Көктөбенің қысы

img_1488-custom.jpgКешелі бері Алматыда аяз. Шыңылтыр аяз бетті шымшиды. Кейбір жеке көліктер жүрмегендіктен, әрі күннің суығынан қоғамдық көліктер адамдарға лық толы.

Көктөбеде соңғы рет жазда барғанда билет алу үшін 1 сағат кезекте тұрған едім. Екі күн бұрын барып едім, адам өте аз екен. Көктебеде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Телебашняға дейін жол салуда. Шамасы туристер болашақта оның ішін де аралайтын шығар. Шанамен сырғанау қызметін іске қосыпты (кісі басына 1 мың теңге!). 1 қаңтардан бастап, “Медеу” мұз айдыныны жөндеу жұмыстары үшін жабылмақ. Алматылықтар: “Апта соңына дейін “Медеуге” барып үлгеріп қалсақ”, – деп жанталасып жүр. Бірақ мынандай аязды күні…


  1. almaty men Medeudegi aua rayi birdey bolmaydi negizinen. Misalga, kalada kun bultty bolgan kunderi tau jakta kar jauip kun shigip turadi. Sol ushin almatynin aua rayina karay Medeo/Shymbulak saparinizdi keyinge kaldirmaniz. asirese Shymbulakti.

  2. Ай, осы Алматыларыңның аязы, қары Шымкенттікіне жетпейді ме деп қорқамын.. Биылғы Шымшахардағы долы қыстың қаһары күшті… Әйтеуір, жанұяма аман-есен жетіп алғаныма қуаныштымын :)

    Ал Көктөбеге респект :)

  3. Жаңалықтарды қарап отырсам, биылғы қыс халыққа оңай тиіп отырмағанға ұқсайды. Қар көп болса, жаз берекелі болатын шығар…




Leave a Comment