Қордай арқылы Бішкекке жеттік (Қордайда бір күн Қуаныштың нағашысының үйінде қонақтадық). Бекет басында «Кыргызстан» деген жазу көзіме оттай басылды. Суретті түсіргенім сол еді. Желке тұсымнан: «Ей, парень!» деген әмірлі дауыс естілді. Жалт қарасам, әскери киім киген жігіт ағасы маған қарай таянып келеді. Ішім қылп етті. Сурет түсіргеніме жармасқалы тұрғанын бірден түсіндім. «Пройдемте со мной. Здесь аудио, видио съемки запрещены. Все решается согласно Кыргызскому законодательству», - деді.

Тоқтағұл.jpg

Сақшылар отыратын орынға қарай кетіп барамыз. «Сейчас кофискуем ваш фотоаппарат. Вы пойдете в КНБ» деді. «Хорошо. Пойдемте. Жол көресетіңіз», - деп қоямын. Алақандай бір бөлмеге кіргізді. Бастығынан мүлікті тәркілеу қағазын сұратып, фотоаппаратымды қолына ұстатты. Әрлі бері ақтарып, ішіндегі суреттерді қарай бастады. Алайда, бір ғана «Кыргызстан» деген суреттен басқа ештеңе таппаған соң, «Больше нету?» деген сұраулы жүзбен қарады. «Дальше не успел» – дейді мені ертіп келгені миығынан күліп. Сонымен не керек әрі-бері тартқылап (может быть вы шпион, сейчас тебя отправим в КНБ т.с.с. қорқытып-үркітулер): «Суретті өшір» деді. Суретті өшірдім. Осы істе менімен бірге жүрген Қуаныштың Қордайда тұратын, бізге кеденнен өтуде жәрдемдескен жездесінің: “Қайтесің Бішкекке семинарға бара жатыр” деген сөзі себеп болды ма, фотоаппараттымды қайтарды. Бішкек қызықтары осылай кеден бекетінен басталды.

Негізі ол жерде сурет түсіруге тиым салуды айғақтайтын еш жазу жоқ еді. Менің ойымша бұл оқиғада қырғыз сақшылары бар болғаны өздерінің деңгейін ғана көрсетті. Мұндай жағдай кез келген Орта Азия елінде, әрбір адамның басынан өтуі мүмкін деген ойдамын.


  1. elvira

    :) ol jerde onday belginin turui manizdi emes. KEDEN bolgan son ol jerde suret tusiruge tiyim salingan. sizge karaganda bagim bar eken – sol KIRGIZSTAN jazuin tusirip ulgerdim :) Negizi “jili soylessen uninen jilan da shigadi” degendey, arkimmen til tabisip aluga boladi.

  2. Бақытты екенсіз ;) Ол жазу кеденнен өткеннен кейін тұрған соң, ол жазу заңмен қорғалады деп ойламаппын.
    Жылы сөйлеп, фотокамерамды аман алып қалдым. Бірақ көңілде бір салқын із қалды… Бірақ Бішкектегі арзаншылық жүрегімді жібітіп жіберді :)

  3. Kazaktar ekenin bile tura kyzyk,.. jalpy shekaradagy turatyn adamdar onbagan eken. Men Kazakstanga kirgende kinaldym, shykkanda da kinaldym goi..

    Janarbekti tipti jylauga jetip shygypty… Orta Aziya elderinde sondai bar siakty… Kushtini korseng jautendep, nashardy korsen basynyp degendei

  4. Ондай жағдайда мүләйімсіп, “кешіріңіз, әміріңізге құлдық” деп тұру керек екен. Мен солай әртістік өнеріммен құтылдым ғой :)

  5. bakhytnur, urimtal aytkan okigada bas rolde kazaktar emes, kirgizdar! (kazaktardin da asip-tasatin eshnarsesi jok arine, sonda da)

    urimtal, sizben kelispeymin, janagi jazu kedennin territoriyasinda tur. Keden tek kana passport control bolgan jer emes koy, onin aynalasinda birneshe sharshi metrdi da aladi. sol ushin okpeniz bolmasin olarga (smile).

  6. Иә. Бұл жайт маған келесі жолы Кеден басында фотоаппаратымды жасырып ұстау қажеттігін үйретті. Ешкімге өкпе жоқ. Өкпелесем өзімнің заң тарапынан сауатсыздығыма өкпелеуім қажет болар. Сонда да сіз ол суретті түсірген екенсіз. Мүмкін блогқа (өз блогыңызға) қойып, бөлісерсіз?

  7. okey. aytsaniz boldi. mina jerden karaniz – http://fotosuret.blogspot.com/

  8. сагын

    меним турки тилиндеги китапханам бар еди. соны да откизбей кояма кеденшилер?

  9. Сәлем, Сағын!
    Кеден басында ешкім лде Сіздің сумкаңызды тексермейді. Сондықтан қорықпай ақ түрік тіліндегі кітаптарыңызды тасымалдай аласыз деген ойдамын.

  10. Men eki kadr kedende tysirdim, birak kyrgyz ofizer magan oshiripsta aikalap aitty.
    Kazakhstanda sumkanim tekserdi, siz syilagan musilman kitaptari kormei kaldi. Korse, kim biledi, otkizbei bolip mumkin.

  11. Сұмдық болған екен?! Әйтеуір, фотоаппаратыңды тартып алмағандарына шүкір!

  12. сагын

    рахмет Асхат! кайдам-кайдам, ресей- казакстан шекарасынан отуім керек. орыстарга барибир гой озимиздин казактар кан ишетін шыгар. содан сескенемін. сосын китапханам 60-70 том.

  1. 1 kz.kazakhstan.neweurasia.net » Қазақ блогосферасы батыс әлеміне не үшін қажет?

    [...] Бішкек сапарынан соң, осы бір сауалдың маза бермей жүргенін жасыра алмаймын. Қазақ тілінде блог жүргізу жұмыстарын насихаттай жүріп, қоғамға таратып жатқан тың дүниенің салдарын жиі ойлаймын. Қазақ үнінің құмығып шығуын тілегендер қалай болғанда да жеңіліс тапты. Орталық Азияда жаңа медияны (ағыл.) дамытуға күш салып, қыруар қаржы бөліп жатқан шетелдік ұйымдардың (соның бірі ТОЛ) соңғы кездегі әсіре белсенділігі көзге бірден түседі. Мәселен: [...]




Leave a Comment