Төмендегі өлеңдердің авторы − белгілі ақын Серік Ақсұңқарұлы. Осыдан бірнеше жыл бұрынғы күнделігімді парақтап отырып, оның Құран Кәрімнің кейбір сүрелерін өлең шумақтарымен өрнектеген жырларын тауып алдым. Әрине, бұл өлеңдер Қасиетті Кітаптағы өлеңнің толық хикметін жеткізе алмас. Бірақ арабша жаттаған сүрелердің мағынасын түсінуге жәрдемдесер деп ойлаймын.
Ғасыр (103)
Заманға серт!
Ал осымды қаперге:
Пенде біткен туа қауіп−қатерде!
Иман айтып,
Адалдықпен жүрсе жұрт,
Ақиқаттың ақ екенін білсе − қырт;
Азабына сабыр қылса − зарланбай,
Сол қияннан жол табады!
Сандалмай!
Кәусар (108)
О, Мұхаммед!
Саған көктен кәусар құйдым бар Нұрдан!
Раббыңа айт Намазын оқы−дағы,
Шал құрбан!
Һас дұшпаның − үрім−бұтақсыз!
Қалды ұмыт!
Сен өлмейсің!
Сенің рухың −
Мәңгілік!
Ықылас (112)
Уа, Мұхаммед!
Айт. Оларға:
Алла − Дара!
Серіксіз!
Мұң жоқ онда!
Мұқым ғалам мұқтаж оған еріксіз!
Ол туған жоқ!
Һәм біреуден туылмаған ол емес!
Адамзатта,
Ғаламзатта Ешкім оған тең емес!!!
Фәлақ (113)
О, Тәңірім!
Күн иесі!
Таң нұры!
Өзің барда тезге түсер барлығы!
Сақта мені түсі суық түнектен!
Жамандықтан − жақсылықты тұл еткен!
Сиқыршыдан − адамзатты арбаған!
Күншілдіктен − күллі жұртты күл еткен.
-
1
Кері сілтеме (Pingback) on Nov 19th, 2007 at 01:58
[...] үйге немесе бір отырыстарда Құран оқып болған соң, арабша не оқығанымды, бұл сүре қандай жағдайда түскенін айтып беруге [...]





Тамыз 26, 2009 at 17:59
Тамаша!