Қазақ журналистикасында ірі-ірі кадрлық өзгерістер болып жатыр. Әуелі “Жас Қазақ” газетінің орынбасары Жанарбек Әшімжан бірнеше қазақ газеттерінің басын қосатын бір ұйымға басшылыққа кетті. Енді “Жас Алашта” табан аудармастан жеті жыл еңбек еткен Жұлдыз Әбділдә өз еркімен қызметтен кетті. “Қазақстан” телеарнасының басшылығы ауысып, “Алтын Орда” газетінде де басшы ауысты. Қателеспесем, биылғы жылы қазақ тілінде бірнеше басылымдар дүниеге келмекші. Бұл жайттың барлығы қазақ журналистикасына қалай әсер етер екен деген ой мазалайды. Сөзсіз өткен жылдармен салыстырғанда ілгерілеулер бар. Қазіргі ел аузында жүрген басылымдар қатарында:
- Жас қазақ (Жас алаш өз позициясын бұдан екі-үш жыл бұрын беріп алды) – сараптамалық
- Айқын – ақпараттық
- Ана тілі – ведомстволық
айтар едім. Еліміздегі ірі-ірі компанияларға тиесілі басылымдар бұқараға жақындап келе жатыр. Ал белгілі бір саяси топтың мүддесіне жұмыс істейтін газеттердің қызметін орыс тілді басылымдар атқаруда. Осылайша, Қазақстандағы қазақ және орыс тіліндегі басылымдар қоғамда атқаратын функцияларын бөліп алғаны аңғарылады. Менің айтпағым, “Жаңаеуразия” блогында Жұлдыз “Қазақ зиялыларын қапамын” атты жазбасын жариялаған екен. Сол жазбадан оның ішкі күйінішін, бүгінгі қоғамға деген аз-кем өкпесін білуге болады.
P.S. Қазақ журналистикасына жаңа бір леп келе жатқан тәрізді!





Қаңтар 19, 2008 at 13:07
Juldyz Abdildanyn Jas Alashtan ketuge ne sebep bolgan…Kazak ziyalylaryna kapamyn atty makalasyn okydym, Jas alashtyn “stilinde” jazylgan
Қаңтар 19, 2008 at 18:01
“жаңа бір леп” дегенде нені айтып отырсың?
Қаңтар 19, 2008 at 18:11
Salem! Suraging oryndy. Bul suraqty neweurasiadagy sol Juldizding maqalasynyn astyna comment retinde qoisan ol jauap beretin shygar dep oilaimyn…
Қаңтар 19, 2008 at 18:29
Жаңа бір леп деп отырғаным, жаңаша, батыл ойлап, пікірлерін именбей айтатындар келе жатқан сыңайлы дегенім ғой. Жаңа медия технология да журналистиканың қоғамдағы беделін арттыруға өз үлесін қосатын тәрізді
Қаңтар 19, 2008 at 22:02
Jana leptin soni hayirli bolsin, kazir shindik aytuga da korkatin boldik koy
Қаңтар 19, 2008 at 22:34
Негізі өзің тәрізді іштегі қыж-қыж қайнаған пікірін тасқа қайрап-қайрап, ұшып-қонып жүрген салмақсыз ойларды жалп еткізетін “форумшылар” жаңа лепті бастап келеді емес пе
Сен форумдардағы пікір айтудың өзіндік стилін қалыптастырған санаулы блогшылардың бірісің. Сондықтан есіміңді қазақ интернетінде енді-енді бүр жарып келе жатқан “азаматтық журналистиканың” көрнекті өкілдерінің қатарына қосуға болады. Солай емес пе, достар?
Қаңтар 3, 2009 at 16:42
Жұлдыз Әбділдә қәзір қайда жұмыс істейді?
Кім білсе, жазып жіберуін өтінемін
Қаңтар 4, 2009 at 11:18
Жасұлан, ол кісі “Алқа” атты газеттің редакторы, қателеспесем…