Әрбір блогты жеке-жеке ашып: “Кімде қандай жаңа жазба бар екен?” деп іздеп отыратыным рас. Бірақ қазақ тілінде блогтар көбейген сайын интернетті қарауға кететін ақшам уақытым көбейіп бара жатқанын аңғарудамын.
Осы орайда гуглдың ридер бағдарламасы маған көмекке келді. Өзімнің сүйікті блогтарыма жазылу арқылы жаңаланған жазбаларды қадағалап отыратын болдым. Ең жақсысы, бұл қызметті электронды пошта арқылы қолданамын. Ал поштаны интернетке кіргенде бірінші кезекте тексеретінім белгілі.
Сонымен үш адыммен бұл бағдарламаны қалай қолдануға болатындығын көрсетейін. Ең маңыздысы гмейлде э-поштаңыз болуы қажет.
1. Қалаған блогыңыздан Жазулар RSS деген түймені тауып алып, түртіңіз.
2. Add to Google reader түймесін шертіңіз!
3. Құттықтаймын! Блогтағы жазбаларға жазылдыңыз.
Төменнен бұл адымдардың суретті нұсқасын көре аласыз.
Жоғарыдағы суретте көрсетілгендей, гмейлдегі поштаңызды ашқанда gmail, caledars, photos, reader деген сөздер тізбегін көресіз (жоқ болса, more деген түймені басып іздеңіз). Егер бұл жазылу қолайсыз болса, мына бір ұсынысқа назар аударып көріңіз.





Наурыз 4, 2008 at 10:29 тд
Yeah! google reader is the best!