Менің үйіме Нигериядан футболист қонаққа келді десем, біреу сенер, біреу сенбес. Шынымды айтсам, өзім де илана алмай отырмын. Бірақ мұсылман болған соң, көмектесуіміз қажет деп шештік.
Бізбен бірге тұратын бауырымыз Х оны Дүйсенбі күні мешітте жолықтырыпты. Дубайдан Ыстамбұлға одан Алматыдан Молдоваға кетіп бара жатқан екен. Дубайда Молдовалық бір азаматпен кездесіп, ол кісі оны Молдованың бір футбол клубына шақырса керек. Содан бұл оған ақшасын аударып, билетін алып келсе, ондай клуб Молдовада жоқ екен. Алданып қалғанын сол кезде түсініпті. Одан Алматыда жүргенде қалта телефоны мен ақшасын ұрлатып алыпты. Барар жер, басар тауы қалмаған соң, мешітке келген екен. Сол жерден Х досымыз оны жолықтырыпты. Ағылшынша аз-маз түсініскен соң, жағдайды мешіт имамына айтып түсіндіреді. Имам оған барынша көмектесуде. Жататын жері болмаған соң, мешіт ішіндегі бауырларымыз оны қонақ қылыпты. Осылайша кеше біздікінде қонақтап кетті.
Кеше бұл жігіттің Қазақстанға бұдан бұрын да келгені анықталды. Суретін әзір жариялай алмаймын. Себебі Нигерияға (Лагосқа) кеткен соң, жариялаймын деп уәде беріп қойып едім. Нигериядан футболистер қазақ даласына жұмыс іздеп келеді деп кім ойлаған… Өзіміз де жұмыссыз жүргенде…
-
1
Кері сілтеме (Pingback) on Feb 6th, 2008 at 04:05
[...] мына азаматты танырсың деп [...]




Желтоқсан 29, 2007 at 07:32
Jaksy oinaityn bolsa Kazakstan kluptarymen soilesse bolady goi…
Желтоқсан 29, 2007 at 08:18
jaksy oinasa, aldamaushy edi uitip.
Желтоқсан 29, 2007 at 08:39
иә… жолы болмаған екен. Қайта мешітке келгені жақсы болыпты.
ммда… не повезло человеку. Хорошо догадался в мечеть прийти.
Желтоқсан 29, 2007 at 17:51
Әлі еліне қайтқан жоқ. Шамасы Қазақстанда қалғысы келетін тәрізді. Егер шынымен де еліне қайтқысы келсе, интернет арқылы немесе телефон арқылы үйіне хабарласып, ақша немесе ұшаққа билет сұратар еді ғой д.о.
Желтоқсан 29, 2007 at 18:01
bul jana jyldyn jana transfery bolmak)))
Қаңтар 2, 2008 at 15:45
Мүмкін оған сендердің үйлеріңде ұнап қалған шығар
Өткенде Аршат деген футболдан аздап хабары бар бір бала айтып еді, бізге африкандық доптебермендерді тарту керек деп… Олар ұзақ ойынға жақсы шыдас береді, төзімді…
Жираф етін сағынып жатса, арнайы тапсырыспен соғым алдыртуға болады… Несі бар…
Қаңтар 4, 2008 at 04:22
Кеше досым оны арбатта кездестіріпті. Өзінің жерлестерін жолықтырғанға ұқсайды. Енді Алматыда қыстайтын шығар. Түбі өзіміздің футбол алаңымыздан да көріп қалсақ, таңғалмас едім. Қайсарлығы мен табандылығы кісі қызығарлықтай…
Қаңтар 4, 2008 at 06:39
hahaha, nurgeldynin commentin okip kulgenim-ay
Қаңтар 4, 2008 at 08:41
Keibireuler tusinbei qalar dep qazaqshalap qoigan edim
Қаңтар 9, 2008 at 11:05
аа бәсе неге екі тілде жазған деп ұқпай отырмаймын ба:)
аа айтпақшы біздің аулада тұрады нигериялықтар, ҚЗда не істеп жүргендерін білмейд екенмін