Интернетті де қазақ тіліне бағындыруға болады. Ол үшін программист немесе журналист болу шарт емес. Қазақ жастары қазірдің өзінде жаңа медия технологиялар арқылы қазақ тілінде блог ашып, интернет арқылы ақша табуға көшті.
25-қаңтар, Жұма күні, Қарағанды қаласы, Кривогуза к-сі, 5 (5-қабат) «БАҚ-қа құқықтық жәрдем беру орталығы» ұйымының кеңсесінде Блогқа, Интернетке байланысты «Қазақ тілінде блог жүргізудің қыр-сыры» деген тақырыпта «neweurasia.net» Орталық Азия блогтар жүйесінің қазақ бөлімінің үйлестірушісі бір күндік арнайы семинар өткізеді.
Семинарда қазақ журналистеріне, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен жалпы интернеттің қазақ тілді бөлігіне қызығушылық танытқан жандарға қазақ тілінде блог (жеке сайт) жүргізудің жолдары көрсетілмек.
Жеке блог ашып, интернеттің қоғамға тигізер әсері жөнінде мағлұматтармен бөліскің келсе, блог, азаматтық журналистика, интернет деген сөздер қызығушылық тудырса, өз өтінішіңді askhat [at] neweurasia [nukte] net э-поштасына жолда. Өтініш хатта бұл семинарға не себепті қатысқың келетініңді баяндасаң жеткілікті.




Қаңтар 21, 2008 at 13:27
Асхат қазақша мақалаң менде дұрыс көрінбеуде, квадрат квадрат болып кеткен. мысалы і, ә, қ, ұ, оқылмай тұр. Бәлкім Тахома шрифіне салып қайта жазсаң.
Қаңтар 21, 2008 at 14:56
Ескертуіңе рахмет. Астанада басқа біреудің компьютерінен жазып отыр едім. Жөндеп көрейін. Дер кезінде ескерткеніңе Аллаһ разы болсын!
Қаңтар 21, 2008 at 19:27
Ойлаған мақсаттарың сәтті өтсін, блоггерлер саны көбейіп ендігіде Қарағанды жастарын көріп танысып, аралас құралас, қоян қолтық болайық болашақта.
Асхат ШАРШАМА ЕШҚАШАН!
Қаңтар 22, 2008 at 10:58
удачи!
Қаңтар 26, 2008 at 09:57
Әссәләму ъалейкум Асхат, осыдан 2-3 ай бұрын Мәссаған.ком-дағы сілтемелер арқылы өзіңнің осы блогыңа тап болғаным ойға оралып түсіп отыр. Қазір толық есімде жоқ, “Құран оқу” жөнінде бір мәліметтер жазған болатынсың. Шынымды айтсам, одан алдын “блог” деген нәрсені естіп көрмеген екем. Әлемтордан жеке парақ ашуға болады екен ғой – деп қана түйген едім сол кезде. Енді міне, сол ниетім біртіндеп жүзеге асуда. Алла разы болсын саған, Асхат. Бір-екі діни блогтарды айтқан едің сол кезде. Бәріне де кіріп көрдім. Керек мәліметімді алдым. Қазір Алланың қалауы болып, Аршат бауырымның жәрдемімен Солай.де сайтының жанынан http://www.iman.solai.de/ деген блог аштым. Қажет болады-ау деген мәліметтерді тіркеп жатырмын. Ізгі іске себепші болғаның үшін тағы да рахметімді айтамын!
Қаңтар 26, 2008 at 10:43
Бастап жатқан ісіңізге Аллаһ разы болсын!!! Сәттілік тілеймін!