Ескі бір жазбаларымның арасынан тауып алдым. Бір газетке сұхбат берген адамның ойларынан. Қателеспесем, Рәтбек қажының сұхбаты ғой деймін.
Керісінше, шариғатта айтылғандай: «Кімде-кім басқа елге келсе, сол елдің ішкі ісіне араласпай, шариғатқа қарсы болмаса, дәстүр-салтын, әдет-ғұрпын сыйлап, сақтауға тырысуы керек»
«Cаясат» деген сөздің түп мағынасын араб тілінен келген «сиясатун» – басқару, басшылық ету деген ұғымды білдіреді. Ендеше, дін саясаттан мүлдем аулақ дегеніміз де біржақты түсінік. Бірақ ислам саясаты адами сайсаттан өзгешелеу.
«Хүббыл Отан, Мүнәл иман». Бұл хадистің мағынасы: «Отанды сүю иманнан». Отанын дүниеге сатқан адамға жаназа шығармаңдар.
Анығына келсек, біздің қоғамға терең ойлап, алыстан барлайтын адамдардың керегі болмай барады. ЖА, 14 қыркүйек №110, 2002 жыл (4-бет)
“Бұл халық артына рухани байлықтан, ұлағатты сөз бен ұлттық дәстүрден өзге дүние жинауға салақ-ақ”. Оралхан БӨКЕЙ.
Әрбір жақсылыққа үндеу сөзі – садақа
Діннен кейінгі күшті нәрсе – дәстүр. Ә.Бөкейханов.
Ұйыстыратын күш – дәстүр мен мақсат.

2 Replies
[...] өлеңді жоғалтып алғандай едім. Комп.тағы құжаттарды реттеп отырып, тауып алдым. Неге екенін осы бір өлеңде әділдікті аңсау, [...]
[...] өлеңді жоғалтып алғандай едім. Комп.тағы құжаттарды реттеп отырып, тауып алдым. Неге екенін осы бір өлеңде әділдікті аңсау, [...]
Leave a Comment
trackback address