Жаңаеуразиядағы блогқа орыс фантасты Михаил Юрьевтің “Үшінші Империя” атты кітабындағы ойы туралы жаздым. Ол 2053 жылы әлемде бес қана ірі ел қалады, Қазақстан Ресейге қосылады депті. Жағыңызға жылан жұмыртқаласын, Миша! Ресей баспалары орыстың осындай ұлтшылдарының шалдыр-шатпағын басып, саудаға шығаратыны қызық… Орыстар өзге елдер туралы осындай дүние жазған соң, қалайша күйінбессің. Ал енді осыған қарсы жауап ретінде қазақ журналистері бір мақала жазса, “ұлтараздықты қоздырып жатырсыңдар” деп шулайды. Біздің елде орыс көп екен деп, енді орыстардың бізге қарсы жаудырған тастарының астында қалуымыз керек пе?
-
1
Pingback on Sep 29th, 2007 at 3:18 тд
[...] Әлемде 2053 жылға қарай күрделі геосаяси өзгерістер орын алып, бес қана ірі ел қалады деген ойын «Үшінші империя» атты кітабында тарата түскен орыс фантасты Михаил Юрьевтің пікірімен автор «Мишаның мипалауы» мақаласында ұғынықты түрде тәптіштеп береді (Мишаның мипалауы). [...]



Қыркүйек 26, 2007 at 11:10 тд
Takyryptyng atyn mipalaui emes, Mishanyn Miaulauy deu kerek eken
Қыркүйек 26, 2007 at 9:00 тк
Иә, солай десе де болады