- Журналист жортса – табады, жазса – шабады
- Дәні бар хабардың мәні бар.
- Ойы бар журналист отырмас.
- Ұйқысы бұзылған журналистің рахаты мол.
- Талантты журналист тақымын суытпайды.
- Лездеме – нөмірге берілетін мінездеме.
- Корректор көргіш болса, кезекші сезгіш болса – құп.
- Сөйлемі олақтың ойы шолақ.
- Сауалына қарай сұхбаты.
- Түннің аржағында күн бар, сөздің аржағында үн бар.
- Көзден қорықпайтындар, сөзден қорқады.
- Макет – газеттің сүйегі, тақырып – мазмұнның тиегі.
- Бұрқыратып көп жазғанша, шындықты шырқыратып аз жаз.
-
1
Кері сілтеме (Pingback) on Jan 26th, 2008 at 08:31
[...] Астана көшелерінің кереметтері Жазылған айдары Kazakh blogger, Саяхат, Қоғам by urimtal уақыты Қаңтар 26th, 2008 Жолдорбамды қамдап, бір күннің ішінде Астанаға қарай тарттым. «Атамекен-Асар» Қоғамдық бірлестігінен Жаңагүл хабарласып, «Блогтың азаматтық қоғамдағы орны» деген тақырыпта семинар өткізуге ұсыныс білдірген болатын. Оның үстіне Ригаға баратын визамды рәсімдеу үшін де елшілікке соғуым қажет. Астанада сонымен қатар Қанат досым тұрады. [...]
-
2
Кері сілтеме (Pingback) on Dec 22nd, 2008 at 05:02
[...] уақыты еді. Сәулетті ғимараттарды аралап жүргенде досым көлігімен келіп алып кетпегенде, елордамыздың бір жерінде қатып қалар ма едім… [...]





Қыркүйек 22, 2007 at 19:46
· degenderdi alip tasta!
jaman korinedi eken!
isine sattilik!
Қыркүйек 22, 2007 at 19:55
Не нәрсе жаман көрініп тұрғанын түсіне алмадым
Не де болса рахмет!
Қыркүйек 24, 2007 at 04:46
Менің компьютерімнен қарасам әрбір сөйлемнің алдында мынадай нәрсе · көрініп тұр.
Қыркүйек 24, 2007 at 05:17
Бақытгүл, Бақытнұр! Нені меңзегендеріңді енді түсіндім. Себебі менде бәрі дұрыс көрініп тұр екен. Мәтін алдындағы артық символдар мәтінді тікелей уордтан көшіргеннен пайда болған екен. Дер кезінде ескерткендеріңе рахмет. Енді дұрысталды ғой деймін.