1. Қазақ Ислам Банктері заңнамалық өзгерістерді күтуде Әлһамдулиллаһ! Аллаһ жазса, жылдың соңына қарай мұсылмандар халал жолмен өз қаржыларын банкке салып, бизнес жүргізіп, пәтер ала алатын болады.
2. Қазақстандағы американдық мұғалімнің жалақысы $ 2000. деген хабарға Айкодан басқа елең еткен ешкім болмады. Жазбада қазақ мұғалімдерінің жалақысы $ 200 доллары маңайында болып тұрғанда, шетелдік оқытушылар ағылшын тілін үйретіп айына $ 2000 доллар табатыны жазылған.
3. Қазақ мұнайынан байып жатқан шетелдіктер мазасыздана бастады – шетелдік басылымдарға шолу жасай отырып, Батыс мұнай компанияларының қазба байлықтарын өздеріне қайтарып алуы мүмкін деген күдіктерін білдіруде.
4. Оралман-студенттер арасында 120 000 теңге мөлшеріндегі байқау – «Сеймар» әлеуметтік қоры оралман студенттер арасында байқау жариялайды. Байқау шарттары өте қарапайым, жеңімпаздар $ 1000 доллары көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болып, өз оқуларының ақшасын төлей алады.
5. Үнхабар: “Сырласу клубы” ток-шоуы – “Medianet” Халықаралық журналистика орталығының түлектері өздерінің алғашқы Сырласу клубы атты ток-шоуларында ана мен қызы арасындағы түсінбестіктің сырына үңілуге тырысыпты. Белгілі блогшы Әлия Сембай аталған үнхабарды тыңдап:
«Қыздардың дауысы өте әдемі екен. Тамаша хабар дайындапты, сәл-пәл жасандылық болмаса…»
деп өз пікірін қалдырды.





Маусым 30, 2008 at 08:38
белгілі блогшы дейсіз бе:))))жай пікір білдіргенім ғой.
Маусым 30, 2008 at 11:04
Ойбу алдындағы есімі мәшһр деген сөз түсіп қалыпты ғой…
Енді блогшылардың ұңғыл-шұңғыл зерттеп жүрген адам белгілі болмағанда, кім белгілі болсын?