Қостанайдағы семинарым жаңа ғана аяқталды. Өте қызықты өтті. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай университетінің журналистика факультетінің 1-2 курс студенттері қатысты.

 

Бұрын-соңды блог дегенді естімеген екен. Сөйтіп біразы блог ашты, өздеріне пошта ашып алды. Өте ұлтжанды жастар. Сөздеріне қарағанда Қостанайда тіл мәселесі аса өткір тұрған жоқ. Себебі қазақтардың өздері орысша сөйлеп кете беретін көрінеді. Десе де қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту үшін көптеген шараларды қолға алу керек дейді. Жалпы жақсы қарсы алды. Қала тыныш. Машиналардың у-шуы естілмейді. Кеше мешітке бас сұққанмын. Ақмешіт деген қала орталығында орналасқан әдемі мешіттері бар.

Қостанайдағы семинардан суреттер  

 


  1. Dauren

    Сүйген ісіңді істеп жүргенге не жетсін?! Жемісті болуын тілеймін ісіңнің, блогшылар қатары кеңейсін!

  2. Нұрғиса

    Несі бар, “ҚОСТАМАлық” блошылар бар еді, енді ҚОСТАНАЙлық блогшылар қатарға қосылып жатса, бұған тек құп дейміз де!!!

  3. Сымбат

    Блоггерлер кобейедi денiз :)Куанышты жайт. Бiр сурак, сiз Костанайга блогты насихаттауга бардыныз ба? Бул жобаны колдайтын демеушi кiм?

  4. urimtal

    Дәурен, рахмет! Саған да сәттілік тілеймін.
    Нұргелді, Диана студенттерге үлкен конференция болады деген соң келіпті. Көпшілігі орысша өтетін болар. Басы қазақша басталып, әрі қарай орысша болса кетіп қаламыз депті. Бәрі қазақша өткен соң, қалыпты. Онысын өздері тренинг соңында мойындады ғой :)
    Сымбат, сұрағың орынды. Бұл сұрағыңның жауабын Бекжанның блогындағы арнайы қонақ айдарында берген сұхбатымнан оқи аласың. Сілтемесі мына жерде.

  5. urimtal

    Бекжан маған мынадай сұрақ қойған еді: “Бұл істерде ерікті (волонтер) ретінде істеп жүрсің бе, әлде бір мекеме қаржыландырады ма?”
    Жауабы мына жерде: http://bekjan.dosym.kz/?p=97

  6. technosyndrom

    Машинаның шуы аз, тіпті жоқ екенін мен де байқаған едім. Барған күні кешке дейін “осы қалаға не жетіспейді?” деп бір-түрлі болып жүргенім бар. Сосын бір машина оқыс шыға келіп, сигнал берген кезде барып, “ох, машинаның дабылы екен ғой жетіспейтін!” деп, қуанған болатынмын :)
    Шынында да, үйде отырып, машинаның дабылынан маза кетіп отыратын бізге, анау Қостанайың бір-түрлі енді (жақсы жағынан, әрине) :)

Leave a Comment