Бәлкім сен де байқаған боларсың. Бүгін күні бойы “Жаңаеуразия” ашылмай тұрды. Себеп? Себебін өзім де білмеймін. Админге хабарласып едік, ол қазір соны іске қосумен айналысып жатыр. Мұрын сіңбірер бос уақыты жоқ.
Өз басым, билік тарапынан болған әрекет дегенге сене алмаймын.
Себебі күні кеше баспасөз мәслихатын өткізген. Инкар.инфо интернет-радиосының жігіттері: “Бізді үкімет жауып тастады” деп шулаған. Сөйтсе олардың сайты тек Қазақстанда ғана ашылмайды екен. Шетелдегілер және анонимді прокси-сервер арқылы қарағандар көре алатын болып шықты. Яғни, билік тарапынан жабылған күннің өзінде өзге елде ашылуы керек. Ал “Жаңаеуразия” еш жерде ашылмай тұр. Шамасы кінәрат өзімізден болған шығар деген ой бар. Екіншіден, жұрт үркетіндей, әлдебіреудің намысына тиетіндей ештеңе жазбаған тәріздіміз.
Не де болса, алғаш рет мұндай жағдаймен ұшырасып отырмын. Арты не болар екен? Тезірек іске қосылса екен деп тілеп отырмын. Не де болса, һайырлысы болады емес пе?!
Жаңа ғана “Жаңаеуразия” іске қосылды. Шамасы техникалық бір жөндеулер жүргізілген-ау.
-
1
Кері сілтеме (Pingback) on Feb 19th, 2008 at 16:47
[...] көкейкестілікті жеделділікпен ұштастырған жөн. Мысал. 2. Неліктен дәл осы тақырып? Бұл маңыздылық критериі. [...]




Ақпан 19, 2008 at 18:57
Сонда қалай, алдын-ала ескертпей ме? Мүмкін “өз еркіңізбен” көнерсіз, кім білген?
Бірақ шығады біздердкінен, шығады…
Ақпан 19, 2008 at 19:02
Негізі Инкар инфодағы жігіттерге алды ала ескерткен екен. Көнбепті.
Ақпан 19, 2008 at 22:03
Арғыкүні ресмилер шынымен жауып тастайтындай бірдеңе шығарып көрейін онда блогыма
Ал жігіттер, эксперимент арғыкүні! Блогым ашылмаса, өзіммен пошта арқылы хабарласып көріңіздер! Өзім де жауап бермесем – Құсмұрын жақтан сұрастырып көрерсіздер…
Ақпан 20, 2008 at 03:23
Ереке, айға шапқан арыстан болдыңыз-ау…! Сіз онсыз да ойыңызды мысқылмен, жеңіл қалжыңмен жеткізудің тамаша тәсілін таптыңыз. Сол күйінде жазып жеткізсеңіз жұртқа да қызық, өзіңізге де жақсы. Ал блогыңыз жабылып жатса, орны толмас өкініш болар еді…
Ақпан 20, 2008 at 10:06
хостинг немесе доменнің ақшасы төленбей қалып жабылып қалған шығар, ондай ондай болады ғой. бірден астыртын ойларға кетіп қалмаңдар, кээнбы жауып тастады деп.
Ақпан 20, 2008 at 10:13
Жөн сөз, Аршат! Сәл бір қиындық туа қалса, бірден қаралы ойларға берілетініміз жаман. Негізі жай ғана бір техникалық ақау болған екен. Қазір бәрі істеп тұр.
Ақпан 20, 2008 at 23:35
Аршат, осы сен бар ғой, иә… Нең бар ей… Өз жөніңмен отырудың орнына, жоқ, әбизәтілні бір жерді шұқып отыру керек… Қою керек қой, е..