Жаңаеуразияда өткен аптада төмендегідей жазбалар жарияланды.
1. Аймақтағы жас журналистердің ІІІ форумы – Қостанай қаласында өткен форумды облыстық әкімдік пен ҮЕҰ бірлесіп ұйымдастырды. Қостанай өңірінің журналистері қазақ тілінде блог жүргізудің жай-жапсарымен, сарапатамалық мақала жазудың әдістерімен танысты. (Бейнеүзік)
2. АҚШ конгресмендері Нұрсұлтан Назарбаевқа «Нобель» сыйлығын беру мәселесін қайыра көтерді – атты жазбаға пікір қалдырушылардың барлығы қазақ басшысына Нобель сыйлығының берілуін құптауда. Нұрғиса Ассылбеков: “Нұрекен алатындай еңбек сіңірді” деп санайды.
3. Шетелдіктер Астана туралы не ойлайды? – Астананың 10 жылдық мерейтойынан кейін шетелдік басылымдарға жасалған шолуда шетелдік журналист Астана мейрамы арқылы қазақ билігі халықты қазақтандыру саясатын тиімді жүргізді деген қорытындыға келген.
4. Астананың 10 жылдығына Боратты шақырту керек еді – ал американдықтар болса, Астана мейрамына Уитни Хьюстонды қандай ақшаға шақыртқанан әрі әдемі ғимараттардың қандай ақшаға салынғанын талқылауда.
5. Қазақтың екінші астанасына деген сағыныш – Ербол есімді қызылордалық өрен өзінің туған жеріне деген махаббатын баяндайды.





No Comments Yet