256294984-wince.jpgБәлкім сен де байқаған боларсың. Бүгін күні бойы “Жаңаеуразия” ашылмай тұрды. Себеп? Себебін өзім де білмеймін. Админге хабарласып едік, ол қазір соны іске қосумен айналысып жатыр. Мұрын сіңбірер бос уақыты жоқ.

Өз басым, билік тарапынан болған әрекет дегенге сене алмаймын.

Себебі күні кеше баспасөз мәслихатын өткізген. Инкар.инфо интернет-радиосының жігіттері: “Бізді үкімет жауып тастады” деп шулаған. Сөйтсе олардың сайты тек Қазақстанда ғана ашылмайды екен. Шетелдегілер және анонимді прокси-сервер арқылы қарағандар көре алатын болып шықты. Яғни, билік тарапынан жабылған күннің өзінде өзге елде ашылуы керек. Ал “Жаңаеуразия” еш жерде ашылмай тұр. Шамасы кінәрат өзімізден болған шығар деген ой бар. Екіншіден, жұрт үркетіндей, әлдебіреудің намысына тиетіндей ештеңе жазбаған тәріздіміз.

Не де болса, алғаш рет мұндай жағдаймен ұшырасып отырмын. Арты не болар екен? Тезірек іске қосылса екен деп тілеп отырмын. Не де болса, һайырлысы болады емес пе?!

Жаңа ғана “Жаңаеуразия” іске қосылды. Шамасы техникалық бір жөндеулер жүргізілген-ау.