Бұл Senbi өзге Сенбіден өзгерек
Наурыз 1, 2008 in Kazakh blogger, Алматы, суреттер
Tags: Almaty, Kazakh blogger, Kazbarcamp
Сіз бақытты жансыз! Алматы Аршатты күтіп алғанын естіп қана қоймай, Аршаттың қасында отырып, блогшылардың бүгінгі кездесуінің куәсі болған жанның блогын оқып отырсыз.
Білгенімізбен бөлісу үшін бүгін Алматыдағы “Қорқыт Ата” кафесінде бас қостық. Екі сағаттық кездесуде қазақ тілінде интернетті дамыту, блогты жүргізудегі техникалық мәселелерді шешу жолдары, ортақ жобаларды іске асыру жайы сөз болды. Ең бастысы бір-біріміздің жүзімізді көріп, шынайы күлкімізді ести алдық. Шыны керек, смайликтерден гөрі күнделікті пікір айтып жүрген оқырманның жылы сөзін жақыннан естіп, пікірлесудің жөні бір бөлек екен.Бір-бірімізді көптен білетін жандардай тез араласып кеттік. Ұнағаны ешбір қысылып, қымтырылу болмады. Көкейдегі мәселелер, іштегі ойлар ортаға салынды. Жеке өз басым мына жайттарға тоқталғым келеді.

Аршат (оң жақтағы сурет) блогтарды жеке хостинге көшіру жайын ортаға салды. Қазақ блогтарының бір жерде орналасқанын қалайтынын айтты. Орайы келіп тұрған соң Ригадан арнайы Техносиндромға көтеріп келген қарындашымды аманаттадым. Ереке, аз да болса, көптей көрерсіз. Қаламыңызға Аллаһ қуат берсін деген тілекпен сыйлағаным ғой.- Бақыт мен жиі қарамайтын (бірақ бұндай сайттың қажеттілігін терең түсінемін) сайтты жүргізіп жүрген жандардың бірі, әрі әріптесім болып шықты. Екеуміздің ортақ таныстарымыз да бар екен. “Қазақ блогшысы бір біріне бауыр, туыс” деген осы шығар
Бақыттың сайт мазмұнын байытуда тәжірибесі мол, кәнігі блогшы десе болады. Бүгінгі қазақ интернеті оқырмандарының талғамын жақсы түсінеді. Тек бір өкініші бар. Сайтындағы жазбаларын газет-журналдар қарақшылық жолмен, автордың атын да көрсетпестен көшіріп басып жатқаны жанына батады. - Болатхан аколя сайтының ұйымдастырушысы екен. Арзан бағаға блогшыларға хостинг бере алатынын айтты. Әңгімелері өмірден алынған мысалдарымен есте қалды. Әрі қазақ тіліндегі алғашқы сайттардың бірін жасаушы болғандықтан Бекжанның мұндай “ардагер” ағаны арамызға алып келгені жақсы болды. Болатханның әңгімесін: “Осы блогты не үшін жүргізесіңдер?” деген сұрақтан басталғаны қызық көрінді.
- Бекжанның гитарада ойнайтын өнері барын білмеппін. Болашағы бар тәп-тәуір жоспардың талқылауына себепші болды (Кездесуде бірнеше жобалар жөнінде сөз болды. Бірақ әдептілік тұрғысынан ол жобалардың атын атап, түсін түстеуді жөн санамай отырмын). Жеңіл қалжыңмен әңгіме арасындағы үнсіздіктерді шеберлікпен жойып отырды.
Дәуреннің (солоң жақтағы сурет) керемет машинасы бар.
Үйге дейін жеткізіп салғанына рахмет. Блогының қалай ашқанынын, жеке компания да құрғанын, бұған дейін жұмыс істегендегі сәтсіздіктерін әңгіме арасында өзгелерге сабақ болсын деп тілге тиек етті. Дәл қазір Құдай қаласа, бір сайтын үлкен бір сомаға сатудың сәті туып тұр екен. - Шыңғыс блогы өзгелерден нақтылы бір аудиторияға арнап ашылғандығымен ерекшеленеді. Жас журналист. Medianet халықаралық журналистика орталығындағы сабақтарымда жиі пікір айтып, сұрақ қойып отыратын. Бұл жолы шай ішіп, үндемей барлығын тыңдап отырғанды хош көрді. Бәлкім ойларын кейін блогына да жазар. Кім біліпті…
- Бақытгүл пахлаваны жақсы көреді екен. Сондай-ақ Бақытгүл уордпресті аударуда енді бір 500 сөз қалғанын қуана жеткізді. (Шыны керек бұл аудармамен дәл қазір айналысып жүрген Бақытгүл, Бақытнұр, Жанарбектерге үлкен алғыс айтуымыз керек!) “Шама келсе, тезірек аударып бітірейік” деген базынасы бар. Құлағыңыз түрік жүрсін, блогшы!
- Қуанышпен қанша бірге жүрсек те, солянканы жақсы көретінін білмеппін. Негізі біз кафеге кештеу жиналдық. Таңдау аз болды. Бәлкім содан ба… Аспазшы блогшыларымыздың балды бармақтарынан шыққан тағамдарынан ауыз тиссек қой, шіркін, деп ойладым… Қуаныш интернетті бақылау мәселесіне қатысы өз алаңдаушылығын білдірді. Оппонентіне бұның зиянды тұстарын мықты ойластырылған аргументтерімен дәлелдеді. Бұл әңгіме Бекжанның “Қазақстан” арнасындағы “Көкпар” бағдарламасына қатысқанынан шықты. Бағдарлама Интернетті бақылау мәселесіне арналған.
Жомартты былайғы жұрт Кәрім деп таниды. Негізі атына сай азамат! Әлһамдулиллаһ, бәрімізге қазақ блогшыларының кіші құрылтайынан естелік болсын деп, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) туралы әзірлеген су жаңа фильмдерінің VCD нұсқасын сыйлады. Бұл кездесуден соң Жомарттың сайтында да өзгерістер болатынға ұқсайды, ИншАллаһ! - Думан негізі бүгін кездесу болатынын менен естіген еді. Ол аз ғана уақыттың ішінде блогшылардың осынша белсенділігіне, келелі әңгіме қозғап отырғанына тамсанып, тәтті шайды ішіп отырды. Жомарттан біраз кеңес алып отырғанын бір-екі рет байқадым.
Біз осылай кездестік. Осыдан бір жыл бұрын ғана санымыз санаулы еді, қазір интернеттің бір әлеуетті күшіне айналып барамыз. Блогшылардың кіші құрылтайына Сенің қатыспағаның сезіліп тұрды. Бәлкім үлкен құрылтайда кездесерміз. Қалай ойлайсың? Әлде Senbi де кіші құрылтай өткізуді ойластырып жүрсің бе?
Пы.Сы. Аршатты теледидардан көргің келсе, бүгін “Еларнадан” 15.00-де тікелей эфирде көрсетілетін Ақтөбе-Қостанай командаларының футбол ойынын тамашала!
-
1
Бекжан Толыбай » Интернет туралы мәліметтер.
Кері сілтеме (Pingback) on Mar 6th, 2008 at 04:15
[...] бір қазақ тілді ұйым керек-ақ..Өткен жолғы блоггерлер кездесуінде көтерілген мәселелер және ойластырылған жоспарлар [...]
neweurasia – қазақша- Әрбір он оқушының біреуін мұғалімі «аңдып» жүрБілім беру жүйесіндегі адам құқының, әсіресе оқушылардың құқының сақталуын қадағалайтын ұйым IWPR (Соғыс және бейбітшілік институты) сайтында «Қазақстан мектептерінде зорлық-зомбылық толастамай отыр» атты мақала жариялады. Мақалада соңғы жүргізілген сауалнама бойынша қазақстандық әрбір он оқушының біреуі мұғалімі тарапынан қудаланады делінген. Мақала автор […]Askhat
- Қазақша «Мой мир» қандай болуы керек?Қазнеттің қолданушылар саны 16 пайызға жеткенімен, отандық қолданушылардың Қазнет сапасына көңілдері толмай отыр. Интернет мамандар бұның басты себебі сапалы хостингтің болмай тұрғаны, әрі заң нормаларының жүйленбеуінен деп санайды. Интернетте ұлттық әлеуметтік желілердің жоқтығы, қазақстандықтардың басым бөлігі ресейлік сайттарға маталып отырғанының салда […]Askhat
- Интернет-нарық жаңа заңнан шошып отырЕліміздегі ақпараттық коммуникациялық желілерге қатысты заңдарға өзгертулер енгізілген соң, қазақ интернетінің ғұмыры қысқарады деушілер бар. Басты себеп, егер заңға Елбасы қол қоятын болса, интернет қызметін тұтыну қымбаттай түспек, нәтижесінде жұрт өзге елдің ғаламторына көшпек. Жаңа заңның өзге де салдарын сараптау үшін “Medianet” халықаралық журнал […]Askhat
- Денис Тен - Қазақстаннан шыққан “феномен”Шетелде адамның болмысы ұлтына емес, азаматтағына қарай анықталады. Мәселен, Қазақстаннан барған азаматтардың барлығын америкалықтар “қазақ” деп қабылдайды. Бұл жерде олар ұлтын емес, азаматтығын айтып отыр. Баспасөзі де солай жазады. Әдетте “Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері азаматтық қоғамның дамуына ат салыспайды, сылбыр қарайды. Қазақ т […]Askhat
- Қытай сайты қазақша сөйлемекҚытайдың бас хатшысы Ху Дзинтао People’s Daily басылымына жүргізген зерттеуден соң оның он-лайн нұсқасына қазақ тілін қосуды тапсырған. Бір жыл бұрын берілген тапсырма мүлтікісіз орындалып келе жатқанын хабарлаған қытайдың баспасөзі енді газеттің мобилді нұсқасына да қазақ тілін енгізуді жоспарлап қойғанын хабарлауда. Қазақстанда қазақ тіліндегі ақпаратты […]Askhat
- Әрбір он оқушының біреуін мұғалімі «аңдып» жүр
БАҚ
БЛОГ БАСТАҒЫҢ КЕЛСЕ
Білім
Елді-мекендер
Ислам дініне байланысты
Саясаткерлердің блогы
ағылшынша
My Mobile Blog
Қазақ блогшылары
- Akmonshak
- bahtgul65
- Balgyrgan
- Айбол
- Айкона
- Ансар
- Аршат
- Ақбөкен Ерқұмарұлы
- Ақзере
- Баянның күнделігі
- Бақытгүл
- Бақытгүл апай
- Бақытнұр
- Бақыторал
- Бекжан Толыбай
- Бота
- Думан
- Дәмді
- Дәурен
- Елсерік
- Ертай Жалғас
- Жанарбек
- Жаңа Дәуір
- Жаңа Еуразия
- Жорықта
- Жырақта
- Зермарден
- Зәмираның блогы
- Исламбек Арыстанов
- Малайзияда оқып жүр…
- Махамбет
- Меруерт
- Мұртаза Бұлұтай
- Нұрғиса
- Нұғман
- Русланннн
- Серікбайдың жантану блогы
- Сымбат
- Сәкен
- Сәкеннің Петербордағы күндері
- Сүйкімді
- Техносиндром
- Томирис
- Эльвира
- Ergen
- Fermer13
- Әділ
- Әселханның шығармалары
- Қарақыздың АҚШ-та басынан кешкендері
- Қолөнер
- Қуаныш
- Қысқа анекдоттар
- Құралайдың күнделігі
- Ruslannnn
- Shapagat
Қазақ журналистері
- Айман
- Айсағали – фотожурналист
- Алтынайдың блогы
- Асқар
- Гүлнәрдің Гүржістандағы күндері
- Дінмұхаммед
- Есенгүл
- Жанарай
- Кәмшат
- Мадина
- Мақпал
- Мөлдір әлем
- Нұрболат Аманжол
- Нұргелді
- Нұркеннің мақалалары мен ойлары
- Рахат Жақсыбай
- Серікбай Смағұлұлы
- Jan_Aina
- Әділбектің күнделігі
- Әлия Сембай
- Қостанай қазағының блогы
Бөлімдер
-
Moblog – қалтафоннан интернетке!
-
Spam Blocked
Беттер
-
Salem!
Twitter-Өрімтал
- First time met Iranian student in KL who voted for Ahmadinejad. 2 days ago
- Шыңжаңда жағдай ушығып бара жатырhttp://www.google.com/hostednews/ap/article/ALeqM5j794twyjYyjeOIdsKWwzCUhsgvUAD998U9KG0 5 days ago
- @adamkesher саған қазақша әндер ұнайды деп ойламаппын :) Мамыр ұнаса Еуропаны таңқалдырған қазақ қызы Saadat Turkoz да ұнайтын шығар :) 1 week ago
- @Kudaibergen халал твиттерді қай жерден көріп жүрсің? 1 week ago
- Рамазан айы да жақындап қалды. Өміріңдегі ең алғашқы ораза http://bit.ly/3teBNA via @addthis 1 week ago
-
Fattah-Education
-
Малайзияда оқып жүр…
-
Блогқа жазылу үшін
-
Соңғы жазулар
-
Оқырмандар пікірі
aral53 Тек өзіме ғана айтайыншы… адресінде Вауаn Тек өзіме ғана айтайыншы… адресінде Ansar Тек өзіме ғана айтайыншы… адресінде urimtal Қазақ оқушылары ELS-ті “… адресінде aselhan Тек өзіме ғана айтайыншы… адресінде -
Ең қызық жазбалар
- Тек өзіме ғана айтайыншы…
- Қазақ оқушылары ELS-ті “шулатып” жатыр
- Жындыхана мен Құран
- Туған күн өтті осылай...
- Намаз оқып үйренейік
- Өрімтал, туған күніңмен!
- Мұсылман сәні: шариғат шымылдығының ар жағы
- Мәсімов LiveJournal-дың қазақшасын шығармақ
- Малайзияда оқып жүр... жаңа бір блог
- Астананың 10 жылдығы не ұнады, не ұнамады?
Алдыңғы жазбалар
Ілмектер
Алматы Астана Білім алу Жаңаеуразия Ислам Малайзия Тарих блог дін жастар жас қазақ журналист журналистика ислам мешіт мұсылман саяхат сурет суреттер хадис экономика Қазақстан Құран қазақ қазақ блог қазақ блогшылар қазақ блогшылары қазақ тілі қазақша блог қазақша жарнама өлең Almaty barcamplv blogging Islam Kazakh Kazakh blogger Kazakh bloggers kazakh journalist Kazakh Language Kazakhstan mobileblogging neweurasia qazaqblogshilar QB





Наурыз 2, 2008 at 08:07
осындай кездесулер шынымен де өте қажет, көп мәселелерді талқылап, жаңа қадамдар жасауға түрткі болады. Пы.Сы. Тобылға жеңіс тілеймін!
Наурыз 2, 2008 at 09:26
Ақтөбе – ЧЕМПИОН!!!
Наурыз 2, 2008 at 09:27
Асқат, жылы лебіздеріңізге рахмет!
Наурыз 2, 2008 at 17:51
Сізге рахмет!
Келесі кездесуде төбе көрсетерсіздер деген үміттемін…
Наурыз 3, 2008 at 03:25
О Асхат, жарайсың, біз өткізген жиналыстың тоқетерін жақсы жеткізіпсің..Кездесу мағанда ұнады..Осы деймін де, Алматыдағы блогшылар неге жиі жиналып тұрмасқа? Мысалға, әр сенбі, не болмаса жексенбі..Бұның барлығымызға пайдасы тиеді деп ойлаймын..
Мен де блогшылармен танысқаныма қуаныштымын..Кездесу жерінен Қуаныш, Аршат үшеуіміз бірге шықтық..Біраз жерге дейін жаяу жүріп, футбол туралы бірз әңгіменің басын қайырып тастадық..
Ақтөбенің ойыны ұнады..Тоболдан әлдеқайда мықты екендігін дәлелдеді..Бәрінен де Ақтөбелік фан қозғалыс жігіттерінің бірлігі мен достығы ұнады..Қызық күн болды..
Наурыз 3, 2008 at 03:31
Суреттегі Кәрім қайсысы екен, а?
Аршат, бір оқпен екі қоянды өлтіріп кеттіңіз. Жолыңыз болғыш екен
Наурыз 3, 2008 at 08:04
Кәрім, ең бірінші суретте, ақ жейде (көйлек) киіп отырған жігіт..
Аршат үшін бұл Алматы саяхаты сәтті болды деп хабарлайды ақпарат көздері..Галатасарайы Бешиктамка оңбай жеңілгені болмаса, жалпы бәрі жақсы болды..Сол Алматыны қиып кете алмай жүр..
Кеше қоштасып кетіп едім, енді таңертең жұмыста отырсам Алматыда екендігін білідіріп телефон соғып тұр..Сондай “загадочный” жігіт екен..:)))
Наурыз 3, 2008 at 08:45
Тағы бір қоянды көздеп жүрген шығар онда…
Наурыз 3, 2008 at 11:38
Бас қосуларыңыз жақсы өткен екен. Әңгімелесіп, танысып…..
Наурыз 3, 2008 at 12:19
қоңыр түс киіп отырған(екі қолын ашып қойып тығыз сөйлеп отырған) БАЛАНЫ бір жерден көрген сықылдымын, бірақ есімде жоқ, қайдан көргенім
Наурыз 3, 2008 at 15:50
Ақзере сен кездесуге бармағанмысың, қап

Сендерге ол өнер көрсетпегені өте мөте ыңғайсыз бопты 

аудармаларыңыз жеңілінен болғай, тезарада бітер иншаллах
Жомартты көріп қалдық бірақ жұмбақ адам секілді жұмбақ түскен екен
Негізі Бекжан ағамыз гитараны аяқ бармақтарымен де тартанынын көріп едім
Қуаныш қайда жүрсе де сұхбат беріп үйренген екі қолын сермеуінде ұмытпапты
Бәрін қойшы Бақытгүл қызымыз ортада ГҮЛ болып отыр ғой. Бір гүліміздің істеген істері ерлік қой.
Наурыз 4, 2008 at 04:57
Жаксы отырыс болды. Енді ашылған/ұсынған идеяларды іске асырайық.
Наурыз 4, 2008 at 07:28
Сәлем Ақтөбеден! Бүгін жеттім Ақтөбеме. Жақсы отырыс болды, танысқаныма қуаныштымын. Алматыда ойға жаңа тың идеялар келді, жақын арада жүзеге асырып көремі. Әрі қарай көрерміз.
Наурыз 4, 2008 at 15:00
Алғашқы суперкубокты ақтөбеліктер иеленді. Алғаш рет суперкубок иесін тапты. Ол дәстүрлі үлкен жарыстың басы болғай.
http://egemen.kz/?act=readarticle&id=6859
Кубоктарын құтты болсын.Аршат
Блогшылардың кіші құрылтай үлкен құрылтайға айналсын. Бақытгүл үлкен құрылтайда қыздарға орын көп дайындаңыз
Наурыз 4, 2008 at 22:09
Aiko Salem!
Siz meni kaidan korgensiz?
Esime tusirip bersen
Наурыз 5, 2008 at 07:09
Куныш есімде жоқ, мүмкін ұқсатқан шығармын, бірақ көрген нәрсе басымда қалады зрительный память дейді. ғо.
даже трамвайда қысылып тұрған кезде есімде қалған шығар
Наурыз 5, 2008 at 08:12
Күшті болған екен!!!:-)
Наурыз 5, 2008 at 19:31
Nagyz mahabbat avtobusta, trambaida, trolleibusta jolygady. Sondyktan kamdanyndar!!!
(Karis filmderinde sondai
)
Наурыз 5, 2008 at 19:38
Jogarydagy pikrim: Kuanysh pen Aikoga!
Наурыз 6, 2008 at 00:46
Иә, блогшылар бірін-бірі қоғамдық көлік ішінде де танып жатқаны қуанышты
Наурыз 6, 2008 at 09:52
Бақытнұр неге қамдан деп атсың?
жәй “түрі” таныс деп едім “анандай” айтып кеткенсіңдер ме
Наурыз 7, 2008 at 14:33
“anandai”-yn kyzyk eken… Endi jastar tanys bilis bolyp atsa biz razymyz goi
Наурыз 7, 2008 at 17:26
Men de sony aitamyn da… Kerisinshe jaqynyraq tanysudig edi keremet mumkindigi tudy emes pe? Ortaq angimege de taqyryp bar
Наурыз 9, 2008 at 07:20
Айко өзі айтушы еді, “үнемі тілімнен авария болып жүрем дачы” деп…
Наурыз 11, 2008 at 05:49