Прага ресторанына барар болсаңыз! Қаперіңізде жүрсін!!!

1. "Просим, вода!" дегеніңіз "Су беріңізші" деген сөз. "Вада" деп айтсаңыз бұл - "сіз ұяттысыз" деген мағына береді. Сондықтан "О" дыбысын сәл созыңқырау керек екен.

2. Үстел үстінде тіс шұқитын таяқшалар таппайсыз. Есесіне сыра ішуге арналған стақанның астына қоюға арналған кішкентай төсеніш табасыз.

3. Стақандар мен қасықтардың ұзындығын көріп таңқалмаңыз!

4. Нанды әдейілеп барып сұрамасыңыз, нанды тамақпен бірге алып келмейді.


5. Егер қасық, пышағыңыз немесе шанышқыңыз тәрелке ішінде жататын болса, даяшы бұны "Тамақ жеп болды" деп түсінеді. Демде алдыңызды тазалап қояды.

  1. Эльвира

    5 пункт - барлық жерде солай, Асхат ;) өтініш - суреттегі салаттың рецептін жазып бере аласың ба?

  2. Асхат Еркімбай -

    Эльвира, шынымды айтсам, бұл суретті Сізге арнап түсірген едім. бірақ Сіздің блогта бірден жариялаудың жолын білмедім. Бұл ресторан салаты болғандықтан олар рецептін бермес. Өкінішке қарай…

Leave a Comment