Кеше кездестік. Блог туралы сұхбаттасттық. Ауа райы мен интернет бағасының құбылуына қарамастан Интернеттің қазақ тілді бөлігіне алаңдайтын жандардың бірі екені анық көрінді.
Қызық… Осыдан санаулы ай бұрын тек блогын ғана оқып: “Қандай адам, тілі неткен әдемі”, – деп отырушы едім. Енді міне қарсы алдымда отыр. Алматыдағы қым-қуыт шаруаларының арасынан бірер сағатын менімен кездесуге арнапты. Респект!
Адамдармен кездесуге барғанда мына тақырыпта сөйлесемін, мынаны сұраймын деп нақтылап алатының болады да, дәл сол кісімен кездескенде басқа тақырыпта әңгімелесіп, әлгі сұрағың тасада қалатыны болады. Сондай бір сұрағымды сұрай алмай қалдым деп, жолда ойланып келдім. Кәсіби аудармашы ретінде “Блогшы” дегеніміз жөн бе, әлде “блоггер” ме? Біріміз блогшы, енді біріміз блоггер деп жүрміз.





Мамыр 7, 2008 at 03:09
Асеке, меніңше тілдік норма мен сөзжасам ережелері бойынша екеуі де келіңкірейтін тәрізді. Әлбетте, “блог жүргізуші” деп тіркесті түрде сытылудың да ыңғайын қарастыруға болатын шығар, бірақ осы “блогшы” деген рецепторлық аппараттармен дұрыс қабылданады ма деп ойлап отырмын.
“Венециядағы Қазақстаннан сенің сыбағаң” және “Венецияны дүркіреткен қазақ блогшылар” деген әңгіме осыдан барып өрши түсе ме деп қорқып отырмын және.
Мамыр 7, 2008 at 03:57
Венецияда (Абай мен Достық қиылысында)әлі талай кездесіп, “Қазақстанның” (пиццаның аты) дәмін татармыз д.о.
Блогшылардың кездесуіне шынымен де қолайлы жер екен. Ішінде интернет-кафесі де бар.
Мамыр 7, 2008 at 04:33
Nurgisa alasa jerde tursyn ba?
Мамыр 7, 2008 at 04:46
Мамыр 7, 2008 at 08:49
Rahmet jauabyna!
Мамыр 7, 2008 at 11:26
сонмен не болды “блогшы” ма “блогер” ма?
пыроста визитка жасайын деп едім өзіме.
не деп жазсам екен а?
Мамыр 7, 2008 at 18:02
Меніңше, “блоггер” болып қала берсе қалай болады. Кейде сөздерді аударамыз деп тым сүмірейтіп жібереміз, “спортсменді” “спортшы”, “журналист” “журналшы” деген секілді.
Мамыр 8, 2008 at 01:57
Aiko: sen kommentatorsyn!
Мамыр 8, 2008 at 03:08
Бақытнұр базар жоқ бала екенсің
жақында “БЛОГЕР” болам ба деген дәме ғой, қағазды құрта бермей бірақ жасағалы отр дачы
Мамыр 8, 2008 at 04:10
Zhaksy kutemiz, kyrgyzCHa blog bolyp ketpesin.
Мамыр 8, 2008 at 08:15
Бақытнұр мен сені МАМ-ма айтып берем қырғыз деп айтты деп
Мамыр 8, 2008 at 10:05
Айко, Сіздің қазақ екеніңіз сөзсіз. МАМ-маныңызға айтып, өкпелетпей-ақ қойыңыз.
Менің жадымда блоггерден гөрі, блогшы деген сөз сақталып келеді екен. Блогшылар туралы әңгіме болса, бірден блогшы деймін
Мамыр 10, 2008 at 15:58
Aiko, senin ch degen aripti kop koldanuynnan uksastyryp jatkanym goi. Kyrgyz alys emes, tuyskan halyk koi
Мамыр 12, 2008 at 09:32
айтпай-ақ қой деген соң айтпап едім МАМ-ма.
Бақытнұр сені бәрбір айтып берем