Үлкен кісілерден күнде сұхбат ала бермейсің. Олармен сұхбаттасқанды жақсы көремін. Әсіресе шежірешіл қарттарды. Қазиза апаның көргені мен көңілге түйгені көп. Мен кітаптан оқыған тарихты ол кісі басынан өткерген. Бәрін әп-әдемі айтып берді. Қазиза апа сұхбат алғаннан кейін ұзамай қайтыс болды. Марқұм апамыз газет бетінде жарық көрген бұл мақаламды оқыды ма, оқымады ма білмедім. Осыдан үш-төрт ай бұрын жазған едім. Негізі ата-әжелерімізден көп мұраны сақтап алып қалсақ жақсы болар еді.
Қарқаралыда Қырық үйлі Қамбар дейтін жер бар. Қаратал өзенінің жанында. Ертеректе Қамбар деген кісінің қырық үйі болғандықтан солай аталып кетіпті десе-ді. Бүгінде Қамбардың көзін көрген ешкім қалмады. Тек сексен үш жастағы Қазиза апаның ғана отбасында қырық үйлі Қамбар жайында әңгімелер айтылатыны еміс-еміс есінде. Ол кездері Қазиза тұлымшағы желбіреген кішкентай қыз болатын.
Қазиза апа айтады: «Әкем биялайына бидай тығып, халыққа үлестірген»
–1924 жылы Қарқаралы етегіндегі Қаратал (кейін Тегісшілдік болды, одан соң Восток деген совхоздың құрамына кірді, қазір – Тоқтар Әубәкіров атындағы ауыл) деген ауылда тудым. Жанымызда Қаратал өзені ағып жататын. Маңайы талға толы болғандықтан, Қаратал деп аталыпты ол жер. Әкем Құдайберген Миллианұлы қойма бастығы, кейін алғашқы колхоз құрылғанда басқарма болды. Ол кездері біздің ауылды «қырық үйлі Қамбардың жері» деп атайтын. Уақыт өте келе колхоз бен совхоздар шығып, ауыл-ауылға бірігіп жатқанда, ол атау ұмытылып қалды. Колхоздың басы-қасында жүретін әкем өле-өлгенше: «Қарақтарым, жүректерің түзу болсын» дейтін. Бұл 1932 жылдар болатын. Халықтың көбі аш болды. Көз алдымызда аштан өліп жататын. Шешем марқұм: «Ел аш болып отырғанда бір үйдің тоқтығынан не пайда? Тамағың ас болып сіңбейді», – деп айтып отыратын. Ол кезде жеті-сегіз жастамын. Ештеңенін қадірін білмеймін.
Менің көз алдыма мына оқиға оралды:
…Аштық жылдары ауылдағы жалғыз қойманың кілті Құдайбергеннің қалтасында жүретін. Қызыл көздер оны жіті бақылап, аттап басқан ізін аңдитыны да содан. Көрші-қолаңның аштан қырылып жатқанын көрген Құдеке ұзын саптама етігін киіп, кең қолғап биялайымен астыққа толы қойманы ұзақ аралайтын. Сол күні кеш бата етігінің ішіне сусып түскен бидайды бір үйге, қолғабының ішіне жиналып қалқан азғантай тарыны келесі үйге үлестіріп, ертеңіне елең-алаңнан қалдырып кеткен қолғабы мен етігіне қайыра баратын. Құдайбергеннің қайырымды қулығын Құдай ғана көрмесе, қызыл коммунизм байқамапты. Басқарма-Құдайбергеннің: «Шешемнің жаназасына қатыса алмай қаламын» деп партияға да мүше болмағанын сол кезде аштықтан іштері бұратылып жатқан кішкентай балалар өсе келе ғана білді.
(жалғасы бар)
-
1
Pingback on Mar 19th, 2008 at 5:06 тд
[...] 1937 жыл Қазиза апаның көзімен Жазылған айдары Қазақ, Қоғам by urimtal уақыты Наурыз 18th, 2008 (Жалғасы. Басы) [...]
-
2
Pingback on Mar 27th, 2008 at 5:33 тд
[...] келбетін өзгерткен екен..Қазиза ападан алған “Әжемізден мұраға не қалды?“ атты сұхбатын қазір өз блогында жариялап [...]
-
3
Pingback on Apr 14th, 2008 at 12:02 тк
[...] қарттарымыз азайып барады. Блогымда сондай көнекөз қартпен болған сұхбатымды жариялаған едім. Сол әңгіменің аудиоға түскен бір [...]

Наурыз 17, 2008 at 7:27 тк
тамаша сұхбат, рахмет. жалғасын күтеміз.
Наурыз 17, 2008 at 7:34 тк
Рахмет, ИншАллаһ, бір күннен соң жариялаймын.
Наурыз 18, 2008 at 5:54 тд
magan da ote unadi. boliskenine rahmet. kay gazetke basilgan dediniz, estimey kaldim.
Наурыз 19, 2008 at 1:32 тд
Rahmet, Elvira!
Suhbat “El” degen gazette jaryq korgen edi.
Buirsa, blogqa bölip-bölip jarialaimyn.