Ең үлкен жаңалықтардың бірі – қазақ тілінде блог жүргізудің қыр-сырын түсіндіретін жеке блог ашуға кеңес беретін блог пайда болып, ол пайдалы жазбалармен толығып қалыпты. Бұған дейін jai.kz микроблог арқылы танып жүрген Құдайберген(ов) қазір http://kudaibergen.com мекенінде “Блог ашу сабақтарынан” тегін дәрістер беруде.
Келгенде жаз еді. Төрт ай болды. Әлі де жапырақтар жап-жасыл. Көшеде жүрген сайын “Осылар қашан сарғайып, күз келіп, қыс түсіп, көктем келеді екен” деп ойлайтын болдым. Өткенде Ко Тың Зиға “Өмірімде алғаш рет көктемімді жоғалтып алдым” деп едім, аузы ашылып қалды.
Қалың қардың астынан иіліп шыққан бәйшешекті, ағаштың бүр жарып, айналаны жұпар иіске бөлегенін, қырдың сұлу қызғалдақтарының құлпырғанын көрмеген малайлық досыма көктемде табиғатпен бірге қыз бен жігіттердің де бойында сезімдер бүршік жара бастайтынын түсіндіре алмай-ақ қойдым…
“Қазақстан Бүгін” агенттігі төмендегідей ақпарат таратты:
Президент бір мезгілде 5000 адам мінәжат ете алатын мешіттің макеттерімен танысты.
Рәсімге қатысушылар алдында сөз сөйлеген мемлекет басшысы мешіт құрылысын Бейбітшілік және келісім, Тәуелсіздік сарайлары мен "Қазақ Елі" монументінің жанынан салу жөніндегі шешімнің кездейсоқ еместігін атап өтті. Өйткені, бұл рухани байлықты, елдің ұлы тарихы мен халықтар бірлігін айқындайтын Астананың айшықты әрі сәулетті ғимараттарының бірі болмақ.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша жаңа мешітті "Хазрет Сұлтан" деп атау ұйғарылды. Оны ұзындығы 91 метр болатын төрт мұнара айналдырып тұрады. Ғимаратта дәрет алу және неке қию жораларына арналған орынжайлар, Құран оқитын бөлмелер мен оқу-ағартушылық топтарға арналған залдар орналасады. Осы орасан зор ғимарат барлық қазіргі заман талаптарына сай келеді. Мешіт құрылысы таяу арада басталмақ.
Өткенде мен оқып жүрген корпуста бір бала H1N1 вирусын жұқтырғаны анықталды. Сол күнгі студенттердің көңіл-күйін бақылау қызық болды. Сабақта біреу түшкіріп қалса, бәрі есікке қарай қаша жөнеледі. Онымен ешкім амандаспауға тырысады. Бәрі сырттай күлімсірегенмен іштей қашқақтап тұрады.
Хазреті Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алейһи уә сәлләм):
“Ережеп (Раджаб) айының бірінші күнінде
ораза ұстау үш жылдық,
екінші күні ораза ұстау екі жылдық
және үшінші күні ораза ұстау бір жылдық кіші күнәларға кешірім болады. Одан
кейінгі әр күн бір айлық кіші күнәларға кешірім болады.”
(Жәмиу-с сағир)
Бүгін Ережеп айының 1-ші жұлдызы.
Оразаға да аз уақыт қалды. Дайындалу керек.
ЖЖ-дағы блогшылар Астанада 5 мың адамға арналған осындай мешіт салынады депті. Суретті қараған сәтте-ақ Малайзиядағы мешіттер есіме оралды. Меніңше, біздерге мешіт салғанда әр елдің стилін көшіргенше (татар, иран, араб, түрік, малай) өзіміздің стилді қалыптастырған дұрыс сияқты.
Пы.Сы. Бір жерде осы мешіт қарапайым болуы керек деген хадис бар ғой деймін. Біліп жатсаң, есіме түсіріп жіберші.
Көңілдің бұздым қамалын,
Қапаның таппай амалын…
Сағындым туған өлкемнің
Еркелей ескен самалын!!! (өрімтал)
Бұған дейін қалтафоннан блог жүргізу жайлы айтып өткен болатынмын. WP бұл істі одан да оңайлатыпты.[eng] Өз кезегінде біреуге пайдалы болар деген оймен, қалтафоннан блогқа аралда жүрсеңіз де, суретті қалай жолдауға болатынымен бөліскім келіп отыр.
Бірден айтайын бір суреттің құны қай елдің операторы болса да 15-20 теңге айналасында болуы тиіс. (Active, DG сондай кететінін білемін). Десе де алдын ала тексеріп алғанның айыбы жоқ.
WP осыдан бір айдай уақыт бұрын э.пошта арқылы блогқа жазба жазу мүмкіндігін енгізген. Яғни, блогыңызға арнайы пошта береді де, соған жіберген дүниеңіз блогыңызға (егер хатпен бірге сурет тіркеген болсаңыз ол да) жарияланады.
Ең бірінші блогыңыздың э.поштасын алу керек. Ол үшін менің шотым – менің блогтарым деген жерге барасыз. Сол жердегі блогтың тұсындағы post by email дегеннің астындағы “рұқсат” деген түймені түртесіз.
Таңдаған блогыңызға дербес адрес беріледі. Әдетте ол символдар жиынтығы болады де соңы @post.wordpress.com деп аяқталады. Соны қалтафоныңызға сақтап қоясыз, Кейін суреттеріңізді, жазбаларыңызды сол адреске жолдай бересіз.
Мен Панкор аралынан блогыма суретті солай жолдадым. Қалтафонымызда қазақша әріптер болса, автобус ішінде отырып та, сабақ үстінде отырып та блогқа жазба жаза берер ме едік
Панкор аралындағы әдемілікті тілмен айтып жеткізу қиын. Екі түн, үш күн қас қағым сәттей өте шыққандай. Теңіздің тұзды суы, алтындай сусыған құмдары мен мүлгіген жасыл тыныштығына астасқан көк аспан астындағы алаңсыз күндер де өмірімде болады екен. Әлһамдулиллаһ! Суреттер өзі-ақ сөйлесін…
Ко Тың Зи: “Досымның анасының турфирмасы бар, бізге арзан бағамен аралға тур ұйымдастыра алады” дегенде бәріміз қуана келісе кеттік. Кезекті оқуымыз аяқталып, алдымызда он күн демалыс болғандықтан, оны аз ақшамен қызықты өткізу бәріміздің де ойымызда еді.
![]()
Куала Лумпурда қазір оқушылар демалысы болғандықтан, бұл уақытта аралға билет табу өте қиын екен. Әрі барлық бағалардың “ұшып” кететін әдеттері бар. Біз барған турфирмада бізді қытай келіншек қарсы алды. Сөйтсек, бұл фирманың аралдағы төртжұлдызды қонақүймен келісімі бар екен. Бір қызығы қытайлықтар үшін баға арзан да, еуропалықтар үшін қымбаттау екен. Сөйтіп, барлық құжатты малайлық қытай досым Ко Тың Зи мен Қытайдан келген Дзаң Яңның атына тіркеп, Анжела, Ко, Дзаң төртеуміз хабрға (аралға жеткізетін арнайы кеме) дейін өз көлігімізбен баратын болдық. Коға бензиннің ақшасын жинап бердік те, Малайлықтардың ауылын аралап, жолға шығатын болдық. Куаладан таңертең сағат тоғыз шамасында шығып, хабрға түске қарай жеттік. Жақын жерде мешіт бар екен, мешітке кіріп, намазымды оқып алдым. Ко машинаны үш күнге автотұраққа қойған соң, бәріміз хабрға міндік. Бізбен бірге арабтар, немістер, үндістер де болды. Мен кеменің үстінгі қабатына шығып, айналамды суретке түсірумен болдым. Достарымның кеменің шайқалғанынан бастары айналып, жоғары шықпады. Менің әрлі-берлі суретке түсіріп жүргенімді көріп, қытайлық емес екенім аңғарылып қалса керек. Бізбен көршілес отырған ағай, қасында орамал таққан келіншек, оқушы қызы бар (қызын мектеп демалысында аралға апара жатқан болар деп ойладым) Кодан: “Достарыңмен демалып бара жатырсыңдар ма?” деп сұрады. Сосын бәрің де Кейэл (KL) куаладансыздар ма деп еді, Ко біріміздің Қазақстаннан, біріміздің Индонезиядан, енді біріміз Қытайдан келгенімізді айтты. Сөйтіп, ол кісі менің Қазақстаннан келгенімді біліп: “Оһо,” деп таңданысын жасыра алмады. Екеуміз оны-мұны айтып, сөйлесе кеттік. Ол Шанхайда қазақтарды кездестіргенін айтты. Мен оған Қазақстаннын қай жерде орналасқанын айта бастадым. Ағылшынша түсінісіп тұрғанымызды көрген әйелі: “Ағылшыны жақсы ғой, несіне тіл үйреніп жүр” дегенді айтып қалды. Сөйткенше жарты сағатта аралға де келіп жеттік. Кішкентай кемеміз жағаға тоқтағаны сол еді, бізді арнайы автобус күтіп алып, біз джунглидің ішімен қонақ үйімізге қарай тарттық. Асығыста малайлық ағайыма сау болыңыз деп айтуды да ұмытып кетіппін.
![]()
Қонақ үйде бізді малайдың ұлттық киімін киіп, гитарамен ән салған әдемі топ күтіп алды. Есімді жиып, фотоаппаратқа ұмтылғаным сол еді, біреу қолыма салқын сусын ұстатты. Күн ыстық еді, сөйтіп, бізді құдаларды күткендей қарсы алды. Қонақ үйдегі бөлмеміз сұмдық үлкен екен. Іші салқын. Тереземіз құмдары алтындай сусыған жағажайға қарайды. Балкон есігінің сыртына: “Маймылдарға тамақ бермеңіздер, есіктеріңзді жауып жүріңіздер, олар заттарыңыз бен тамақтарыңызды ұрлап әкетеді” депті. Бөлмемді аралап жүріп, төбедегі құбыланың қай жақта екенін көрсетіп қойған бағдарға түсті. “Қандай жақсы” деймін ішімнен “мен тәрізді құбыланың қай жақта екенін таппай шатаса беретіндер үшін жақсы істеп қойған екен”



