Бір шешімге келе алмай қиналып жүр едім, бүгін электронды сандығыма мынадай хадис келіп түсті:
“Қайбір уақытта Аллаһтың елшісіне (с.а.у)
екі іс ұсынылған болса ол әрдайым күнәсі болмаса жеңілін қалайтын, ал егер оның күнәсі болса, онда ол адамдардың ішіндегі одан ең алшақтаушысы болатын. Аллаһтың елшісі (с.а.у) өзі үшін еш уақытта кек алмайтын, ал егер Аллаһ Тағаланың харам еткен нәрселері орындалса, онда ол Аллаһ Тағала үшін кек алатын.”
(Айшадан (р.а) Имам Бухари,
Имам Муслим риуаят етті)
Э-поштаңызға хадистердің келуін қаласаңыз,
мына адресті оларға жіберіңіз:
http://www.rasulullah.kz/join.html

Мамыр 9, 2008 at 7:50 тк
осы хадистердің э-почтаға таратылуы керемет,
Алла разы болсын ұйымдастырушыларға.
өйткені әр дайым почтаңды ашқанда хат келіп тұрады