Үшаралда тұратын Сымбаттың анасына хабарластық. Қамыққан ана құқық қорғау орындарынан еш қайыр болмай жатқанын айтып мұңайды. Сағы сынып, тауы шағылған байғұс шеше жергілікті аудан басшылары жедел жиын өткізіп, жауыздықты бүркемелеуге қолында үлкенді-кішілі билігі бар адамдарға «бұйрық» бергенін жеткізді бізге. Тіпті жаз ортасында мектепте шұғыл жиналыс өткен. Онда беттестіру кезінде ешкімнің ши шығармауы қадағаланыпты. 9-сынып оқушылары да осы бағытта қатаң тапсырма алған сыңайлы. Сондықтан болар, партада болған жауыздыққа қатысты тергеу қорытындысының «іс дәлелсіз» деп аяқталғаны. Бұған наразылық танытқан Сымбаттың ата-анасы істі қайта тергеуге өтініш берді. Ал біз істің мән-жайын тергеушінің өз аузынан есту үшін оған бірнеше рет хабарласып көрдік. Тілдесу мүмкін болмады. Қалай да оқырманды осы істің барысы туралы хабардар етіп тұруға сендіреміз.
“Жас қазақ”, №33.





Тамыз 26, 2008 at 10:57
қап
((