Қыркүйек айының 29-ында сағат 11.00-де “Bilim – Central Asia” Білім орталығында ( М.Төлебаев 31/13 **Мақатаев** көшеcінің қиылысы) қазақ блогшыларының Алматыдағы екінші кездесуі өтеді.
Кездесу тренинг форматында өткізілмек. Кездесу бағдарламасы:

  • 11.00-11.05 Танысу
  • 11.05-11.30 Блог туралы түсінік (Асхат Еркімбай – модератор)
  • 11.30.-11.40 Сұрақ-жауап
  • 11.40.-11.45 үзіліс
  • 11.50.-12.15 Үнхабар (podcast) дегеніміз не? Оны қалай дайындайды? (Қуаныш Мағзуов)
  • 12.15-12.25 Сұрақ-жауап
  • 12.25.-12.30 Үзіліс
  • 12.30-12.55. Қорытынды. Пікір ұсыныстар.

Достар. Семинар тегін өтеді. Қатысқыңыз келсе, “Семинар сізге қалай көмектеседі деп ойлайсыз?” деген жалғыз сауалға жауаппен бірге аты-жөніңіз
және координаттарыңыз көрсетілген хатты Асхатқа (urim@gmail.com), Бақытгүлге baqyt@gmail.com және Қуанышқа huan@gmail.com жолдасаңыздар болады. Қосымша сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыздар! Естеріңізде болсын, өтініштер Жұма 28-қыркүйекке дейін қабылданады. Орын саны шектеулі.


  1. Allazhar

    БІРТҰТАС ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІН НАСИХАТТАУМЕН ҚАТАР РЕСПУБЛИКАДАҒЫ ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ ДАМЫТУДА “ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ РӨЛІ
    (Пресс-релиз)
    2007 жылы 26 қыркүйек күні сағат 15.00-де «Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры жанындағы – «Қазақстан-Заман», «Президент және Халық» газеттері оқырмандарының және Қазақстан Жазушылар Одағымен бірлескен – «Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры жанындағы 30-дан аса салалық «Қазақ үні» мәдени орталықтарының ұйымдастыруымен
    Біртұтас Қазақстан халқының мәдениетін насихаттаумен қатар, Республикадағы этносаралық келісімді дамытуда «Ұрпақ тәрбиесі қоғамдық қозғалысының» рөлі (орны) атты тақырыпта семинар-кеңес өтеді.
    «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының негізгі мақсаты – қазақ өркениетін, қазақ мәдениетін зерттеп, насихаттап жүрген, ұрпақ тәрбиесіне ат салысуға талпынған азаматтарға қолдау көрсету екенін кең жұртшылыққа жеткізіп, осы істерге араласуға қабілеті-мүмкіндігі бар, ұлттық міндеттерін түсінген жандарды қордың көп салалы «Қазақ үні» мәдени Орталықтарының мүшелігіне тарту.
    Іс-шараның бағдарламасы:
    15.00 – 15.20 Тақырып бойынша баяндама. (баяндамашы: «Аллажар-қолдау» ҚҚ Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі –жазушы-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы, Махамбет сыйлығының лауреаты Совет-Хан Ғаббасов)
    15.20 – 16.00 – тақырып бойынша еркін пікір алмасу.
    16.00 – 16.45 – «Ұрпақ тәрбиесі қоғамдық қозғалысын» құрушылардың ынталы тобын бекіту. (ұсыныс жасаушы: «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының президенті Марат Бөтеев)
    16.45 – 17.00 – сусын ішу (шай, қымыз, шұбат).
    17.00 – 17.30 – ұрпақ тәрбиесіне арналған семинар-тренингтің әдістемесімен таныстыру. (таныстырушы: профессор Совет-Хан Ғаббасов)
    Семинар-кеңеске ұрпақ тәрбиесіне қатысы бар мемлекеттік құрылым өкілдері, ұрпақ тәрбиесі толғандырып жүрген қоғамдық ұйым өкілдері, жазушылар, ғалымдар, өмірлік тәжірибесі бар азаматтар қатысады деп күтілуде.
    Семинар-кеңес өтетін мекен-жай: Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы,105. Қазақстан жазушылар Одағының «Әдебиетшілер Үйі».
    Байланыс телефондары: тел/факс 225-25-11, 263-21-35, 8 777 356 0092, 8 701 277 1683, 8 701 712 4511.




Leave a Comment