма-ма(аузынашыптұрған смайк) бірақ соңғы сөзіңізге ғана күлкім келді. қалғаны өкінішті жағдай екен.
менде со жерде(толеби/сайнда) 5 жыл тұрғам. толебиден бері абайға баратын жолда кешке траспорт күтіп тұрсаң жыныңды шығаратын еді.
сосын таксилерге алдын-ала сақтанып толеби кошеси деуши едим
.
Асхат мырза сізде әнек деп жазатын бовсыз ғо.
Қыркүйек 3, 2008 at 17:12
хех)))әнектеріңіз күшті
Қыркүйек 4, 2008 at 04:14
Айко, Әлия, көп рахмет!
Руслан, егер мұсылмандар не себепті сақал жіберетінін білсе, онда Періштелерді жақсы көретіндердің сақалды адамдарға деген қызғанышы оянатын шығар.
Қыркүйек 5, 2008 at 07:36
осы адамдарда истейтн жумыс жок кой дейм, биреуди андып КНБ шакыртам бален тугилен!!
ой айтпа ауылда жиналыс дегенде есиме тусти ауылда гой телевизорда айтты дейди гой бирдеме десен ТВда айтты ма битти ол акикат:) негизи сауатты хабарлар жоктые касы адамдарга урей тудыратын хабарлар онкей.
ана Фаренгейтти карап па единдер,толык карамадым бирак бир жеи есимде капты, тероризм анау мынау деп адамдарда урей тудыру басты максат, себеби урейленген халыкты баскару онай, примерно осындай магынада бир ой айтылып еди, шынымен халыктын ойын манызды маселелерден буриып актеуди саяси куйтыркы акт
Қыркүйек 5, 2008 at 08:29
Келісемін, Көңілашар! Адамдар дұрыс мәліметпен қаруланбаған соң қорқады.
Қыркүйек 5, 2008 at 12:41
сақалдан қорлық көрушілердің бірімін. 2 күн қырынбасам азып кетемін. жұрт тым жақсы жүреді 1 айда немесе 1 аптада 1 рет қырынып…
Асеке, жұрт неге шошиды? сенікі ондай қатты қою сақал емес қой?..
Қыркүйек 7, 2008 at 08:05
Серік Мақұлбекұлының мына өлеңін оқып көрсеңіздер, біраз білім жинап қалар едіңіздер:
Сенің шайтан көзіңе,
Сұмпай болып көрінген,
Сақалымда не кінә?
«Көсені үйге кіргізбе,
Дүмін жерге тигізбе»,
Деп айтатын аталар
Мақалында не кінә?
Орамалын байлаған,
Жайнамазын сайлаған,
Қарындастан үркесің,
Тікен тілмен түртесің.
Құранды ұқпас саңырау,
Хадистерге жаны жау,
Ездігіңнің белгісі,
Өз дініңді танымау.
Сайтан айтса – сенесің,
Айтақтаса – ересің.
Көрді-жерді тересің,
Көкіректі кересің.
Сөзіңе айтқан тіріңде,
Қияметтің күнінде,
Қайтіп жауап бересің?
Шошымайсың көргенде,
Кемпір беті сымпиған,
Коньяк ішіп, сылқиған,
Колбоса жеп тыңқиған,
Қыз-келіншек дегенде,
Жылмаң қағып жыртиған,
Ұяты жоқ шалдарды.
Жетпіске жасы таяған,
Намазхандарды «аяған»,
Қастарын теріп тауысып,
Қаламмен орнын бояған.
Парик киіп басына,
Итін ерткен қасына,
Кемпірлерді көрсең де,
Қарамайсың шошына.
Мұсылмандығың осы ма?
Көрінген төсі көйлектен,
Кіндігін ашқан бойжеткен.
Етегін тіліп шыққанда,
Айта алмайсың-ау «қой» деп сен.
Әйелдің көріп сайқалын,
Еркектің көріп сойқанын,
Қозбайды неге сайтаның?
Осыны ойлап байқағын.
Алдына хақтың барғанда,
Болуы керек айтарың.
Қыркүйек 7, 2008 at 10:10
Аршат, соның өзі жұртты үркітетінін қайтарсің…
Керемет өлең екен. Рахмет.
Жомарт аға, өлеңді принтерден басып шығарып, көршімнің есігіне іліп кетсем, шариғатқа қарсы амал еткен болмаймын ба?
Қыркүйек 8, 2008 at 02:51
Одан ештеме де өзгермейтін шығар. Керісінше, оныңызды “есі ауысқандық” деп бағалауы да ғажап емес. Біреуге бір нәрсе дәлелдеп болмайтын заманда өмір сүріп жатырмыз ғой, сабыр етіп, төзімділік танытудан артық тәсілі жоқ-ау деймін осының.
Қыркүйек 8, 2008 at 04:38
Әрине. Көргі ақысы – Тәңір һақысы деп білеміз. Іштен тынып жүрген жайымыз бар. Көршіміз үшін Сіздер де дұға қылып қойыңыздар. Аллаһ Тағала Сіздердің де, менің де көршімді тура жолға салсын!
Қыркүйек 15, 2008 at 04:22
Б1р ретте теледидарда Бекболат Т1леуханга алдек1мдер сакалы туралы сураганда айтып ед1: “Мурт мысыкта да бар, ал сакал ол мусылманга тан нарсе, Алла нас1п еткен” сыкылды адем1 создер1н келт1рген ед1. Кон1л ашар куа, былтыр жазда Астана меш1т1нде болган тойшы кауымнан адем1 койылган сакалы бар аганы кор1п тан-тамаша болганымыз бар…Коя б1лген адамга ол да б1р кор1к берет1н дуние.
Қазан 24, 2008 at 05:43
бірінші рет оқып жатырмын мынаны……….
3, 4 пункттердегі нәрселер мәсқара ғой…
менің жеке ойым:
ондай нәрселер туындаса,
сақалды алып тастаған дұрыс деп ойлаймын
Қазан 24, 2008 at 11:54
Жанболат-ау, сақал дейтін сақал да жоқ. Суреттен де көріп отырсың ғой. Осы ер балалар сырға тағып, шаштарын өсіріп жатса жұрт үндемейді ғой. Біз азғындыққа төзгенде, мұсылманшылықта берік бола алмаймыз ба?
Қазан 27, 2008 at 09:25
аға,
мұнда басқа да мәселе бар ғой…
ислам атына кір келтірілуіне себеп боп жатсақ, қасарысудың керек жоқ деп ойлаймын олармен
Ақпан 10, 2009 at 10:09
Шынымды айтсам, менде де сақалы бар жас адамдарға деген стереотип бар. Бірақ ешқашан өзіме адамнын сырт келбетіне қарап асығыс пікір жасатуға берген емеспін.
Ақпан 10, 2009 at 10:50
Түсінемін, Аселек! Бірақ бірте-бірте адамдардың санасы да, көзқарасы да өзгерер.
Ақпан 10, 2009 at 11:16
Аселек-Василек )))
Екі сөйлемің бір-біріне қарама-қайшы екен.