Көптен бері Солтүстік өңірлерді көрсем деп ойлап жүруші едім. Ресеймен шекараласатын өлкелерде орыс ділі қатты сіңісіп кетті дегенді еститінмін. Соны көзбен көріп қайтатын мүмкіндік туып тұр. Бүгін бұйырса, Қостанайға барамын, ИншАллаһ.
Қостанайды Нұргелді есімді блогшымыз бар еді. Бірақ ол қазір Прагада бір семинарда жүр. Енді маған ол жақта кім шәй берер екен, ә? Әлгінде “мәссағандатып” отыр едім. Өрімтал деген атпен тіркелген бір мүшесі “Алдамшы” атты бір өлең жариялапты. Мені бірінші кезекте “өрімтал” деген аты қызықтырды. Жұрт енді блогыммен байланыстырып, шатастырмаса екен деп ойлап жүрмін…
-
1
Кері сілтеме (Pingback) on Apr 25th, 2008 at 18:29
[...] 10.25 ұшуы керек. Сағат 07.00 де интернетке отырып едім, әлгі жазбаны жаздым. Мәссағанды ақтардым, блогтарды бір сүзіп [...]





Сәуір 25, 2008 at 10:53
жолыңыз болсын. Қостанайлық жаңа қазақ блогшыларын күтеміз.
Сәуір 25, 2008 at 11:33
Сәуір 25, 2008 at 17:41
Arsenal777, көп рахмет.
Нұргелді, бүгін күлетіндей күн болмады. Сонда да рахмет.
Сәуір 26, 2008 at 10:04
Иә,дұрыс айтасыз.Біздің Қостанайда көптеген адамдар орысша сөйлейді,менің ойымша бұның барлығы қазақтардың орысшаға бейімділігі.Сіз бүгін Қостанайға келдіңіз.Сіз барлығын өз көзіңізбен көрдіңіз.Енді арықарай өз пікіріңізді айтсаңыз.Сізге Қостанай ұнады ма?
Сәуір 26, 2008 at 10:07
Индира, пікіріңе көп рахмет. Бүгін блог ашқаныңа қуаныштымын. Өздеріңдей ұлтжанды жастардың бар екенін көріп, Қостанай аз ғана жылдың ішінде таза қазақша сөйлейтін қалаға айналады деген сенімдемін. Қала ұнады.
Сәуір 26, 2008 at 10:14
Сізге де үлкен алғыс айтқым келеді.Тағы да біздің Қостанайға келеді деп сенеміз.Бүгінгі күн біз үшін естен кетпейтін күн болды.Марина,Индира
Сәуір 26, 2008 at 10:26
Қостанайда елінің ертеңін ойлаған жастар бар.Сонымен қатар қонақ жай халқым бар.Әрине көбі орысша сөйлейді,осы мәселені ретке келіру үшін шаралар ұйымдастыруыңызды тілеймін.Қостанайға қош келдіңіз!Қостанай ұнады ма?
Сәуір 26, 2008 at 16:27
Сәлем! Қостанайлықтар!!!