(жалғасы. Басы)
Қазақ ырым етеді, ырымы қырын кетеді
Белгілі айтыскер ақын Мұхаметжан Тазабековтің аузынан естілген бір ауыз сөз оның көзқарасын айқындап тұр. Белгілі адамдардың әңгімесін, теледидарға немесе баспасөзге берген сұхбаттарын оқығанда қандай мақал-мәтел қолданғанын байқап жүрген жақсы. Себебі әр адам өзінің мінезіне, білім деңгейіне сай әдеби сөздер қолданады. Байқасаңыз, депутаттардың көбісі: «Көш жүре түзеледі» дегенді жиі қайталайды…
Қош, айтыскер ақынның «ырымына» оралайық. Сауд Арабияда діни білімін толықтырып келген соң, Мұхаметжан Тазабековпен сұхбаттасудың сәті түсті. Қазақ даласында атеизм шаңын жұтып шала-жансар күй кешкен ислам дінін теріс түсіну белең алғаны бар. Мәкеңнің «қазақ ырым етеді, ырымы қырын кетеді» деп отырғаны осы. Сұхбат барысында оның осы көзқарасын аңғарғандықтан оған қойылар сұрақтарымның да жөн-жобасы бір қалыпқа келіп қалды.
Жақсылықты топ жарып айт
Қолым қалт еткенде интернет кезгенді ұнатамын. 22 наурыз мейрамы қарсаңындағы мақалаларымды ертерек әзірлеп қойған соң, өз-өзіме екі-үш сағаттық демалыс жарияладым. Ағылшын тіліндегі сайттарды ақтарып отырып: «Қазақ ғалымы НАТО жүлдесін жеңіп алды» деген мазмұндағы НАТО хабарын көзім шалды. Дереу оның растығын білмек болып, НАТО сайтына ендім. Міне керемт, тек хабардың өзі ғана емес, қазақ ғалымы Мұқаш Бүркітбаевпен болған сұхбаты, салтанатты рәсімде түсірілген бейнебаянның үзігі де бар екен. Ағылшын тіліндегі сайттардың озып тұрғаны осы тұс. Олар жалаң ақпарат берумен шектелмейді, бейне нұсқасын және сөйлеген кісілердің мәтіндерін де орнатып қояды. Ағылшын тілінде берілген сұхбат және НАТО мамандарының қазақ ғалымына берген бағасын жинастырып, айналдырған 20-25 минут ішінде мерекелік нөмірге мақала әзірлеп қойдым. Мақалам араға бір нөмір салып: «НАТО қазақ ғалымын мойындады» деген атпен шықты.
-
1
Pingback on Oct 18th, 2007 at 2:28 тд
[...] Бірде «НТК» телеарнасының жаңалықтар бөлімінде қызмет ететін жақын досым тақырып тауып беруін өтінген-ді. Газет шығатын күннің қарбалас болатынын сылтауратып, сыпайы ғана жауаптан жалтармақшы едім. Кенеттен таңертең жұмысқа кетіп бара жатқанда көрген тосын оқиға есіме түсе кетті. Алматының көліктері таңертеңгі уақытта көлікке кептеліп қалатынын жақсы білесің. Терезеден сыртқа қарап отыр едім, кастюм киген жігіт ағасы роликпен көше шетіндегі жолмен сырғанап кетіп барады. Иығына жолдорбасын асып алған. Шетелдікке ұқсамайды. Шамасы бір кәсіпкер болар деп ойлағанмын. Тележурналист досыма осы оқиғаны, әрі қызметкер келіншектің қызы жұмысына кешікпес үшін велосипедпен келуде әдетке айналдырғанын әңгімелеп бердім. Кейін ол осы тақырыпты пайдаланған, пайдаланбағанын білмеймін, алайда мен оған қызық тақырып ұсына алдым деп ойлаймын. Себебі, ролик киген адам арқылы, Алматыдағы өмірдің «батыстанап» бара жатқанынын, бұған көлік тығындарының себеп болып жатқанын немесе таяу арада роликтерге деген сұраныстың қымбаттай түсетінін, көшеде роликпен арнайы жүруге арналған жолдың жоқтығын т.б. мәселелерді өрбітіп қызықты сюжет жасауға болар еді. Журналист үшін көру, байқау, білгенін айту өте маңызды екенін мен сол жолы өз-өзіме тағы бір мәрте дәлеледеген едім. Қазақ қашан қалт айтқан?! Жалғасы мында [...]


Қыркүйек 22, 2007 at 6:33 тк
assalamu aleikum ))
sonda jalghasi qay jerde bunin’?
Қыркүйек 22, 2007 at 7:16 тк
Уағалейкумассалам, Жандос!
Блогспоттағы блогымда басы жарияланған еді. Әлгінде іздеп таппай қалдым. Қазір сілтемесін көрсетуге тырысамын.
Қыркүйек 22, 2007 at 7:44 тк
Жандос, жалғасы деген сөздің қасындағы басы деген сөзді түртсең мәтіннің алдыңғы бөлігін оқи аласың. Сен үшін пайдалы болуына тілектеспін.