Рига, мені қарсы ал!
Ақпан 6, 2008 in Саяхат
Tags: barcamplv, Kazakh blogger, QB
… Аллаһ нәсіп етсе, санаулы сағаттардан соң Қуаныш пен Бақытгүл үшеуміз Питерге ұшамыз. Қобалжулымын. Питер өзінің ұлтшылдығымен, талай адамның қанын жүктеген қала ретінде елестейді. Бірақ марқұм анашым кезінде осы қалаға қыдырып барған еді. Ол кезде Орыс Империясы еді. Ал енді…Тәуелсіз елдің жастары жаңа медия технологияның қыр-сырын терең меңгеру үшін ғана емес, білгенімен бөлісу үшін Балтық жағалауындағы елге ұшып бармақшы. Әлі заттарым дайын емес. Мен болсам, шулы Алматының бір бұрышындағы интернет-кафеде отырмын. Үйде достарым күтіп отырған шығар. … Жұмыстан сұрандым. Дұрысы қашып шыққандай болдым. Жазғың келмеген дүниені өзіңді қинап отырып жазу, әрі жазғаныңның ұнамайтынын біле тұра басшылыққа көрсету не деген азап! Сонша сенім артып еді. Сенімдерін ақтай алмай қалдым ба? Жазу үшін күнде шыңдалу керек. Көркем сөз көрікті ойдан ғана көрініс таппақ. Көркемдіктен ұзап барамын ба, сонда? Әлде бұрынғыдай көкте қалықтап ұшқанды қойып, жерге қонғаным ба… Кешеден бері Ригаға қандай мақсатпен, қандай ниетпен баратынымды ойлаудамын. Бастысы ниетімді дұрыстап алуым ғой.Мүмкін сен сенбессің, бірақ Латвияда Орыс империясы тұсында күшпен көшірілген қазақтардың ұрпағымен кездескім келеді. Мүлдем орыстанып кетті ме екен. Қабірлері қай жерде екен? Құран оқыр ма едім… Бүгін Ригадағы мұсылман бауырым: «Мешітке бір-екі қазақ бала келіп жүреді» деп хат жазды. Қуанып қалдым. Әлһамдулиллаһ! Жүрегінде иманы бар қазақ жастары Балтық теңізінің жағалуында да жүр екен ғой. Мағжан: «Иман күшті оларда Мен жастарға сенемін» дегенде сол авиацияда оқып жүрген қазақ жастары туралы айтқан шығар.Тым сезімшіл, әсершіл болып кеттім. Бүгінгі Бекжанның менімен жазған сұхбатының да әсері бар ғой деймін. Өзімді тым қатты жарнамалап жібердім бе деп ойлаймын. Сеннен ұят болды-ау! Мен кетейін. Мына кафеде интернет тым қымбат. Сағаты 350 теңге. Егер Питердің әуежайында немесе Алматы әуежайында интернет болса, тағы бір ойларымды түсірермін. Сенен бір өтініш, уақытың болса «Жаңаеуразиядағы» блогыма кіріп, пікір қалдыруыңды сұраймын. «Неге?» деп сұрама, себебін өзің де білетін боларсың. Аман бол! Дұға қыл!
neweurasia – қазақша- Гуглдың толқыны«Гуглдың» айтуынша, жаңа сервис Google Wave технологияларға бұрын ешкім естімеген жаңалық әкелуі тиіс. Бүгінде Гуглдың «Толқыны» өткен айдың ең көп талқыланған тақырыбы болып саналады. «Твиттер» мен блогтарда Google Wave-ке кіру үшін шақыруларды беру-алу рәсімдері жиі болып жатты және әлі де болып жатыр. Сонымен, Google [...] […]Arsik
- Қазақ интернеті: форумдарӘлемторда қазақ тілінде мәліметтердің қашан, қалай пайда болғанын анықтау емес, мендік мақсат - қазіргі біздің алдымызда тұрған негізгі мәселелер мен қазіргі жағдайымыз. Интернетте қазақ тілінде сайттар мен блогтар, күн санап болмаса да бірте-бірте көбейіп келеді. Соңғы бір екі жылдың ішінде интернетте қазақ тілінде мәліметтер толысып, көбейіп келеді. Бұл жа […]Askhat
- Каспий газы Қытайға тасымалдануы мүмкінЕуропа өзіне тықыр таянғанын сезе бастады. Каспий қайраңындағы мұнай мен газдан дәмелі кәрі құрлық энерго саясатына өзгерістер енгізбесе, Қытай мен Үндістан негізгі тұтынушыларға айналмақ. Осы аптадағы Еуропалық басылым, Каспий теңізінің маңындағы елдер қазба байлықтарын Батысқа емес, Шығысқа экспорттауды ойластырып жатыр деп дабыл қағуда. «Қазақстан мен Әзі […]Askhat
- Бес баланы асырап отырған 22 жастағы Әйгерім22 жастағы Әйгерім бес жетім баланы асырап отыр дегенді естіген боларсыңдар. Бұл меніңше, бір Әйгерім емес, бірнеше әйгерімдердің басында бар жағдай. Тек айтылмайды. Жұртқа жария етілмейді. Меніңше, үкімет халықтың санын өсіремін десе, осындай жағдайға тап болған оқиғаларға қатысты арнайы қаулы, яки бағдарлама қабылдауы керек. Түптеп келген, үкімет әлі күнге […]Askhat
- Әкім халықпен sms арқылы байланысқанды жөн көредіӘкімдердің қалтафоны қандай екен? Сөзсіз соңғы үлгідегісі болуы керек. Әйтпесе, жұртшылықтан sms арқылы сауал алмас еді. Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласының әкімі, енді онлайн байланысқа емес, sms байланысқа шықпақшы. Апырым-ай, әкімдіктегі қарапайым телефон істемей қалды ма, әлде есіктің аузына күзетші қойып қойды ма деп таңдандым. Жұртқа «sms жібер!» дейті […]Askhat
- Гуглдың толқыны
БАҚ
БЛОГ БАСТАҒЫҢ КЕЛСЕ
Білім
Елді-мекендер
Жазушылар
Ислам дініне байланысты
Саясаткерлердің блогы
ағылшынша
My Mobile Blog
Қазақ блогшылары
- Akmonshak
- Aneshnik
- bahtgul65
- Balgyrgan
- Айбол
- Айкона
- Ансар
- Ақбөкеннің күнделігі
- Ақзере
- Баянның күнделігі
- Бақытгүл
- Бақытгүл апай
- Бақытнұр
- Бақыторал
- Бекжан Толыбай
- Бота
- Думан
- Дәмді
- Дәурен
- Елсерік
- Ертай Жалғас
- Жазира
- Жанарбек
- Жаңа Дәуір
- Жаңа Еуразия
- Жорықта
- Жырақта
- Зермарден
- Зәмираның блогы
- Исламбек Арыстанов
- Майклдың қазақша ойлары
- Малайзияда оқып жүр…
- Махамбет
- Меруерт
- Мұртаза Бұлұтай
- Нұрғиса
- Нұғман
- Русланннн
- Серікбайдың жантану блогы
- Сымбат
- Сәкен
- Сәкеннің Петербордағы күндері
- Сүйкімді
- Техносиндром
- Тимур Бектұр
- Томирис
- Эльвира
- Ergen
- Fermer13
- Gastarbaiter
- Mafiyaoglu
- Әділ
- Әселханның шығармалары
- Қарақыздың АҚШ-та басынан кешкендері
- Қолөнер
- Қуаныш
- Қысқа анекдоттар
- Құралайдың күнделігі
- Ruslannnn
- Shapagat
Қазақ журналистері
- Айман
- Айсағали – фотожурналист
- Алтынайдың блогы
- Асқар
- Гүлнәрдің Гүржістандағы күндері
- Дінмұхаммед
- Есенгүл
- Жанарай
- Кәмшат
- Мадина
- Мақпал
- Мөлдір әлем
- Нұрболат Аманжол
- Нұргелді
- Нұркеннің мақалалары мен ойлары
- Рахат Жақсыбай
- Серікбай Смағұлұлы
- Jan_Aina
- Әділбектің күнделігі
- Әлия Сембай
- Қалдыбек Жайсаңбай
- Қостанай қазағының блогы
Бөлімдер
-
Spam Blocked
Беттер
Salem!
Minber.kz
Twitter-Өрімтал
- On the way: http://wp.me/p5Gg5-vE 1 hour ago
- Сауалнама! Интернеттің қазақ тілді бөлігі http://bit.ly/3SKaUQ 16 hours ago
- Интернеттің қазақ тілді бөлігі: http://wp.me/p5Gg5-vB 16 hours ago
- Berlusconi applauds Kazakh men’s virility! | Sindh Today - Online News http://bit.ly/3I0e7U 22 hours ago
- @Quessir Келіп алып кетсең болады. Сейфуллин мен Бөгенбайдамын. қалтафонға белгі берерсің :) 22 hours ago
Блогқа жазылу үшін
-
Соңғы жазулар
-
Оқырмандар пікірі
urimtal Күніне осы жерді екі рет тапта… адресінде aizhannur Күніне осы жерді екі рет тапта… адресінде Zh Намазхандар жиі ажырасып … адресінде Adil Намазхандар жиі ажырасып … адресінде technosyndrom Намазхандар жиі ажырасып … адресінде -
Ең қызық жазбалар
- Намазхандар жиі ажырасып жатыр...
- Нұреке, сізге айтамын...
- Жұма күні өлімді еске алуға қалай қарайсың...
- Қазақ әндерін қайдан табуға болады?
- «Жас қазақтың» сайты ашылды
- Ұлттық идеология наннан басталады
- Күніне осы жерді екі рет таптап өтемін
- Туған күн өтті осылай...
- Интернеттің қазақ тілді бөлігі
- Намаз оқып үйренейік
Алдыңғы жазбалар
Ілмектер
Almaty barcamplv blogging Islam Kazakh Kazakh blogger Kazakh bloggers Kazakh Language Kazakhstan mobileblogging qazaqblogshilar Алматы Астана Білім алу Жаңаеуразия Ислам Малайзия ағылшын тілін үйрену блог достар дін жастар жас қазақ журналист журналистика ислам ислам діні кездесу мешіт мұсылман ораза саяхат сурет суреттер хадис экономика Қазақстан Құран қазақ қазақ блог қазақ блогшылар қазақ блогшылары қазақ журналистикасы қазақ тілі қазақша жарнамаRSS-Өрімтал





Ақпан 6, 2008 at 14:53
Асхат аға, жолдарыңыз болсын. Ригаға аман-есен барып қайтыңыздар. Бізге аман-саушылықтарыңызды білдірткізіп, блогыңызға хабарлап жатарсыз. Көп жаңа идея, жаңа мағлұмат күтудеміз.
Ақпан 6, 2008 at 14:57
Асхат, должарың болсын! Блоггинг пен журналистикаға пайдалы болатын бағалы ақпараттарды жинап келетіндеріңі сенімдімін. Шабытталың ұшталып, шығармашылықтарың дамуда болсын!
Ақпан 6, 2008 at 15:20
Joldaryn bolsin!
Jaksy barip kelinder!
Ақпан 6, 2008 at 15:53
Аман барып, сау қайтыңдар, бауырым! Қызықты өтсін!
Ақпан 6, 2008 at 18:16
Biz kasinizda bolamiz kobaljimaniz!
Ақпан 6, 2008 at 21:47
қашан боласың питерде. телефон шал. 8 905 232-24-98. питердеде бар бір қазақ.
Ақпан 7, 2008 at 13:07
Асхат аға, Үлкен сапарда сіздерге үлкен сәттіліктер тілеймін. Аман-есен елге оралып, пайдалы әрі маңызды мол ақпараттар жинап келіңіздер.
Ақпан 7, 2008 at 16:33
“sen” degeni kim eken