Бұл Senbi өзге Сенбіден өзгерек
Наурыз 1, 2008 in Kazakh blogger, Алматы, суреттер
Tags: Almaty, Kazakh blogger, Kazbarcamp
Сіз бақытты жансыз! Алматы Аршатты күтіп алғанын естіп қана қоймай, Аршаттың қасында отырып, блогшылардың бүгінгі кездесуінің куәсі болған жанның блогын оқып отырсыз.
Білгенімізбен бөлісу үшін бүгін Алматыдағы “Қорқыт Ата” кафесінде бас қостық. Екі сағаттық кездесуде қазақ тілінде интернетті дамыту, блогты жүргізудегі техникалық мәселелерді шешу жолдары, ортақ жобаларды іске асыру жайы сөз болды. Ең бастысы бір-біріміздің жүзімізді көріп, шынайы күлкімізді ести алдық. Шыны керек, смайликтерден гөрі күнделікті пікір айтып жүрген оқырманның жылы сөзін жақыннан естіп, пікірлесудің жөні бір бөлек екен.Бір-бірімізді көптен білетін жандардай тез араласып кеттік. Ұнағаны ешбір қысылып, қымтырылу болмады. Көкейдегі мәселелер, іштегі ойлар ортаға салынды. Жеке өз басым мына жайттарға тоқталғым келеді.

Аршат (оң жақтағы сурет) блогтарды жеке хостинге көшіру жайын ортаға салды. Қазақ блогтарының бір жерде орналасқанын қалайтынын айтты. Орайы келіп тұрған соң Ригадан арнайы Техносиндромға көтеріп келген қарындашымды аманаттадым. Ереке, аз да болса, көптей көрерсіз. Қаламыңызға Аллаһ қуат берсін деген тілекпен сыйлағаным ғой.- Бақыт мен жиі қарамайтын (бірақ бұндай сайттың қажеттілігін терең түсінемін) сайтты жүргізіп жүрген жандардың бірі, әрі әріптесім болып шықты. Екеуміздің ортақ таныстарымыз да бар екен. “Қазақ блогшысы бір біріне бауыр, туыс” деген осы шығар
Бақыттың сайт мазмұнын байытуда тәжірибесі мол, кәнігі блогшы десе болады. Бүгінгі қазақ интернеті оқырмандарының талғамын жақсы түсінеді. Тек бір өкініші бар. Сайтындағы жазбаларын газет-журналдар қарақшылық жолмен, автордың атын да көрсетпестен көшіріп басып жатқаны жанына батады. - Болатхан аколя сайтының ұйымдастырушысы екен. Арзан бағаға блогшыларға хостинг бере алатынын айтты. Әңгімелері өмірден алынған мысалдарымен есте қалды. Әрі қазақ тіліндегі алғашқы сайттардың бірін жасаушы болғандықтан Бекжанның мұндай “ардагер” ағаны арамызға алып келгені жақсы болды. Болатханның әңгімесін: “Осы блогты не үшін жүргізесіңдер?” деген сұрақтан басталғаны қызық көрінді.
- Бекжанның гитарада ойнайтын өнері барын білмеппін. Болашағы бар тәп-тәуір жоспардың талқылауына себепші болды (Кездесуде бірнеше жобалар жөнінде сөз болды. Бірақ әдептілік тұрғысынан ол жобалардың атын атап, түсін түстеуді жөн санамай отырмын). Жеңіл қалжыңмен әңгіме арасындағы үнсіздіктерді шеберлікпен жойып отырды.
Дәуреннің (солоң жақтағы сурет) керемет машинасы бар.
Үйге дейін жеткізіп салғанына рахмет. Блогының қалай ашқанынын, жеке компания да құрғанын, бұған дейін жұмыс істегендегі сәтсіздіктерін әңгіме арасында өзгелерге сабақ болсын деп тілге тиек етті. Дәл қазір Құдай қаласа, бір сайтын үлкен бір сомаға сатудың сәті туып тұр екен. - Шыңғыс блогы өзгелерден нақтылы бір аудиторияға арнап ашылғандығымен ерекшеленеді. Жас журналист. Medianet халықаралық журналистика орталығындағы сабақтарымда жиі пікір айтып, сұрақ қойып отыратын. Бұл жолы шай ішіп, үндемей барлығын тыңдап отырғанды хош көрді. Бәлкім ойларын кейін блогына да жазар. Кім біліпті…
- Бақытгүл пахлаваны жақсы көреді екен. Сондай-ақ Бақытгүл уордпресті аударуда енді бір 500 сөз қалғанын қуана жеткізді. (Шыны керек бұл аудармамен дәл қазір айналысып жүрген Бақытгүл, Бақытнұр, Жанарбектерге үлкен алғыс айтуымыз керек!) “Шама келсе, тезірек аударып бітірейік” деген базынасы бар. Құлағыңыз түрік жүрсін, блогшы!
- Қуанышпен қанша бірге жүрсек те, солянканы жақсы көретінін білмеппін. Негізі біз кафеге кештеу жиналдық. Таңдау аз болды. Бәлкім содан ба… Аспазшы блогшыларымыздың балды бармақтарынан шыққан тағамдарынан ауыз тиссек қой, шіркін, деп ойладым… Қуаныш интернетті бақылау мәселесіне қатысы өз алаңдаушылығын білдірді. Оппонентіне бұның зиянды тұстарын мықты ойластырылған аргументтерімен дәлелдеді. Бұл әңгіме Бекжанның “Қазақстан” арнасындағы “Көкпар” бағдарламасына қатысқанынан шықты. Бағдарлама Интернетті бақылау мәселесіне арналған.
Жомартты былайғы жұрт Кәрім деп таниды. Негізі атына сай азамат! Әлһамдулиллаһ, бәрімізге қазақ блогшыларының кіші құрылтайынан естелік болсын деп, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) туралы әзірлеген су жаңа фильмдерінің VCD нұсқасын сыйлады. Бұл кездесуден соң Жомарттың сайтында да өзгерістер болатынға ұқсайды, ИншАллаһ! - Думан негізі бүгін кездесу болатынын менен естіген еді. Ол аз ғана уақыттың ішінде блогшылардың осынша белсенділігіне, келелі әңгіме қозғап отырғанына тамсанып, тәтті шайды ішіп отырды. Жомарттан біраз кеңес алып отырғанын бір-екі рет байқадым.
Біз осылай кездестік. Осыдан бір жыл бұрын ғана санымыз санаулы еді, қазір интернеттің бір әлеуетті күшіне айналып барамыз. Блогшылардың кіші құрылтайына Сенің қатыспағаның сезіліп тұрды. Бәлкім үлкен құрылтайда кездесерміз. Қалай ойлайсың? Әлде Senbi де кіші құрылтай өткізуді ойластырып жүрсің бе?
Пы.Сы. Аршатты теледидардан көргің келсе, бүгін “Еларнадан” 15.00-де тікелей эфирде көрсетілетін Ақтөбе-Қостанай командаларының футбол ойынын тамашала!
-
1
Бекжан Толыбай » Интернет туралы мәліметтер.
Кері сілтеме (Pingback) on Mar 6th, 2008 at 04:15
[...] бір қазақ тілді ұйым керек-ақ..Өткен жолғы блоггерлер кездесуінде көтерілген мәселелер және ойластырылған жоспарлар [...]
neweurasia – қазақша- Министрдің “Келінінде” мін жоқ1 млрд. АҚШ доллары жұмсалып түсірілген «Келін фильміне қатысты ел ішінде әлі де пікірталас толастамай тұр. Белгілі қайраткер, парламент мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухат «Келін» тәрізді фильмдер Қазақ ұлтын мансұқтайды деген болатын. Бірқатар жастар ұйымдарының өкілдері ... […]Askhat
- Қазақстанға жүретін Қытайдың электрлі пойызы жолға шықтыҚазақстан мен Қытайдың арасында қатынайтын алғашқы электрлі пойыз сапарға аттанды. Қытайдың China Daily басылымының хабарлауынша теміржолдың ұзындығы 286 шақырым. Шыңжаң өлкесіндегі Джинхэ ауылынан басталатын теміржол Қорғас қаласына келіп тоқтайды. Темір жол Қытай мен Қазақстанның арасын ... […]Askhat
- Тәуелсіздік күніне қатысты ойТүнде Төле бидің бойымен кетіп бара жатқанда ескі алаңда дайындықтар жүргізіліп жатқанын көргенмін. Әдеттегідей сахна мен жағалай жәрмеңкеге арналған сауда орындары әзірленіп жатқан еді. Көз алдыма күні ертең теледидардан көретін репортаждардың сюжеті елестеп кетті. Биыл ... […]Askhat
- Қазақстан әлемнің дамыған 50 мемлекетінің қатарына кіре алмайдыДүниежүзілік Банктің ретингісі бойынша Қазақстанның әлемнің дамыған 50 мемлекетінің қатарына кіруінің мүмкіндігі жоқ. Себебі ол әдістеменің нюансы бар – деді USAID Американың ұйымының сарапшысы. Сауданы либералдандыру мен кедендік реформа жөніндегі АҚШ агенттігінің сарапшысы Мәлика ... […]Askhat
- Қазақстанға келген Қытай басшысы жалға жер сұраған жоқ«Астанада өткен келіссөздер барысында Қытай тарапы ауылшаруашылығы мақсатында Қазақ жерін жалға алу мәселесін сөз қылған жоқ» дейді Интерфакс-Қазақстан агенттігі. Бұл сөзді Қазақстан мен қытай басшыларының кездесуіне соң ҚР Ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев айтты. Қытай ... […]Askhat
- Министрдің “Келінінде” мін жоқ
БАҚ
БЛОГ БАСТАҒЫҢ КЕЛСЕ
Білім
Елді-мекендер
Жазушылар
Ислам дініне байланысты
Саясаткерлердің блогы
ағылшынша
My Mobile Blog
Қазақ блогшылары
- Akmonshak
- Aneshnik
- bahtgul65
- Balgyrgan
- Айбол
- Айкона
- Ансар
- Ақбөкеннің күнделігі
- Ақзере
- Баянның күнделігі
- Бақытгүл
- Бақытгүл апай
- Бақытнұр
- Бақыторал
- Бекжан Толыбай
- Бота
- Думан
- Дәмді
- Дәурен
- Елсерік
- Ертай Жалғас
- Жазира
- Жанарбек
- Жаңа Дәуір
- Жаңа Еуразия
- Жорықта
- Жырақта
- Зермарден
- Зәмираның блогы
- Исламбек Арыстанов
- Майклдың қазақша ойлары
- Малайзияда оқып жүр…
- Махамбет
- Меруерт
- Мұртаза Бұлұтай
- Нұрғиса
- Нұғман
- Русланннн
- Сары қыз
- Серікбайдың жантану блогы
- Сымбат
- Сәкен
- Сәкеннің Петербордағы күндері
- Сүйкімді
- Тараз қызы
- Техносиндром
- Тимур Бектұр
- Томирис
- Эльвира
- Ergen
- Fermer13
- Gastarbaiter
- Mafiyaoglu
- Әділ
- Әселханның шығармалары
- Қарақыздың АҚШ-та басынан кешкендері
- Қасқыр-Жанарбек
- Қолөнер
- Қуаныш
- Қысқа анекдоттар
- Құралайдың күнделігі
- Ruslannnn
- Shapagat
Қазақ журналистері
- Айман
- Айсағали – фотожурналист
- Алтынайдың блогы
- Асқар
- Гүлнәрдің Гүржістандағы күндері
- Дінмұхаммед
- Есенгүл
- Жанарай
- Кәмшат
- Мадина
- Мақпал
- Мөлдір әлем
- Нұрболат Аманжол
- Нұргелді
- Нұркеннің мақалалары мен ойлары
- Рахат Жақсыбай
- Серікбай Смағұлұлы
- Jan_Aina
- Әділбектің күнделігі
- Әлия Сембай
- Қалдыбек Жайсаңбай
- Қостанай қазағының блогы
Бөлімдер
-
Spam Blocked
Беттер
Salem!
Minber.kz
Twitter-Өрімтал
- Winter raining in Almaty 3 hours ago
- Екі қазақ, бір қырғыздың әкесі мен шешесі: http://wp.me/p5Gg5-xm 1 day ago
- ТЖМ: 21 желтоқсанда Астанада көшпелі бұлт шығып, қар жауады (-15-17) Алматыда күн бұлттанып, аздап жаңбыр жауады, (+6-8), ҚазТАГ 1 day ago
- Автобустағы мысығы бар қыз: http://wp.me/p5Gg5-xb 1 day ago
- Казахстан признан самой образованной страной мира » В мире » GZT.ru http://bit.ly/55YYC0 2 days ago
Блогқа жазылу үшін
-
Соңғы жазулар
-
Оқырмандар пікірі
sheber Екі қазақ, бір қырғыздың әкесі… адресінде Жазира Екі қазақ, бір қырғыздың әкесі… адресінде urimtal Екі қазақ, бір қырғыздың әкесі… адресінде Akzere Екі қазақ, бір қырғыздың әкесі… адресінде urimtal Автобустағы мысығы бар қы… адресінде -
Ең қызық жазбалар
Алдыңғы жазбалар
Ілмектер
Almaty barcamplv blogging Islam Kazakh Kazakh blogger Kazakh bloggers Kazakh Language Kazakhstan mobileblogging qazaqblogshilar Алматы Астана Білім алу Жаңаеуразия Ислам Малайзия блог дін жастар жас қазақ журналист журналистика ислам ислам діні кездесу мешіт мұсылман ораза саяхат сурет суреттер хадис экономика Қазақстан Құран қазақ қазақ блог қазақ блогшылар қазақ блогшылары қазақ журналистикасы қазақ тілі қазақша блог қазақша блогтар өрімталRSS-Өрімтал






Наурыз 2, 2008 at 08:07
осындай кездесулер шынымен де өте қажет, көп мәселелерді талқылап, жаңа қадамдар жасауға түрткі болады. Пы.Сы. Тобылға жеңіс тілеймін!
Наурыз 2, 2008 at 09:26
Ақтөбе – ЧЕМПИОН!!!
Наурыз 2, 2008 at 09:27
Асқат, жылы лебіздеріңізге рахмет!
Наурыз 2, 2008 at 17:51
Сізге рахмет!
Келесі кездесуде төбе көрсетерсіздер деген үміттемін…
Наурыз 3, 2008 at 03:25
О Асхат, жарайсың, біз өткізген жиналыстың тоқетерін жақсы жеткізіпсің..Кездесу мағанда ұнады..Осы деймін де, Алматыдағы блогшылар неге жиі жиналып тұрмасқа? Мысалға, әр сенбі, не болмаса жексенбі..Бұның барлығымызға пайдасы тиеді деп ойлаймын..
Мен де блогшылармен танысқаныма қуаныштымын..Кездесу жерінен Қуаныш, Аршат үшеуіміз бірге шықтық..Біраз жерге дейін жаяу жүріп, футбол туралы бірз әңгіменің басын қайырып тастадық..
Ақтөбенің ойыны ұнады..Тоболдан әлдеқайда мықты екендігін дәлелдеді..Бәрінен де Ақтөбелік фан қозғалыс жігіттерінің бірлігі мен достығы ұнады..Қызық күн болды..
Наурыз 3, 2008 at 03:31
Суреттегі Кәрім қайсысы екен, а?
Аршат, бір оқпен екі қоянды өлтіріп кеттіңіз. Жолыңыз болғыш екен
Наурыз 3, 2008 at 08:04
Кәрім, ең бірінші суретте, ақ жейде (көйлек) киіп отырған жігіт..
Аршат үшін бұл Алматы саяхаты сәтті болды деп хабарлайды ақпарат көздері..Галатасарайы Бешиктамка оңбай жеңілгені болмаса, жалпы бәрі жақсы болды..Сол Алматыны қиып кете алмай жүр..
Кеше қоштасып кетіп едім, енді таңертең жұмыста отырсам Алматыда екендігін білідіріп телефон соғып тұр..Сондай “загадочный” жігіт екен..:)))
Наурыз 3, 2008 at 08:45
Тағы бір қоянды көздеп жүрген шығар онда…
Наурыз 3, 2008 at 11:38
Бас қосуларыңыз жақсы өткен екен. Әңгімелесіп, танысып…..
Наурыз 3, 2008 at 12:19
қоңыр түс киіп отырған(екі қолын ашып қойып тығыз сөйлеп отырған) БАЛАНЫ бір жерден көрген сықылдымын, бірақ есімде жоқ, қайдан көргенім
Наурыз 3, 2008 at 15:50
Ақзере сен кездесуге бармағанмысың, қап

Сендерге ол өнер көрсетпегені өте мөте ыңғайсыз бопты 

аудармаларыңыз жеңілінен болғай, тезарада бітер иншаллах
Жомартты көріп қалдық бірақ жұмбақ адам секілді жұмбақ түскен екен
Негізі Бекжан ағамыз гитараны аяқ бармақтарымен де тартанынын көріп едім
Қуаныш қайда жүрсе де сұхбат беріп үйренген екі қолын сермеуінде ұмытпапты
Бәрін қойшы Бақытгүл қызымыз ортада ГҮЛ болып отыр ғой. Бір гүліміздің істеген істері ерлік қой.
Наурыз 4, 2008 at 04:57
Жаксы отырыс болды. Енді ашылған/ұсынған идеяларды іске асырайық.
Наурыз 4, 2008 at 07:28
Сәлем Ақтөбеден! Бүгін жеттім Ақтөбеме. Жақсы отырыс болды, танысқаныма қуаныштымын. Алматыда ойға жаңа тың идеялар келді, жақын арада жүзеге асырып көремі. Әрі қарай көрерміз.
Наурыз 4, 2008 at 15:00
Алғашқы суперкубокты ақтөбеліктер иеленді. Алғаш рет суперкубок иесін тапты. Ол дәстүрлі үлкен жарыстың басы болғай.
http://egemen.kz/?act=readarticle&id=6859
Кубоктарын құтты болсын.Аршат
Блогшылардың кіші құрылтай үлкен құрылтайға айналсын. Бақытгүл үлкен құрылтайда қыздарға орын көп дайындаңыз
Наурыз 4, 2008 at 22:09
Aiko Salem!
Siz meni kaidan korgensiz?
Esime tusirip bersen
Наурыз 5, 2008 at 07:09
Куныш есімде жоқ, мүмкін ұқсатқан шығармын, бірақ көрген нәрсе басымда қалады зрительный память дейді. ғо.
даже трамвайда қысылып тұрған кезде есімде қалған шығар
Наурыз 5, 2008 at 08:12
Күшті болған екен!!!:-)
Наурыз 5, 2008 at 19:31
Nagyz mahabbat avtobusta, trambaida, trolleibusta jolygady. Sondyktan kamdanyndar!!!
(Karis filmderinde sondai
)
Наурыз 5, 2008 at 19:38
Jogarydagy pikrim: Kuanysh pen Aikoga!
Наурыз 6, 2008 at 00:46
Иә, блогшылар бірін-бірі қоғамдық көлік ішінде де танып жатқаны қуанышты
Наурыз 6, 2008 at 09:52
Бақытнұр неге қамдан деп атсың?
жәй “түрі” таныс деп едім “анандай” айтып кеткенсіңдер ме
Наурыз 7, 2008 at 14:33
“anandai”-yn kyzyk eken… Endi jastar tanys bilis bolyp atsa biz razymyz goi
Наурыз 7, 2008 at 17:26
Men de sony aitamyn da… Kerisinshe jaqynyraq tanysudig edi keremet mumkindigi tudy emes pe? Ortaq angimege de taqyryp bar
Наурыз 9, 2008 at 07:20
Айко өзі айтушы еді, “үнемі тілімнен авария болып жүрем дачы” деп…
Наурыз 11, 2008 at 05:49