Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен “Көкжиек” баспасының ұйымдастыруымен студенттер және оқушылар арасында

“МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАР (с.ғ.с.) - АДАМЗАТТЫҢ АРДАҚ ТҰТАР ТҰЛҒАСЫ”

атты прозалық шығармалар бәйгесі жарияланады.

Бәйгеге жіберілетін шығармалардың көлемі компьютерлік бес беттен аспауы тиіс.
Тақырыпқа қойылатын басты талап - Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың ұлылығын дәріптеу, адамзатқа үлгі, ғибрат болған істерін әдеби тілде жеткізе білу.
Байқауға қатысатын шығармалар 2008 жылдың 10-наурызына дейін жіберілуі керек. Бәйгенің қорытындысы «МӘУЛІТ» мерекесі күні жария етіледі.

1 - орын - 150 000 теңге (біреу)
2 - орын - 125 000 теңге (біреу)
3 - орын - 100 000 теңге (біреу)
Ынталандыру - 10 000 теңге (жетеу)

Окушыларға арналған сыйлықтар:
1 - орын - 125 000 теңге (біреу)
2 - орын - 100 000 теңге (біреу)
3 - орын - 75 000 теңге(біреу)
Ынталандыру - 10 000 теңге (жетеу)

Шығармалар мына мекен-жайға жіберілуі тиіс:
050004, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 64/2 үй, 33 пәтер,
Тел/факс: 8(727)2456 097


  1. Бекжан Толыбай

    Ұйымдастырушылардың электрондық пошталары жоқ па екен?

  2. Бекжан Толыбай

    Ал былай сыйлыққа берілетін сомалар қомақты екен…Енді көпшілік жайып, көбірек адам қатысса, сосын барлық шығармаларды жинар кітап қылып басса болды. Жақсы дүние болады.

  3. urimtal

    Пошталарын өкінішке қарай көрсетпепті. Негізі э-пошталары болса, шынымен де жеңіл болар ма еді. Мүмкіндік болса, мүфтиятқа хабарласып сол жағын сұрастырып көру керек екен.

  4. janarai

    Inshalla, mundai jaksy igi ister kuantady.

  5. huanysh

    osilai Muhammed paigambarimizga kiziktirgani jaksi is,
    tek chin nietpen katisip, tabis kumasa eken dep tileimin!

  6. Арсен

    Salamatsyzba, Eger berilgen meken jaiga, powtamen emes, kelip wygarmamdy tapsyrsam kabyldanady ma?

  7. urimtal

    Сәлем, Арсен! Әрине, өзің келіп тапсырсаң жақсы болады. Бірақ алдын ала телефонмен хабарласып, оларға: “Мен келе жатырмын. Сіздер орындасыздар ма?” деп сұрап алғанның артықтық етпес. Аллаһ жеңілдігін берсін!

  1. 1 Пайғамбарымыз туралы шығарма жазып, байқаға қатысқың келсе… « Өрімтал

    [...] Ақпан 16th, 2008 Кейбір оқырмандарым өтікізіліп жатқан Шығармалар байқауына қатысты біраз сұрақтар қойған еді. Орайы келген соң, [...]



Leave a Comment