«img_1076-custom-2.jpgИнтернет қолданушылар арасындағы ең үздік Қазақстан блогы» атты байқаудың нәтижелері:

  1. «Ең үздік жеке блог» Adam Kesher «Свободный радикал» (орыс тілінде)
  2. «Ең үздік ұжымдық блог» «Neweurasia Kazakhstan» (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде)
  3. «Қазақ тіліндегі ең үздік блог» «Huanyshs blog» (қазақ тілінде)
  4. «Ең танымал блог» «Блог поселка Актау» (қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерінде)

Жеңісің құтты болсын, Қуаныш! QB атынан Қуанышты (суретте) жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілеймін! Алда енді “Мәссағанның” үздіктері бар.

Бір ерекшелігі бұл байқауда басында түгелдей орыс тілінде өткелі тұрған. Дер кезінде араласқандықтан, қазақ блогтары барлық аталымдарға өтініш білдіре алатын болды. Ұйымдастырушыларға: “Не себепті қазақ тіліндегі блогтар ең үздік блог аталымына қатыса алмайды? Қазақ блогтары тек қана “қазақ тіліндегі ең үздік блогқа” қатыса алады ма, әлде барлық аталымға қатыса ма?” деп сұраған соң ғана барып, өз қателіктерін мойындап кешірім сұраған болатын. Қазылар алқасы бүгін өздерінің шешімдерін түсіндіруі керек. Қалай десек те, аталған шаралардың барлығы блогты бұқараға кең көлемде насихаттауға бағытталғаны түсінікті. Мені бәрінен де Қуанышты енді қандай сыйлық күтіп тұрғаны қызықтырады ;)


  1. Kutty bolsyn! Kuanyshqa Kuanyshtymyz!

    Endi ulken responsibility juktep aldyn moinynda!

    Osylai biikterden korine ber bauyrym!

  2. huanysh

    Rahmet!
    Barchaniz ga, blogti Bakitnur aganing koldaumen bastagan bolatinmin!
    Algisimdi aitamin@!

  3. Ұзағынан сүйіндірсін!

  4. Талабыңа нұр жауып, өнерің үстем бола берсін, Қуаныш!
    Бұдан былайғы басты мәселе – реномеге сызат түсірмеу. Ол үшін талмай ізденіс, қайрат қажет. Блогыңды көркейткен үстіне көркейте беру ісінен жаңылмассың деп сенім артамыз!

  5. Құтты болсын Қуаныш!!!
    АллаҺ саған әрдайым тек қуанышты күндер сыйласын!!!

  6. huanysh

    Rahmet!
    Koldau korsetkendernizge!

  7. erserik

    Жарайсың, Қуаныш!

  8. janna

    Qutty bolsin! Bloginiz korkeye bersin !!

  1. 1 ДИПЛОМ ҚОЛЫМА ЕНДІ ЖЕТТІ!!! « Huanysh blog

    [...] жолы Асхат аға блогында осы конкурстың нәтижесі жайлы жазылған болатын. Мен қайталап жазбау үшін, [...]




Leave a Comment