Бірінші күн: SunSetBar
Ақпан 9, 2008 in Саяхат
Tags: barcamplv, Kazakh bloggers, QB
Таңертең ерте тұрдым. Уақыт айырмашылығы қатты сезіледі. Бір бөлмеде жетеуміз. Түнде Нұргелді және таң ата Әзірбайжаннан тағы төрт бала келді. Бірінші күні тек тіркелу болды. Бақытгүл хэлп тимге жазылған. Негізі бәріміз де жазылдық. Мен бүгін хэлп тимдамын. Қазір бір сағаттан соң баруым керек.
Сонымен Ривал отеліне тіркелуге бардық. Адам деген ығы-жығы. Барлығы мыңнынң үстінде қатысушы болса, оның бес жүзге жуығы шетелден келгендер. Шамамен әлемнің отыз бес елінен қатысушылар келмек. Тіркеліп болған соң, мешітке Жұма намазға бардық. Ригадағы жалғыз мешіт. Жамағт енді-енді жиналып келеді екен. Көп қабатты үйдің екінші қабатын жалға алыпты. Мұсылманшылықты қабылдаған көптеген латыштарды кезіктірдім. Әлһамдулиллаһ!
Жұма намаз сағат екіге қарай аяқталды. Біз қаланы аралайтын топтан қалып қойдық. Бақытгүл Юрмаланы көруге кетті. Сағат төртте басқа бір топқа қосылып, Риганы тарихының мұражайына бардық. Тарихы тереңде екен. Рига деген сөз “рожь” дегеннен шығады деп түснідірді. Аңыз бойынша Христофор деген судың ішінен адамдарды өткізуші бір адам, бір күні баланың жылаған дауысын естіпті. Сөйтсе, өзеннің бір жағасында бала тұр. Сол баланы судың екінші жағасына көтеріп апара жатқанда, иығына отырғызған баланың салмағы ауырлап бара жатқанын аңғарады. Содан жағаға жеткенде әл-дәрменені қалмай, шаршағаннан ұйықтап қалады. Көзін ашса, бала орнында бір сандық алтын тұр. Рига қаласы осы алтынмен қаланған-мыс.Аллаһ нәсіп етсе, Совет одағының отарлау тарихының мұражайы бар. Соны да көрмек ойым бар.
Кеше Германиядан келген Оливермен, Австриялық Алекспен, Америкалық бір қызбен, украиналықпен, т.б. көптеген адамдармен таныстым. Латвияда орысша сөйлей берсең болады екен. Кей кездері ғана ағылшын тілін қолданып жатырмын. Баркэмптің жұмыс тілдері орыс, ағылшын және латыш тілдері.
Қуаныш екі жоба ұсынған. бірі білімге екіншісі аудармаға байланысты. Бүгін немесе ертең сол жобаны демеушілерге таныстырмақшымыз. Жоба туралы қысқаша айтар болсам, Open edu – студенттерге арналған ашық білім порталы болмақ. Ал audarma – тұтас мәтінді аударуға жәрдемдесетін ашық портал.
Кешке бәрімізді СанСэт бар деген бір жерге жинады. Бірінші күні тіркеліп үлгергендер келді. Ол туралы видеоны төменнен көре аласың (Ескерту: жеке өз басыма бұл отырыс ұнаған жоқ). Жоғарыдағы суретте Қазақстаннан келген блогшылар мен сол жақта танысқан Тимур және Саша есімді жігіттер. Тимурдың әкесі қазақ, бірақ Қырғызстанда тұрған. Енді Голландияның азаматтығын алып жатыр. Сол жақта тұрып, жұмыс істеп жатқанына сегіз жыл болыпты. Негізгі мамандығы лингвист. Екінші суретте Бақытгүл Эльвираның тамақтарының таныстырылымын жасап жатыр
neweurasia – қазақша- Машкеевич Қостанайдағы синагогаға Тәуратты алып кірдіҚазақ топырағына тағдырдың айдауымен келген жөйттердің Қазақстандағы өмірі өткен аптада әлемдік баспасөз бетінде сөз болды. Сондай ақ Астананың туған күніне орай еліміздегі ұлттық саясаттың көріністері, білім беру жүйесіндегі олқылықтар шетелдік журналистердің көзқарасы тұрғысынан сарапталды. Қостанайда ашылған жаңа синагогаға қатысты мақаласын The Jerusal […]Askhat
- Әрбір он оқушының біреуін мұғалімі «аңдып» жүрБілім беру жүйесіндегі адам құқының, әсіресе оқушылардың құқының сақталуын қадағалайтын ұйым IWPR (Соғыс және бейбітшілік институты) сайтында «Қазақстан мектептерінде зорлық-зомбылық толастамай отыр» атты мақала жариялады. Мақалада соңғы жүргізілген сауалнама бойынша қазақстандық әрбір он оқушының біреуі мұғалімі тарапынан қудаланады делінген. Мақала автор […]Askhat
- Қазақша «Мой мир» қандай болуы керек?Қазнеттің қолданушылар саны 16 пайызға жеткенімен, отандық қолданушылардың Қазнет сапасына көңілдері толмай отыр. Интернет мамандар бұның басты себебі сапалы хостингтің болмай тұрғаны, әрі заң нормаларының жүйленбеуінен деп санайды. Интернетте ұлттық әлеуметтік желілердің жоқтығы, қазақстандықтардың басым бөлігі ресейлік сайттарға маталып отырғанының салда […]Askhat
- Интернет-нарық жаңа заңнан шошып отырЕліміздегі ақпараттық коммуникациялық желілерге қатысты заңдарға өзгертулер енгізілген соң, қазақ интернетінің ғұмыры қысқарады деушілер бар. Басты себеп, егер заңға Елбасы қол қоятын болса, интернет қызметін тұтыну қымбаттай түспек, нәтижесінде жұрт өзге елдің ғаламторына көшпек. Жаңа заңның өзге де салдарын сараптау үшін “Medianet” халықаралық журнал […]Askhat
- Денис Тен - Қазақстаннан шыққан “феномен”Шетелде адамның болмысы ұлтына емес, азаматтағына қарай анықталады. Мәселен, Қазақстаннан барған азаматтардың барлығын америкалықтар “қазақ” деп қабылдайды. Бұл жерде олар ұлтын емес, азаматтығын айтып отыр. Баспасөзі де солай жазады. Әдетте “Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері азаматтық қоғамның дамуына ат салыспайды, сылбыр қарайды. Қазақ т […]Askhat
- Машкеевич Қостанайдағы синагогаға Тәуратты алып кірді
БАҚ
БЛОГ БАСТАҒЫҢ КЕЛСЕ
Білім
Елді-мекендер
Ислам дініне байланысты
Саясаткерлердің блогы
ағылшынша
My Mobile Blog
Қазақ блогшылары
- Akmonshak
- bahtgul65
- Balgyrgan
- Айбол
- Айкона
- Ансар
- Аршат
- Ақбөкен Ерқұмарұлы
- Ақзере
- Баянның күнделігі
- Бақытгүл
- Бақытгүл апай
- Бақытнұр
- Бақыторал
- Бекжан Толыбай
- Бота
- Думан
- Дәмді
- Дәурен
- Елсерік
- Ертай Жалғас
- Жанарбек
- Жаңа Дәуір
- Жаңа Еуразия
- Жорықта
- Жырақта
- Зермарден
- Зәмираның блогы
- Исламбек Арыстанов
- Малайзияда оқып жүр…
- Махамбет
- Меруерт
- Мұртаза Бұлұтай
- Нұрғиса
- Нұғман
- Русланннн
- Серікбайдың жантану блогы
- Сымбат
- Сәкен
- Сәкеннің Петербордағы күндері
- Сүйкімді
- Техносиндром
- Томирис
- Эльвира
- Ergen
- Fermer13
- Әділ
- Әселханның шығармалары
- Қарақыздың АҚШ-та басынан кешкендері
- Қолөнер
- Қуаныш
- Қысқа анекдоттар
- Құралайдың күнделігі
- Ruslannnn
- Shapagat
Қазақ журналистері
- Айман
- Айсағали – фотожурналист
- Алтынайдың блогы
- Асқар
- Гүлнәрдің Гүржістандағы күндері
- Дінмұхаммед
- Есенгүл
- Жанарай
- Кәмшат
- Мадина
- Мақпал
- Мөлдір әлем
- Нұрболат Аманжол
- Нұргелді
- Нұркеннің мақалалары мен ойлары
- Рахат Жақсыбай
- Серікбай Смағұлұлы
- Jan_Aina
- Әділбектің күнделігі
- Әлия Сембай
- Қостанай қазағының блогы
Бөлімдер
-
Moblog – қалтафоннан интернетке!
-
Spam Blocked
Беттер
-
Salem!
Twitter-Өрімтал
- First time met Iranian student in KL who voted for Ahmadinejad. 3 days ago
- Шыңжаңда жағдай ушығып бара жатырhttp://www.google.com/hostednews/ap/article/ALeqM5j794twyjYyjeOIdsKWwzCUhsgvUAD998U9KG0 6 days ago
- @adamkesher саған қазақша әндер ұнайды деп ойламаппын :) Мамыр ұнаса Еуропаны таңқалдырған қазақ қызы Saadat Turkoz да ұнайтын шығар :) 1 week ago
- @Kudaibergen халал твиттерді қай жерден көріп жүрсің? 1 week ago
- Рамазан айы да жақындап қалды. Өміріңдегі ең алғашқы ораза http://bit.ly/3teBNA via @addthis 1 week ago
-
Fattah-Education
-
Малайзияда оқып жүр…
-
Блогқа жазылу үшін
-
Соңғы жазулар
-
Оқырмандар пікірі
Bayan Интернет өзгерткен 5 нәрс… адресінде urimtal Интернет өзгерткен 5 нәрс… адресінде elvira Интернет өзгерткен 5 нәрс… адресінде bahtgul65 Тек өзіме ғана айтайыншы… адресінде aral53 Тек өзіме ғана айтайыншы… адресінде -
Ең қызық жазбалар
Алдыңғы жазбалар
Ілмектер
Алматы Астана Білім алу Жаңаеуразия Ислам Малайзия Тарих блог дін жастар жас қазақ журналист журналистика ислам мешіт мұсылман саяхат сурет суреттер хадис экономика Қазақстан Құран қазақ қазақ блог қазақ блогшылар қазақ блогшылары қазақ тілі қазақша блог қазақша жарнама өлең Almaty barcamplv blogging Islam Kazakh Kazakh blogger Kazakh bloggers kazakh journalist Kazakh Language Kazakhstan mobileblogging neweurasia qazaqblogshilar QB




Ақпан 9, 2008 at 08:08
Өзі жан-жақтан жиналыпты ғой. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін! Рига әдемі қала екен, Нұргелдінің суреттерін көрдім. Екінші суреттегі “Алға Қазақстан” жазуы өте керемет жазылған.
Ақпан 9, 2008 at 08:12
Қызықты кездесу болып жатыр екен. Асеке, енді ана бір отарлау тарихы музейі туралы егжей-тегжейлі мақала жазсаң, өте қызық болар еді біз үшін.
Ақпан 9, 2008 at 08:13
Әзір жиырма шақты елден келіп тіркелді. “Алға, Қазақстан” Қуаныштың шалғысы ғой, Арамыздағы футбол жанкүйері.
Ақпан 9, 2008 at 08:16
Отарлау тарихы мұражайына баратын уақыт және ақша тапсам жақсы болар еді. ИншАлаһ барып көрмек ниетім бар. Ереке, бұл нағыз сіз секілділер қатысатын жер негізі.
Ақпан 9, 2008 at 20:38
Сендер жобаны қай тілде дайындадыңдар, ағылышн тілі ме әлде орыс тілі ме?
Ақпан 10, 2008 at 02:06
Jaksy, aman esen KZ ge oralyngdar.
Sattilik tileimin.
Ақпан 11, 2008 at 06:01
Ана қыздың (Бақытгүл болса, ренжіме, танымағаннан кейін) ноутбукте көрсетіп отырғаны, түріктердің тағамы “маклюбе” ғой..:))
Қателеспесем суретті де танып отырмын кімнің түсіргенін..:)))
Ақпан 11, 2008 at 07:01
Бақытгүл осы маклюбенің суреттін қатысушылардың бәріне көрсеткен шығар
Эльвираның аспаздық блогына біраз ПиАр жасадық.
Ақпан 11, 2008 at 14:24
massagan!!! netken tamasha seminar! jaraysizdar! kazak blogtary damy bersin
Mende bargym kelip ketty, birak ogan professional programmister nemese jurnalister baratin uksaydi goi… jane ogan adeby tilde bay soilei bilu kerek shygar …
Ақпан 11, 2008 at 15:35
Мақлүбә Негізі түріктің емес арабтардың тағамы ғой, әшейін түріктер асханаларын әр ұлттың тағамын алып, рецептерін өзгерткен ғой.
Ақпан 12, 2008 at 02:18
Сөйтсе, маклюбе туралы айқау-шу шығып кеткен екен дейд…
Ал Талғар түрік-қазақ қыздар лицейінің түлектерінің көбісінің асханалық іске шебер екенін біліп жатырмыз… Несі бар, жақсы ғой… Аноу Фелис ханым (Керванджыоғлұ) мен Мехметтер туралы кинода да Косованың анасы шыр-пыр үнемі, неше түрлі дәм істеп. Әйел адам ерінің аз мәзірі үнемі дәмді болуы керектігін алға тартады. Бірақ, менің білуімде, Түркия Республикасындағы асханаларда еркеккіндікті аспаздар басым ба деймін…
Жарайды, бұл тақырыпқа тікелей қатысты емес шығар.
Маңыздысы, Бақытгүлдің алдындағы “ҚАЗАҚСТАН” шоколады!!!
Тәттіқұмар біздерден сұрай берсеңіздерші… “Рахат” кондитерлік фабрикасының бар болғаны рахат болды… Бірақ, соңғы кездерде “рахаттанудан” да сескенетіндер бар екен. Неге екенін білмеймін…
Ақпан 18, 2008 at 08:09
ооо Бақытгүл андағы екі Нұргүлдің туындысы өткендегі маклюбеміз ғой:))