Толықтырылған нұсқа:
Былтыр дәл осы уақыттарда осы үйге қоныстанған едік. Сол кездегі пәтер іздегенімді мына жерге жазып қойып едім. Міне енді бүгіннен қалмай, көшу керек болып жатыр. Кешке үйге келсем, үйдің іші астан-кестен… Көшу дегенді жаным сүймейді.
Медианеттегі студенттер хат жазды ма екен деп (блог ашып, пошта ашсақ хат жазамыз деген) ию-қию уақыт ішінде пошта қарап отыр едім, блогтарымыздың дұрыс ашылмай жатқанын оқыдым. Әйтеуір техника деген бір сынақ қой. Бірде былай, бірде олай. Ондай-мұндай хан қызында да болады емес пе? Содан, блогқа кірсем: “Бәріңе ХОП!” деген Айконың блогына кезіктім. Көңілім көтеріліп сала берді.
Қой. Осы жерден әзірге доғарайын. Көшу керек, жігіттер-қыздар.
Жаңаланды: Аман-есен жаңа бір пәтерге көштік. Көлігімен жәрдемдескен жігіттерге рахмет. Алматыға алғаш рет 2 жол дорбамен келіп едім. Бүгін жеңіл көлікпен 8 рейс жасауға тура келді. Дүние деген қолдың кірі ғой. Қалай ғана жиналып қалғанын білмей қаласың. Осы уақытқа дейін жазбаны қай бөлмеде отырып жазып келгенімді көргің келсе, суреті MobileBlog та!
-
1
Кері сілтеме (Pingback) on Feb 9th, 2009 at 06:52
[...] келгенбіз. Қазір бұның құны 75 мың теңге болды. Енді жаңа пәтер іздеу үстіндеміз… Ұсыныстарың бар ма? 3 [...]





Мамыр 31, 2008 at 05:14
:/
Маусым 1, 2008 at 05:59
Ортақтасқаныңа рахмет, Нұргелді!
Маусым 1, 2008 at 13:47
Jana qonys qutty bolsin!
Маусым 2, 2008 at 05:51
Кедей болсаң көшіп көр… Сегіз дорба толған кітап шығар, Асеке?
Маусым 2, 2008 at 06:13
иә сол кітап қой…. тастауға қимай жүрген қағаз-қалам т.с.с.
Маусым 2, 2008 at 09:01
Анау бір әннің римейкі есіме неге түсе береді:
“Ертеде де кеште, мен көшсем, сен көшпе, ааармаааныыыыммм” деген… Жарайды, әйтеуір жаңа шаңыраққа қоныстанып алғандарың қандай жақсы болған. Көре көре көсем, көше көше номад боласың деген…
Маусым 2, 2008 at 12:57
Ағай!Сіздің мақалаңызды оқыдым,бізге немқұрайлы қарамағаныңызға рахмет!Биік белестерден көріне берініз!
Маусым 2, 2008 at 15:45
Adaikyz, tilegine rahmet.
Маусым 3, 2008 at 02:25
Жаңа қоныстарың қалай, жайлы ма? Бұрынғыға қарағанда жақсы шығар?
Маусым 16, 2008 at 05:40
Konystarynyz kutty bolsyn.