Бір досымыз өз блогында “Мұсылмандарға жаңа жыл тойлауға бола ма ?” деген сұраққа жауап іздеген екен. Ислам діні елімізде кең насихатталып жатқан тұста, осы уақытқа дейін санаға сіңген әдет-дағдыларды қайта қарап, дәстүрдің озығы мен тозығын елеп-екшеу оңай тиіп жатқан жоқ. Бір ғана мысал, жасыл шыршаны айналудың мәнісі оған тәу ету (асылында мұсылмандар тек, Қағбаны айналып тәуап қылады) екенін білсек те, бала көңілін қалдырмай әндетіп оны айналып жүреміз… Төменде ислам күнтізбесіндегі атаулы күндерді көрсетіп отырмын.
10-қаңтар – мұсылманша жаңа 1429 жылдың басы (1-мұхаррам).
19-қаңтар – Ашура күні (10-мұхаррам).
9-наурыз – 1-рабиулаууал.
19-20-наурыз – Мәуліт ан-Нәби Пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған күні (11-12 рабиулаууал Сәрсенбіден Бейсенбіге қараған түн)
4-шілде – Ережеп айының 1-жұлдызы
3-4-шілде – Рағайыб түні
29-30-шілде – Миъраж түні
3-тамыз – шағбан айының 1-жұлдызы
16-17-тамыз – Бараат түні
1-қыркүйек – Қасиетті Рамазан айының 1-жұлдызы
26-27-қыркүйек – Қадір түні (26-сынан 27-сіне қараған түн)
30-қыркүйек – Ораза айт (1-Шәууәл)
1-қазан – Ораза айт (2-Шәууәл)
2-қазан – Ораза айт (3-Шәууәл)
7-желтоқсан – Арапа күні
8-желтоқсан – Құрбан айт 1-күні (10-Зул-хиджа)
9-желтоқсан – Құрбан айт
10-желтоқсан – Құрбан айт
11-желтоқсан – Құрбан айт
29-желтоқсан – Хижра жыл басы.
Дереккөзі: “Ислам және өркениет” газеті, №01 (109) 1-10 қаңтар, 2008 жыл
-
1
Кері сілтеме (Pingback) on Jan 17th, 2008 at 19:50
[...] Мұхарам айының 9-10 күнi немесе 10-11 күнi ораза тұтылады. Нұһ а.с. кемесi ашура күнi тоқтаған. Яғни топан Ережеп айының бiрiнде басталып мұхарам айының оныншы күнi Жудди тауына тоқтаған Хз Нұһ (а.с.) және мүминдер осы күнi шүкiр етiп ораза ұстады. Қалған ризықтан ашура пiсiрдi. Яғни қалған барлық тамақ түрiн қосып пiсiрген. Ол – ашура деп аталған ерекше тамақ. Ашура күнi садақа беру, бiреуге сый ұсыну, ораза ұстау – сүннет болып табылған. [...]





Қаңтар 12, 2008 at 13:40
Рахмет саған Асхат үлкен респектімді қабыл ал, өте пайдалы нәрсені жаздың
Қаңтар 16, 2008 at 06:31
Ашура күні не істеу керек?