Биылғы көктемнің ішіне бүккен сыры көп деп айтпап па едім. Кеше сондай бір тосын сыйлыққа ие болдым. Айтсам ешкім сенбейтін шығар.

“Дастархан” блогын жүргізетін Ақбантик есімді блогшы өз қолымен кешкі сағат 20.00-21.00 арасында Алматыдағы Жібек жолы мен Қонаев көшелерінің қиылысында маған кореяның фирменный футболкасын сыйлады. “Ол дегенің Жанарбектің келіншегі емес пе?” дейтін шығарсың. Дәл солай. Жанарбек, Бақытнұр, Ақбану үшеуі Дүйсенбі күні Кореядан Алматыға келді. Бүгін Кеше бірнеше қазақ блогшылар солармен кездесіп, дидарластық. Әлһамдулиллаһ! Мәссағандасатын да күн бар екен.

Негізі жұмыстан кеш шығып, кешігіп келдім. Кешіккенім үшін Ақзере мен Жаннадан, Бақытгүл мен Нұргүлден, Қуаныш пен Жомарттан, Ақбану мен әпкесінен, Бақытнұр мен Жанарбектен кешірім сұраймын.

Қазақ тілінде блогты дамыту, Қазақстандағы саясат, Назарбаев, сөз бостандығы біз әңгемеге тиек еткен тақырыптардың бір сыпырасы ғана. Кездесудің басты мақсаты виртуалды достардың жүздесуі болатын. Бақытгүл “Мәссағандықтарға” Award07-де жеңіп алған жүлденің марапат қағазын табыстады. Жанарбек екеуміз қатар отырған соң, ұзағырақ сөйлесу мүмкіндігіне ие болдым.

Кореядағы қазақтар, мұсылмандар өмірі көбірек қызықтырған соң, сол жағынан көп сұрақ қойдым. Сөйтсем, 11 қыркүйек оқиғасынан соң Кореяда ислам дінін қабылдаушылар саны өскен екен. Жанарбек жеке өзі Сеулдегі үлкен мешітте сол оқиғадан соң мұсылманшылықты қабылдаған екі кәріспен таныс екен.

Қыздар жағы үстелдің екінші шетінде отырған соң, олармен көп әңгімелесе алмадым. Бірақ келесі жолы сөзсіз олармен де әңгімеміз жарасар деп ойлаймын.

Ақзере дәл мен ойлағандай бейнеде болып шықты. Бақытнұрмен чаттасқанда бір екпін сезілетін. Жүзбе жүз кездескенде сол динамизм қатты байқалады. Әйтсе де әлі “біліспіз” ғой. Таныс болған соң, бір бірімізбен ашық сөйлесерміз деген үміттемін. Ақбану әл-Фараби университетінің журналистика факультетінің түлегі екен. Ортақ таныстарымыз көп болып шықты.

Кафеден шыққан соң, түнгі Алматының төменгі жағында біраз серуендеп қайттық. Ақбантик суретке түсірді. Фотоаппаратымның қуаты пресс- конференцияда бітіп қалғандықтан бір сурет қана түсіре алдым. Аллаһтың қалауы солай болған шығар.

Бірақ үшеуі де ашық реңктегі, бізде сатылымда көп кездесе бермейтін үлгідегі киімдер киіп жүргенін айта аламын. Үшеуінен де көңілді бір леп есті. Көптен танитын бір танысың ойда жоқта көшеде кездесіп қалғандай әсерде қалдым.

Пы.Сы. Мен енді оларға не сыйлаймын деп ойлап жүрмін. Егер Сіз Мәссағанның жетекшілерімен кездессеңіз не сыйлар едіңіз?

 


  1. Айко

    сеуілде де мешіт бар ма? мәссаған күшті ғой.
    ол жақта негізгі діндері қандай болды екен интересно?! біздегі орегинальдармен сөйлесіп бір жасап қалам :). Көбіне тілім жетпей қалатыны болмаса :( Негізі жынды халық қой. ну енді базар жоқ деген мағына. Түрлірі воский. Крышам кетеді, сөйлескен кезде.

    млин бармай қалғаныма жылап атрм. :(

  2. akzere

    :-) Рахмет, Асхат!!! Жиналыс өте жақсы өтті. Біраз әңгімелесіп, сергіп қайттық.
    Киімдеріне де қарап үлгеріпсіз ғой… ))

  3. urimtal

    Айко, Ақзере рахмет!
    Десе де не соңғы сұраққа қатысты ойларыңды білсем деп едім :)

  4. elvira

    woooooooow…. Almatyda jurip kur kalganim-ay! ne poryadok :) Akbanuga daua jok (jeke soilesermiz ali!) + Bakytgul, sen de dayindal seryozniy angimege :)))

    kezdesulerin jaksi otkenine shinayi kunadim! udayi solai bolgay! kobirek adam shakirgandarinda (meni de kosa) tipten katip keter edi :)))

    ps.: Urimtal mirza, imho - olarga osi kezdesulerindi sosin jay Almaty koshelerin, salikali angime men tilekterinizdi videotaspaga tusirip koldarina ustatsaniz jaksi siylik bolad deo oilaymin. oz basim shetelde jursem, osinday siylikka kuanar edim.

  5. urimtal

    Керемет ұсыныс!!! Әттең бірақ не видеоға не суретке түсіре алмадым :(

  6. zhannur

    Barlygynyz juzdesip, jaksy konil kuide bolgandarynyzdy myna jazbany okyp otyryp tusindim. Rahmet,Ashat aga.
    eger men kezdesken bolsam…….. mumkin Akbantikke ulttyk tagamdardyn sureti bar ademi koldan jasalgan byiym syilar edim, mysaly tabaktyn astyna koyatyn (atauyn bilmeimin)et asyp, jep otyrganda syiga bergen adamdy esterine alyp otyrady. Al Janarbek pen Bakytnurga tagy da zergerlerdin kolynan shykkan, mumkin, kamshy syilar ma edim. Birak kandai syilyk bolsa da shyn jurekpen berilgen syi artyk koi, ia Ashat aga.

  7. Айко

    оларға сыйлық дейсіз бе?
    өлең айтып, би билеп…
    жоқ болмайтын шығар… не деп кеттім мен :)
    сосын ат…
    Имекеңнің суреті бар портрет…
    Иога жасауға ыңғайлы пуанталар…
    Бақытнұр саған крышам кетіп қалды деген жазуы бар банер…
    Алтын балықтар жасанды акварюммен…
    Перо исі шыққан, жанында Алматы деген жазуы бар…

    Очм осылай :)

  8. Сәкен

    Мәссаған :)
    Қызығып отырмын!!!

    сыйлыққа келсек. Меніңше компьютерге қатысты сыйлық берген жөн сияқты.
    Мысалы пернетақта берер едім. Жоғары жағына “Мәссаған” деген жазу жаздыртып керемет қылып :)

  9. Айко

    Конкиді қалай ұмтып кеткенмін. :(
    От-от-от нағыз сыйлық болады конки

  10. Сәкен

    Әуелі solai.de-сіп, содан соң Мәссағандасқандарың керемет болған екен, негізі.
    Шынында да ҚЫЗЫҒЫП отырмын!!!
    :)

  11. Кәрім

    Өткендегідей, бір сергіп қалыппын мен де. Виртуалды түрде ғана көріп жүрген адамдарды жүзбе-жүз көріп танысу - бір ғанибет қой.

  12. urimtal

    Айко, «Бақытнұр саған крышам кетіп қалды деген жазуы бар банер…» сыйласақ негізі дұрыс болар еді. Бірақ Бақытұрдың орнына “Мәссаған” деп жазсақ ше?
    Апырым-ай, мына сыйлықтың бәрін олар ұшақпен көтеріп әкете алмас.

  13. arsenal777

    ең күшті сыйлық-кітап:)))

  14. Нұрғиса

    Күшті, күшті!

    Жанарбек, былай, аздап “салмақты” боп қапты ғой? :) Ақбантик жеңгейдің арқасы ғой, қолдарына саулық!!!

    Асеке, Айко қыз осы Бақытнұрға крышасы кетіп жүрген болса көр енді, сөзін жерге қалдыруға болмайтын тәрізді… :) :) Очм, қарайсың ғой ыңғайға қарай…

    Олардан сұрап көру керек еді, кәрейский сериал бар ғой, “Мөлдір махаббат” деген… Соны қарайды ма екен, ол немен бітеді екен? :) :) Соны біліп беріңдерші маған!!!!!!!! Жа Гиеннің тағдырына қатты алаңдаулымын, біраздан бері көрмей жүрген жайым бар :((((

    Очм, бәріне жалынды превед!!!

  15. elvira

    Arsenaldin aytkani ras. Onin ustine, Bakhani bilmeym birak Janarbek kitap siylagandi jaksi koredi. adam da ozine unaytin narseni siylauga tirisadi emes pe.

    Urimtal mirza, odan ari oilanbastan kitap aluinizdi jon koremin. usheuine ush turli kitap: Akbanuga - kazak tagamdari jayli, joldasina - kazakstan tarihi nemese “Abay joli” (kz klassikasin), Bakhaga - Itmen baylanisti birnarse shigar..

    ps.: jaksi oi koskan Arsenalga min algis

  16. urimtal

    Шынымен де кітап бергеніміз жөн шығар.

  17. Айко

    НҰРаға(Н.Ә.Н емес) мынауыңыз не? :)
    “Бақытнұрға Айконың крышасы кетіп қалды”. деп қояцз дачы. Тыссс. Мына сөзіңізді жігітім естіп қойып жүрмесін, ато “берген сөзін” қайтып алар :) Енді көңіліме жаққан адамға “крышам кетіп қалды” деп айтатын әдетім бар еді, айыпқа бұйырмассыз… керемет қолданып басқа фонда беріпсіз. :) Негізі жынды сайт жасап отырған балаға кімнің крышасы кетсе де артықтық болмас… Бақытнұр базар жоқ бала ғо…
    Очм не бов кетті? ақталып кеттім ғо. :)
    Сіз де “базар жоқ” бала екенсіз, байқаңыз сізге де крышам кетіп қалып жүрмесін.

    Үрімтал баурым сіз Банер сыйламайтын болдыңыз ба? :( Қап… ну ләднә кейін өзім бір сыйлармын. Әлі талай көшемізде той болад дегендей… Бақытнұр тағы келер. солай емес пе?!

  18. Нұрғиса

    :) :) :)
    иә, иә, ақталып кеттіңіз дачы :)
    чепачем боватр мында?

  19. Бекжан Толыбай

    Жанарбектің тек суреттерін ғана көргенмін, Нұрғиса айтқандай шынымен дөңгелек болып қапты..:) Ақбану қолдарыңа саулық..:)) Енді, жолдасы сендей тамақ істеудің мастері болса, ол салмақ жинағанда, осы блогтың “апптыры” Асхат жинамайтын шығар..:))

    Жарайсыңдар..Айтпақшы қанша уақыт болады екен олар Қазақстанда?

  20. zhannur

    Шынымен кітап сыйлағандарыңыз дұрыс екен.

    Нұрғиса ағай, сол “Мөлдір махаббат” кеше ғана бітті. Әйтеуір Жа Гиен Уон Момен қосылып, анасын тауып, бәрі бақытты болып, ойдағыдай аяқталды.

  21. kazakh

    Zhanarbek pen Baqytnurga dini kazakhsha kitap silasandar da bolady. Olarga qazhet IT kitaptar kazda tabyla qoimas. Ekeui de dinge meilimdi koringen. Misalga “Adamzattyng asyl tazhi,…”
    Olai deitinim menen olar dini kitap surap edi, men zhibere almaganmyn:((

  22. Omarbek

    Janarbek pen Akbanuga bir jaksi besik siylandar.
    Bakytnurga bir jaksi kiz tauip berinder.
    Sosin olardi Atamura’ga aparip kirgizip jiberinder. sol jerden kitaptar alar.

    negezi olar senderden eshtene dametpeydi goy.
    konilderindi siylasandar boldi goy.

  23. Нұрғиса

    Сәлімгерей, сенсің бе? Көздеріме сене алар емеспін (can’t believe my eyes!!!)… Сен бұл жаханда әлі барсың ба, Еріктің тойына жіберген құттықтауыңнан кейін сені көруді, естуді доғардық қой… Жанарбектердің арқасында сені тауып жатсақ қызық болғаны да… Әлде сен басқа “Омарбексің” бе? Олай болса, кешір, Кеша… :)

    Ал бесік туралы идея өет сәтті туындапты… Туған елден тәбәрік қып ап кетер!!! Туған джердің бесігіне тербеліп өсер жас өрен… Түу, Омеке, мына идеяны күшті ойластырыпсың ей…

    Ал Бақытнұрға қыз тауып беріңдер дейтіндей Бақытнұр енді өзі де аздап неғылатын шығар? :) Мен білетін, танитын Бақытнұр өмірдегі өз көзқарасы берік қалыптасқан, еті тірі, пікірлері адуынды алғыр жігіт. Бірақ туған жерге күйеу бала болып жатса жаман болмайды, Бақытнұрдай күйеу баладан айналып жүреміз сосын!!! :)

  24. Нұрғиса

    Мдааа, жұмыстан шыға алмай, Джягөннің шарықтау шегін көре алмай қалғаным-ай, ә… Прокатқа оның СиДиі әлі шыға қойған жоқ шығар, пираттық нұсқасы болса да?

    Бірақ, қарап тұрсаң бәле ғой, иә, ағасы мен қарындасы үйленіпті деген… Мәәәәәсссааааған дейтін жағдай негізі……

  25. urimtal

    Ұсыныстарды біраз қорытындыласам былай болып шығады:
    1.Видеотаспа (Алматыдағы күндерден)
    2.ademi koldan jasalgan byiym (mysaly tabaktyn astyna koyatyn)
    3.Имекеңнің суреті бар портрет…
    4.Кітап
    5.Бесік
    6. Кітап “Адамзаттың асыл тәжі”
    7. Zergerlerdin kolynan shykkan kamshy
    8. Иога жасауға ыңғайлы пуанталар…
    9. Бақытнұр саған крышам кетіп қалды деген жазуы бар банер…
    10. Алтын балықтар жасанды акварюммен…
    11. Перо исі шыққан, жанында Алматы деген жазуы бар…
    12. Коньки
    Достар, пікірлеріңе көп рахмет.

  26. Bakytnur

    Omarbek durys aitady, men kyz izdep keldim :)

    Tappai basym katty, Shynymen kushti boldy.

    Keshki Almaty tamasha eken. Kop narse bilip kaldyk/.

    Ony kein jazarmyn, kazir ote busy jurmin.

  27. urimtal

    Бәке, һайырлысы жолығуына тілектеспін :)

  1. 1 Сырт көз сыншы « Бақытнұрдың блогы

    [...] құстарға жақсы күтім керек сияқты болып көрінді. 11. Блогшылар да, соңынан жолыққан Бекжан, Камшаттар да саясаттан [...]



Leave a Comment