Әділбектің блогындағы “туған күн бе, қуған күн бе” деген жазбаны оқыған боларсың.

Пайғамбарымыз (с.а.у):
“Аллаһ Тағала айтты:
Иә Адам баласы, сен Менен үмітіңді үзбей
кешірім сұрап жүрсең Мен де сенің күнәләріңнің аз-көбіне қарамай кешіріп отырамын!
Иә Адам баласы, егер сен аспандағы бұлттарға жететін күнә жасап, одан кейін Менен кешірім сұрасаң, Мен сені кешіремін!
Иә Адам баласы, расында, егер сен сонша күнә жасасаң, ол күнәңнің көлемі бүкіл жерді жабатындай болса (қаптаса), бірақ Менің алдыма Маған ешкімді ортақ қоспай* келсең, Мен саған әлбетте сол күнәләріңді жабатын кешірім сыйлаймын.

(Әнастан Имам Тирмизи риуаят етті)

* Яғни, Аллаһтан басқа ешкімді Құдай деп
санамай, ешкімге құлшылық етпей.

Дереккөзі


Leave a Comment