Жазмыштан озмыш жоқ.
Алдымыздағы үлкен джихадтқа дайынсың ба?Сені білмеймін, өзім төрт қаруымды әлі сайлап үлгермеген тәріздімін. Нәпсімен күрес жүргізу шынымен де өте қиын.
Бүгін Орталық мешіттегі хадис дәрсі “Нәпсімен күрес” тақырыбына арналды. Мен нақтылы бір кеңестер беріледі ме деп ойлап едім. Көбіне мұсылман адам өз иманына берік болу керектігі сөз болды. Әл Ғазалидың “Ғылымның оянуы” атты еңбегінен: “Нәпсіні жеңу үшін нәпсінің пайда болуына себеп болған нәрсенің түбін жою керек” дегенді оқығаным бар. Мысалы, бір мүмін үлкен талдың түбіне келіп, намаз оқымақ болыпты. Бірақ әлгі ағашқа қонып отырған құстар шиқылықтап, ойын қайта-қайта бөліпті. Содан жайнамазын желпіп, құстарды қуып жіберіпті. Біраздан соң әлгі құстар қайта айналып, ағаштың бұтақтарына келді. Әлгі пақырыңыз көп ойланбастан, ағашты түбінен кесіп тастапты…
Намаз оқығанда ойға келетін түрлі кеселден, уайым салғырттықтан құтылу үшін осылайша оның түбін жою керек. Көбіне ойлар біздің санамызға көз арнасы, я болмаса құлақ арнасы арқылы келеді. Осы екеуіне сақ болу керек.
Шарх сүресінен үзінді келтірді.
“Босай қалсаң және тырыс. Раббыңа ғана бел байла!”
“Босай қалсаң және тырыс. Раббыңа ғана бел байла!”
деген тұстары бар еді ғой. Соны тарқатып түсіндірді. Яғни, мұсылман адам нәпсімен күресуде әлсіздік танытпауы керек.





One Reply
[...] кондукторлар да халықпен бірдей тең көріп отыр. Мәселенің түбімен күресу керек, күресетін болса. Кондукторды соққыға жыққанан не [...]