Өткенде газетті парақтап отырып, соңғы бетіндегі Көңіл айтуға көзім түсті. Таяуда ғана бір кісіден сұхбат алып едім, сол кісінің қайтыс болғаны жазылыпты. Ішім бір түрлі мұздап кетті. Диктафонда әлі күнге дейін оның дауысы сайрап тұр. Кеше сол кісінің баласы телефон шалды. Автобуста кетіп бара жатыр едім, оның үстіне суық тиігізіп алғандықтан көңілім алаңдаулы болатын. Алматының пробкасы мен автобус ішіндегі халықтың көптігі мазамды қашырды ғой деймін. “Бүгін кешке келіп, Құран оқып бересің бе?” деді ағамыз. Ауырып тұрғанымды, келе алмайтынымды білдіріп, кешірім сұрадым. Аллаһ разы болсын, мені түсінді. Десе де үйге жеткенше ойланып келдім.

Бір жылдары әріптесіміздің үйіне барып осылай Құран оқып берген болатынмын (Асылында осы сөз көкейіме қонбайды. Себебі Құран тірілер үшін түсірілген ғой). Досыма ескерткен едім: “Құран оқып болған соң, анаң ақша беріп әуре болмасын. Арамызда реніш болады”, деп. Айтқандай болмады, анасы қағазға ораулы бірнәрсені тықпалап жатты. Көптің көзінше қайтіп қасарысып тұрасың? Оның үстіне қаралы үй…

Біздің қоғам осылайша қолдан “Құран оқушы” деген бір мамандықты дүниеге әкелді. Көпшілік тіпті солай түсінетін де болды. Достарыма: “Жеті сөйлемнен (аяттан) тұратын Ықылас сүресін жаттап алсаңшы. Небір өзің түсінбейтін шетелдің өлеңдерін де жаттап жүрсің ғой” деймін. Кейінге шегере береді. Құс екеш, тоты құста Құранды айтсаң, қайталап айтып береді. Біздің кейбір бауырларымыз болса, сол құс құрлы жаттай алмағаны ма деп ойлаймын.

Құран оқу - әрине сауапты іс. Әдетте көңіл айтып барған үйге немесе бір отырыстарда Құран оқып болған соң, арабша не оқығанымды, бұл сүре қандай жағдайда түскенін айтып беруге тырысамын. Бірақ бәрі бірдей тыңдамайды. Олар үшін керек емес тәрізді. “Құран оқып болдың. Енді тыныш отыр. Мына жерде үлкен кісілер келіп отыр” деген емеурін танытады. Осыдан соң ақ қасиетті Құранға деген жұрттың көзқарасын байқап, ойланатын болдым. Бірақ Аллаһқа шүкір, жылдан жылға мұсылманша ( толық адамша) өмір сүретін достарым көбейіп келеді. Әлһамдулиллаһ!


  1. Bakytnur

    aa. olikke arnap kurannyn ayatyn bagyshtau eken goi.

  2. urimtal

    “Қазаққа Құран керек: кісі өлгенде немесе түс көргенде” деген Мұхаметжан ағамыздың өлеңі бар еді ғой.

  3. huanysh

    Endi bari sanali turde islamdi kabildap jatsa,
    tusinetin edi!

  4. Нұрғиса

    Асерли жазыпсын, Асеке.

  5. urimtal

    Келісемін, Қуаныш. Дәстүрдің озығы қайсы, тозығы қайсы екенін ажырата алатын көкірек көздері ашық болса, Құранды түсінер еді.

  6. urimtal

    Рахмет, Нұреке! Сізден үйренереміз мол.

  7. elvira

    Kurandi kaydan okip uyrendiniz?

  8. Асхат

    Ote jaqsy suraq :) Fatiha men Iqylas surelerin Turkiyada dini bilip alyp kelgen ustazdar meshitten daris alyp jurgende uiretip edi.

  9. nurgeldy

    assalamaleikum!
    Men osy teksti bizdin zhurnalistterge korsetemin.
    Rakhmet saghan.

  10. Асхат

    Саған да, Нұргелді!

  11. كريم

    Әссәләму ъалейкум уа рахмәтуллаһ!
    Бауырым, Алланың разылығын тап дегім келеді саған. Аз ғана еңбек, бірақ сауабының қаншалықты екенін мына сайттағылар білсе ғой! Имандылықты насихаттайтын басқа блогтарды білесің ба, білсең айтшы, оқып көрейік.
    Сен Алланың қорғауындасың, бауырым!

  12. urimtal

    Кәрім бауырым,
    уағалейкум ассалам, уа рахматуллаһи, уа бәрәкатуһу!
    Осы блогтағы сілтемелерден Жас қазақ пен Жандос деген блогтарды қарасаңыз жақсы болады. Өзіңіз де блог бастасаңыз болар д.о.!

  13. abuhajar

    Ассаламу алейкум. Жақсы. Өзіндік ой, тура айтылған, жақсы жазылған. Бұдан артық не керек?

  14. urimtal

    Уағалейкум ассалам! Аллаһ разы болсын!
    Құранды әлі де болса, тек белгілі бір кезде ғана оқылатын кітап деп түсінетіндердің бар екені ойлантады.

Leave a Comment