No energy in Almaty Almaty qarangylyq qu

Originally uploaded by Asqat

updated: after 20 minutes situation is stabilized. :)

No energy in Almaty. Алматы қараңғылық құшағында. Масқара! Бағдаршамдар өшті. Жолда көліктер кептепліп қалды (суретте). Дауыл тұрып, найзағай жарқылдап тұр. Жарық қашан қосылары белгісіз. Шамасы бір станция істен шыққан-ау… Полиция келді.

Қараңғыда отырған қиын екен. Бір сәтке өзіміздің қаншалықты әлсіз екенімізді сезіндік. Қазір жарық қосылды. Әлі де жаңбыр себелеп, найзағай ойнап тұр. Қараңғыда отырып Алматының апатты жағдайларға қаншалықты әзір екенін ойладым. Суретте жолда кептеліп қалған көліктер тұр. Үйдің балконынан түсірген едім. Қайта полиция шапшаң қимылдап, тез келді. Егер жарық 2-3 сағатқа созылғандай болса, қазіргідей экономикалық дағдарыс уақытында ұрлық-қарлықтың да қаулап кетуі мүмкін еді. Аллаһ ақырзаман бүлігінен сақтасын!!!


  1. Кыргызстанда каттыдауыл болып содан ошип калган дейди гой!

  2. Бәлкім.
    Барлық жерде жарық өшпепті. Жаңа білдім. Мәселен, Момышұлының бойындағы үйлерде мұздай судың қысымы төмендеп, сол сәтте су болмай қалған екен. Қазір ресми ақпараттарды қарап отырмын.

  3. Жарық дүниенің жарығына зар болған адамдар…

  4. Жұмыста да осы әңгіме талқыланып жатыр. Жол бойында соқтығысып қалған көліктер көп көрінеді. Әрі дауылдан ағаштар құлап, екі Жанар жағар май станциясы істен шыққан екен. Бұл әлі нақтыланбаған деректер.

  5. 666aiko999

    үлкендер жағы емес, қараңғыдан 2 айлық балада қорқады екен. Жаңа туылған інім қорқып жылап. Мен айтамда адамзат қатты дамып кеткен екен деп. Бұрындары свет жарығы болмағанда ата-бабаларымыз қалай өмір сүрді екен?! паник болып кетті. Бір қызығы Гюмюшті көріп атқан апайым дереу ТВ қосып еді каналдар жоқ. Телевищкадан өшірсе керек. очм мен ерте жаттым :)

  6. balgyrgan

    біз жақта (Алматының солтүстігі) электр желісіндегі кернеу жоғары-төмен жүгіргені болмаса бәрі тыныш болды!

  7. Асхат-ау, Асхат. біздің ауылда көше фонарьлары тапа-тал түсте жанып тұра береді. осы бүгін көріп сенің постың есіме түсті ғой.

  8. Біреу бағанның жарығын өшіруді ұмытып кеткен шығар. Десе де сол фонарлар блогымды еске түсіргеніне қуаныштымын.




Leave a Comment